Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:52, реферат
Жаңа білімге қол жеткізу, саясаттың алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және енгізілетін инновациялардың сапасын арттыруға алып келетін байланыстарды анықтау мақсатында Қазақстан болашақта ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа неғұрлым белсенді түрде қатысады.
Қабылданатын шаралардың кешенділігін, теңгерімділігін және таргеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықтың кешенді стратегиясы әзірленетін болады.
Әлемдік инновациялық жүйеге кірігу
Жаңа білімге қол жеткізу, саясаттың
алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау
және енгізілетін инновациялардың сапасын
арттыруға алып келетін байланыстарды
анықтау мақсатында Қазақстан болашақта
ғылымды, технологияларды және инновацияларды
дамыту мәселелері бойынша халықаралық
ынтымақтастыққа неғұрлым белсенді түрде
қатысады.
Қабылданатын шаралардың кешенділігін,
теңгерімділігін және таргеттілігін қамтамасыз
ету үшін ғылымды, технологиялар мен инновацияларды
дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықтың
кешенді стратегиясы әзірленетін болады.
Бұл стратегия халықаралық ғылыми-техникалық
ынтымақтастық, сауда-саттықты елдің технологиялық
дамуының аса маңызды факторларының бірі
ретінде дамыту, ең жаңа технологияларға
қол жеткізуді қамтамасыз ететін шетелдік
инвестицияларды тарту, интеграциялық
процестерді дамыту мәселелері бойынша
нақты бағдарды белгілеп беруге тиіс.
Халықаралық ғылыми-техникалық
ынтымақтастықты жандандыру
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты
жандандыру мынадай бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
1) инновациялық және ғылыми-техникалық
салалардағы ынтымақтастықты дамытуға
бағытталған екіжақты және көпжақты халықаралық
келісімдер мен меморандумдарға қол қою;
2) ғылыми-зерттеу ұйымдары мен компаниялардың
халықаралық зерттеу бағдарламаларына
қатысуын жандандыру;
3) халықаралық оқыту бағдарламаларының,
оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының
шеңберінде Қазақстанның докторлары мен
аға ғылыми қызметкерелерінің халықаралық
ұтқырлығын жандандыру;
4) халықаралық зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты
неғұрлым тиімді дамыту үшін шетелдік
зерттеушілер үшін визалық рәсімдерді
оңайлату, қажетті зерттеу жабдықтарын,
үлгілер мен шығыс материалдарын мемлекеттік
шекара арқылы өткізуге кедергі келтіретін
тосқауылдарды жою үшін кедендік режимді
жеңілдету бөлігінде Қазақстан аумағында
бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру
шеңберіндегі жұмысқа қажетті жағдай
жасау мәселелері пысықталатын болады;
5) біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды
тарту және жалдау, қазақстандық кәсіпорындардың
қажеттіліктерін ескере отырып, шетелдік
сарапшылар мен халықаралық зерттеу орталықтарының
дерекқорын қалыптастыру жөніндегі жұмысқа
Қазақстанның шет елдердегі мекемелерін
тарту.
Сауда-саттықты
дамыту
Импорттың либералды режимі
ел үшін инновацияларға ерекше жақсы ықпалын
тигізуі мүмкін, өйткені бұл шетелдік
білімге қол жеткізуді жеңілдетеді. Импорт
бәсекелестікті күшейте отырып, тисінше
инновациялық қызметті көтермелей отырып,
экономикалық динамизм факторына да айналуы
мүмкін.
Сыртқы нарықтарға қолжетімділіктің
де кәсіпорындардың өсуіне жәрдем көрсету
үшін маңызы бар, ол ішкі нарықтардың сыйымдылығына
байланысты шектеулерді, оның ішінде инновациялар
үшін тежеуші фактор болуы мүмкін сұраныстың
қатысты түрде болмауын еңсеруге септігін
тигізеді.
Инновациялар мен жоғары технологияларды
дамытуға, жоғары технологиялы өнім жасауға
және оны сыртқы нарықтарға жылжытуға,
сондай-ақ қазақстандық компаниялардың
халықаралық бәсекеге белсенді түрде
қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды
жою Қазақстандағы инновациялық белсенді
компанияларды құру мен дамытудың маңызды
шарты болып табылады.
Технологиялық ынтымақтастық тұрғысынан
негізгі елдермен үкіметаралық бастамалар
шеңберінде бизнес-жобалар деңгейіндегі
өзара іс-қимылды жандандыру көзделеді.
Қазақстандық жоғары технологиялық экспортқа
қолдау көрсету мақсатында сыртқы экономикалық
қызметтің барлық құралдарын қоса отырып,
жобаларды сыртқы саяси деңгейде қолдау
шараларын жандандыру, сондай-ақ жоғары
технологиялы өнімнің экспорты кезінде
кедендік және салықтық жеңілдік көрсету
жоспарланып отыр.
Қазақстандық жоғары технологиялы өнімді
халықаралық нарықтарға неғұрлым тиімді
жылжыту мақсатында мүдделі органдардың
(экспортқа бағдарланған инновациялық
және жоғары технологиялы кәсіпорындар
мен компаниялар, «Технологиялық даму
жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік
қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
акционерлік қоғамы, «KaznexInvest» Экспорт
және инвестициялар жөніндегі ұлттық
агенттік» акционерлік қоғамы) үнемі өзара
іс-қимыл жасауын күшейту қажет болады.
Тікелей шетелдік инвестицияларды
тарту
Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей
шетелдік инвестицияларды негізгі алушы
болып табылады. Болашақта елге инвестициялардың
ағынын ынталандыру жөніндегі саясат
жалғасады.
Инфрақұрылымдағы, атап айтқанда, ұлттық
көлік, энергетика және телекоммуникациялар
саласындағы кемішіліктер сияқты шетелдік
тікелей инвестицияларды тежейтін факторларды
жою жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Өндірісте құру кезінде шетелдік компанияларға
қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бөлігінде
мүдделі тараптардың барлығының өзара
белсенді іс-қимыл жасауы арқылы Қазақстанда
іске асырылатын ауқымды инновациялық
және жоғары технологиялы жобаларды қолдау
мен сүйемелдеу тетіктері әрекет етеді.
Траснұлттық және жоғары технологиялы
халықаралық компанияларды Қазақстан
аумағындағы арнайы экономикалық аймақтарға
өндірістер, зерттеу орталықтарын орналастыруға
тарту негізгі қызметті жүзеге асыру үшін
жеңілдікті жағдайлар, сондай-ақ мемлекет
қатысатын компаниялар тарапынан өнімге
деген кепілдікті сұранысты ұсынумен
ынталандырылатын болады.
Сонымен бірге, шетелдік әріптестермен
жұмыс істегенде оларға тиісті технологиялар
мен зияткерлік меншік құқықтарын бере
отырып, қазақстандық кәсіпорындармен
бірлескен өндірістер ұйымдастыру мүмкіндігін,
сондай-ақ отандық кадрлар даярлау мақсатында
ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуді
және іске асыруды көздеу қажет.