Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 21:21, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Содержание

Кіріспе_______________________________________ 4
1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
1.Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8
2.Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18
3.Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25
4.Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27
2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
1.Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40
2.«айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47
3.Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55
4.Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтер
жолдары мен резервтері.
1.Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76
2.Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80
Қорытынды____________________________________92
Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-қорларын-талдау.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

II. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

 

 



 


 


   


 

 

 

 

 

 

 

Схема 1.  Кәсіпорынның негізгі қоры.

 

III. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

Инвентарлы болып әрбір бөлек  тұрған құрылыс саналады.

IV. Таратқыш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

V. Машиналар және құрал-жабдықтар. Инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

● Күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

●   Күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер).

● Өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

●  Есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

● Басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

VI. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

VII. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

VIII. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмысстолы, шкафтар, және т.б.

IX. Шаруашылық инветарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (cтолдар, шкафтар және клемдер).

X. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза плантациялары, тірі шарбақтар және т.б.).

XI. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

XII. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б.

Нарықтық экономикаға  өту жағдайында бухгалтерлік есептің  мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, мамшиндердің, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін резервтерді табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен оперативті қамтамасыз ету.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің  маңызды факторы  болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға  өту шарттары еңбек коллективін  өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі  қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтерін тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл резервтерді мұқият экономикалық талдау жүргізудің  арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлардың жағдайы  және оларды пайдалану – аналитикалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті  тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің  материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі  қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды  және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы  және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.

Қозғалыстағы – эксплуатациядағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).

Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар  және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), эксплуатациядан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.

Тоқтатылған негізгі  қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша эксплуатациясын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.

Жеке меншіктегі сол  кәсіпорынға тиесілі негізгі  қорлар. Арендаға алынған басқа бір  кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимамраттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада  (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында  (45%).

 

 

1.2. Негізгі  қорлар қозғалысы, жағдайы және  бар болу көрсеткіштері.

 

Негізгі қорлардың толық  барын көп жағдайда белгіленген  бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй;  б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған;  в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны -  бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.

Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.

 

Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12    (1.1)

 

мұндағы,   Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;

Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;

Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;

 Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың

             функционирлену уақыты;

 Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі

                                 өтіп кеткен уақыт. 

Негізгі қорлардың тозушылық  дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.

                                                        

                                                                                                                                                         


                                                                                                                                                 Тозу сомасы                                                  


                                       Негізгі қорлардың толық бастапқы құны        (1.2)

немесе      Ктозу = 1 – Кжарамд.

Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін  анықтау үшін жарамдылық коэффициенті  пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар  көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.

 

                                                   


                                                                                          Негізгі қорлардың қалдық  құны            

                                                       Толық бастапқы құн                               (1.3)


 

 

немесе     Кжарамд. = 1 - Ктозу

Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай  жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.

Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:

 

                                                Жаңа  негізгі қорлар құны                           


                                  Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны       (1.4)  

 

 

Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.

Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып  алу нәтижесінде ғана емес санымен  қатар эксплуатацияда болған негізгі  қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:

 

                                         Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны              


                                     


                                        Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны         (1.5)

 

 

Негізгі қорлардың  қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың   интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

                                             Жойылған негізгі қорлар құны  


                                       Қайта енгізілген негізгі қорлар құны       (1.6)


 

Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

Негізгі қорлардың  тек қана тозуы және өте ескіргендігінен  пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын  жою коэффициенті:

 

                                                  Жойылған негізгі қорлар құны            


                                           Негізгі қорлардың жыл басындағы  құны    (1.7)


 

Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.

Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа  бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды  пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.

Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.

Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.

Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау