Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ». Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

K_1241_siporynny_1187_k_1241_sipkerlik__1179_yzmeti_zh_1241_ne_ony_1187_t_1199_rl.docx

— 97.35 Кб (Скачать документ)

 

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі және оның түрлері

  1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның  ұйымдық нысандары

 

    1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы

мен олқылығы.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді.

 Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

 Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

 Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

 Экономикалық ғылымда  «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген  ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік  дегеніміз – адамның бизнесте  жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың  барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан  жасағанда, барлық күш қуатын  барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада  байланыс жасау қабіліттілігі, олармен  өзара жақсы қатынастар құра  білу, бәсекелестеріне қарағанда  айналасына басқаша көз қараспен  қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің  ішінен мұндай қабілеттілікпен  оқшауланатындар жиі кездесе  қоймайды. Демек, бизнес – бұл  табыс әкелетін адамның экономикалық  қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да  адмның экономикалық қызметі, бірақ  бұл қызметті жаңа ізденіске  бағыттайды және осы жаңалықты  жүзеге асыру үшін тәуекелге  бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

           Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын  қызметтері:  
1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.  
2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.  
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.  
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлердің пайда табу мақсатында жүргізетін кәсіпорындардың тауар өндіру мен қызмет көрсету қызметін кәсіпкерлік деп білеміз. Кәсіпкерлік мынадай негізгі үш сипатқа ие:

  • Кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі тәуелсіздігі;
  • Экономикалық қатынастағы өзара тиімділік;
  • Шаруашылық тәуекелділік пен жауапкершілік.

Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.  
         Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

        Қазақстан  Республикасы Президентінің «Шаруашылық  серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік  кәсіпорын туралы» Жарлығына  сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық  серіктестігінің түріне қарай  жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

-    толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің

     жауапкершілігі  жүктеледі;

  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.

       Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік  звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары  қарай «кәсіпорын» мен «фирма»  ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы  бар: «фирма» термині жиынтық  ұғым, оған бір немесе бірнеше  кәсіпорын мен өндіріс енуі  мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір  жақты, бір өнімді өндіретін процесті  жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда  нарықтық қатынастар жағдайында  кәсіпорын өзінің өндірістік  қызметінде толық өз бетінше  еркіндігін алуда: ол барлық халық  шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық  тұрғыдан дараланған.

    Кәсіпорынның  ұйымдық түрлері алдыменен меншік  түрімен айқындалмақ. Олар мынандай  түрде болуы мүмкін:

   - азаматтар меншігіне  негізделген жеке кәсіпорындар;

   - ұжым меншігіне  негізделген кәсіпорындар.

Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Олқылығы

Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі

Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.

Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.

Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.


өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделілігі және  оның  оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.


  

 Ұжымдық кәсіпорындар  кооперативтік немесе акционерлік  түрде болуы

мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік қоғам түрінің  негізіндегі кәсіпорын, акционр  меншігінің негізінде қызмет  жасайды;

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

    Қазақстан Республикасы  Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық  қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті  дамыту туралы» республика заңдарына  кәсіпорын кез келген меншік  түрлерінде және оның өзі құрған  бірлестіктерде болу мүмкіндігі  айқындалған.

 

    1. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.

    Қазіргі кезде  нарықтық экономикасы дамыған  елдерде бірнеше миллиондаған  әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі  бойынша классификациялау қажет.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Кәсіпкерлік классификациясы

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша

Шаруашылық қызметінің сипатына қарай

Салалық қызметі бойынша

Меншік нысаны бойынша

Картельдер

Синдикаттар

(Консорциумдар)

Трестер

Концерндер

Концерн-конгломераттар

Холдинг-компаниялар

Акционерлік қоғамдар

(корпорациялар)

Кооперативтер

Серіктестіктер

Өндірістік

Саудалық

Делдалдық

Банктік

Сақтандырулық

Инвестициялық

Инновациялық

Инженеригтік

Венчурлық (тәуекелділік)

Консалтингтік

Аудиторлық

Трастолдық

Өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Сауда

Байланыс

Көлік

Қаржы несиелік

Мәдениет

Өнер

Білім

Ғылым

Денсаулық сақтау

Тұрғын үй шаруашылығы

Мемлекеттік

Қазыналық

Ұжымдық

Жалгерлік

Кооперативтік

Акционерлік

Жекелеген аралас(біріккен)

Мемлекеттік кооперативтікпен бірге

Ұжымдық жекемен бірге

Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)


Ұсақ кәсіпорындардың  ірілену процесі ірі нарықтық құрылымдардың пайда болуына әкелді – картель, концерн, трест, корпорация.

Венчурлық бизнес – ол мемлекеттің бақылауымен қауіптік деңгейі жоғары инвестициялық жобаларды іске асыру, сонымен бірге ірі компаниялар жағынан қаржыландыру мен бақылау жағдайында шағын кәсіпорындар күшімен ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.Венчурлық бизнес кәсіпорындарға азшығындармен және едәуір қысқа мерзімде инновациялық әзірлемелерді енгізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол кәсіпорындарға персонал біліктілігі, ғылыми-техникалық ақпаратқа, тәжірибелі жабдыққа қол жетімділігі бойынша қосымша талаптар қояды.

Ірі компания (франчайзер немесе франшизер) және шағын кәсіпорындар (франчайзи) тобы арасындағы серіктестіктің бір формасы ретінде франчайзинг болып табылады. Франчайзинг бір сауда белгісімен жұмыс істейтін, бірдей кәсіпорындардың кең жүйесін құруды қарастырады. Осы жүйе шеңберінде, «ноу-хауға» ие және өндірістің материалдық ресурстарының негізгі жетекшісі, берілген бизнестің негізгі ұйымдастырушысы ретінде ірі корпорация қызмет етеді. Мысалы, «Дженарал Моторс» америка компаниясы, оның жүйесінде 11мың делдал бар.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Қарастырылған қызмет сферасында көпшілікке танымал лидер «Макдоналдс» корпорациясы, «Холидей-Инн» қонақ үй бизнесі, көлікті жалға беру агенттігі «Херц», фотопленкаларды сату мен өндеу компаниясы «Кодак», техникалық қызмет станциялары «Экссон» т.б.

Субмердігерлік – тұтынушылар талабының үнемі өзгеруінен дайын өнімді өндіруге жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар үнемі өзгереді, сондықтан ірі корпорациялардың көпшілігі жинақтаушы детальдарды дербес өндірмей, олардың өндірісін шағын кәсіпорындарға беруді тиімді деп санайды.

Лизинг – ірі корпорациялар белгілі шарттарда өндірістік жабдықты шағын кәсіпорындарға жалға бере алады. Лизинг шарттарымен берілген мүлік заң түрінде оны толық сатып алуға дейін немесе лизинг берушіге қайтаруға дейін ірі корпорацияның меншігінде қалады. Кәсіпорын банкрот болған жағдайда бұл мүлікке басқа да кредиторлар тарапынан талап қойылмайды.

Қазіргі таңда Франчайзингтің бірнеше түрі бар: іскерлік, өндірістік және сауда. Іскерлік франчайзинг шағын фирманы ұйымдастыруға құқықты сатуды білдіреді, ол аналық корпорацияның атын алады және сол қызметті тандайды. Өндірістік франчайзинг, аналық компаниядан сатып алынған шикізат пен материалдарды пайдаланумен өнімді, тауарларды өндіру және өткізуге құқықты сатуды қарастыады. Сауда франчайзингі, басты компанияның сауда белгісімен тауарларды сату құқықты сатып алудан тұрады, олар тауарды сатып алады және бөлшек саудамен өткізеді.

 Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

     Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңдар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне  мемлекет  нақты қолдау көрсетеді.

         Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңды тұлға құрмай тұрып, азаматтық- құқықтық қытынастардың, әсіресе шетелдік заңды тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дережеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір  аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық  жүргізудің ірірек ұйымдық –құқықтық  түрлеріне  бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұнда шешім кәсіпкерліктің  осынау жаңа суъектілірінің еңбек материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ оңтайлыраң еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің бостандығына кепілдік беріп, қорғау және көмек көрсетумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорындарды меншік нысандарына, өндіріс саласына, ұйымдастыру нысандарына және жұмысшылар санына байланысты ажыратады. Кәсіпкерлік қызметтің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру сияқты түрлері кездеседі.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікпен айналасу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану  керектігін білу керек. 
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.  
• Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.  
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.  
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.  
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.  
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.  
           Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:  
1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.  
2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.  
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.  
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдар блок түрлерінің артықшылығы мен олқылығы :

Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Кемшілігі

Бір тұлғалы жекеленген шаруашылық

Ұйымдастырудағы қаапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі, қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі.

Капиталды тартудағы көптеген қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.


өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   
Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестерімен келісу кезіндегі шектеулілігі.

Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрінің тұрақсыздығы.

Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.


 
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:  
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.  
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.  
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,  
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.  
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.  
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.  
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.  
6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті шағын, орта және ірі деп ажыратады.

