Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 23:04, реферат
Бақылау жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың негіздері бөлімінде банктік қадағалаудың мәні мен әдістері, рейтингтік бағалау, талдаудың әдістемелері көрсетілген.
Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы көрсетілген.
Үшінші бөлімінде банктер жағдайының көрсеткіштері арқылы рейтингісін құрастыру көрсетілген.
Кіріспе
1.Кәсіпорынның кешенді талдау және рейтигтік бағалауы
2. Рейтингтік бағалаудың әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.Кәсіпорынның кешенді талдау және рейтигтік бағалауы
2. Рейтингтік бағалаудың әдістері
Қазіргі
кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі
материалдық және шикізаттық қорларға
негізделген индустриалды экономикадан
ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін
"ақпараттық экономикаға" ауысу болып
отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың
қоғамда алатын орнының зор екендігін
ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел
ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру заңын"
қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға
қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту,
өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты
есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі
жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық
жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін
сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс
істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық
кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді
жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды,
жинақтап толтыруды және шығарып беруді
АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз
етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
ҚР дамуы жаңа шаруашылық
принциптерге және сапалы жаңа деңгей
қарым-қатынасқа өту, экономиканың
барлық салаларының интенсивті түрде
дамуына жұмыс істеткізеді
Банк ісінің пайда болуы мен дамуы капиталмен
байланысты. Жеке меншік пайда болуы, тауар-ақша
қатынасының дамуымен қоғамдық мүлік
теңсіздігі күшейді.Жағдайы жақсы топ
өкілдері жағдайы нашарларға қарызға
ақша беруге мүмкіндіктері туды. Капитал
дамуы тығыз түрде банк дамуымен байланысты.
Қазақстанның банктік секторы өзінің
тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің
сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты
– Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің
қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау.
Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын
ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері
болып табылатын банк балансы мен қаржылық
есеп есебін талдау барысында жеке банктік
операциялардың тәуекелдік деңгейі мен
табыстылығын, өтімділігін анықтауға,
меншікті және тартылған қаражаттардың
көздерін, олардың белгілі бір мерзімге
немесе белгілі бір кезеңге орналастыру
құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк
жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің
мамандануы мен маңызын белгілеуге негізделген.
Бақылау жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың негіздері бөлімінде банктік қадағалаудың мәні мен әдістері, рейтингтік бағалау, талдаудың әдістемелері көрсетілген.
Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы көрсетілген.
Үшінші бөлімінде банктер жағдайының көрсеткіштері арқылы рейтингісін құрастыру көрсетілген.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар көрсетілген.
1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк
операциялары” Алматы 2002 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
3. Стороженко Л.А., Матвеева
И.А. Информационно-
4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова,
Н.Л.Гагарина “Экономикадағы
6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко,
Н.Л.Гагарина “Информационные
8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
9. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚ компанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны орындау кезінде оперативтік‚ статистикалық және бухгалтерлік есеп материалдары‚ олардың есептемелері‚ нормативтік және жоспарлы деректер‚ техникалық ақпарат пайдаланылады;
техника мен технологияның‚ өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-ақша қатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады.
Талдау жалпы экономика талдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндық көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынның техника деңгейін және оның экономикалық көрсеткіштерге әсерін зерделеп‚ бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердің көлеміне қарай толық талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау (шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚ еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚ пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді.
Талдау материалдары арнаулы тәсілдер мен әдістер (салыстыру‚ топтастыру‚ математикалық статистика‚ тізбекті ауыстырымдар‚ тағы басқалар) арқылы зерделеніп‚ қорытындыланады.
Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік құрылымын сипаттау