  • Шағын кәсіпкерлікке орта жылдық жұмысшылар саны елуден аспайтын жеке кәсіпкерлер және жұмысшылардың орта жылдық саны елуден аспайтын, ал активтер құны жылына алпыс мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады;
  • Орта кәсіпкерлікке орта жылдық жұмысшылар саны елуден асатын жеке кәсіпкерлер және жұмысшылардың орта жылдық саны елуден асатын бірақ екі жүз елуден аспайтын,

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

ал активтер құны жылына үш жүз жиырма бес мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады;

  • Ірі кәсіпкерлікке жұмысшылардың орта жылдық саны екі жүз елуден асып, активтер құны жылына үш жүз жиырма бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады;

 

2. Өтпелі экономика кезеңдегі  кәсіпкерлік.

2.1. Шағын кәісіпкерліктің  ролі мен алатын орны.

     Нарықтық орта  жағдайында және кәсіпорынның  толық экономикалық, құқықтық өзінше  еркіндік алуы, оған көптеген  қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп  кәсіпорынның айналасатын қызметә  шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік  экономика жағдайында негізгі  буынның іс-әрекеті тек қана  өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын  өзінің экономикалық  және әлеуметтік қызметін жалпы  мемлекеттік шаруашылық механизмі  арқылы жүзеге асырады. Аралас  әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық  экономика жағдайында мемлекет  кәсіпорынға иелік құқық бере  отырып, оның өз мүлкін, өндірген  өнімін және тапқан табыстарын  пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын  шығындары арқылы әлеуметтік  шаралардың бір бөлігін жүктейді.

     Сондықтан  да барлық кәсіпорындар меншік  түріне байланыссыз-ақ экономикалық  қызметті ғана емес, әлеуметтік  қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің  құрылымын қарастырамыз:

  • өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
  • алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж)

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.

Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды,  сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,  нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.

Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

  • масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
  • кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

          Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық  кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

         Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың  қарсаңында Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясатында  шағын кәсіпкерліктің дамуына  ерекше назар аударылады. Оның  ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда  жетекші орын алды. Бірінші кезекте  осы салада халықты жұмыспен  қамтамасыз ету тезірек өседі  және қоғамның тұрақтылығы үшін  жағдай жасалады. Осыдан аталған  мәселеге толық талдау керек.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық  саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық  фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Apple» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды  кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының  60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. 

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен  келісім арақатынастары арқасында жұмыс істейді.  Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы  монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.

80-ші жылдардың басында  шағын кәсіпорындар иелерінің  тек өз жанұяларындағы адамдарының  еңбектерін қолдануы Жапониядағы  барлық жұмыспен қамтылғандардың  32%, Италияда - 29%,    Францияда  - 21% құрады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

          Демек, шағын және орта бизнестің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.

Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

          Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.

Бесіншіден,  атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палароид» типті фотоаппараттар).

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі  бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

 Кәсіпкерліктің халықаралық  тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі  экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі  көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы  қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80ж дамыған елдердегі  болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар  мен практиктердің шағын бизнеске  қатысты бұрынғы көзқарастарынан  – шағын кәсіпорындар өмір  сүруге жарамсыз, сондықтан олар  не жоюылуы керек не ең ірі  компаниялардың маңынан құрылуы  тиіс.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай ролі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
  • оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
  • бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
  • шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
  • ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы  қаулысының үлкен ролі бар.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

2001ж басында Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерліктің  348 мың субъектілері тіркелді, бұл  елдің жұмыпен қамтылғандардың  жалпы санын  500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер  40%-на жеткізу міндеті қойылды.

 

2.2. Орта және ірі бизнестің  кәсіпкерлік қызметі және оның  көздері.

 

        Өтпелі  экономикада шағын және ірі  кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде  мемлекет меншігін жекешелендірумен  байланысты, себебі жоспарлы экономикада  барлық орта және ірі кәсіпорындар  мемлекет меншігінде болды және  тек жекешелендіру оларды дербес  және тәуелсәз етеді. Өтпелі экономикада  орта және ірі кәсіпкерліктің  жұмыс істеуі ең қиын және  ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық  сананың  стериотиптерін жоюмен  тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік  кәсіпорындар 1985ж толық шаруашылық  есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару  мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін  күресті, өнімді өткізу мен өзінің  сатып алушысын  табу мәселелері  берілген кәсіпорындар қамқорлығына  кірмеді.

        Осындай  құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар  өмірлері бойына қалыптасқан  бір сағатта өзгере алған жоқ  және нарықтық сипаттағы түсінік  пен құндылықтар қалыптаса алған  жоқ.

        Кәсіпкерлік  психологиясы тек бір уақытта  нарық қатынастарының құрылуымен  қалыптасады.  ТМД және шығыс  Европаның көптеген орта және  ірі кәсіпорындары жылжу үшін  үлкен кедергі тез өсудегі  төлем төлеу алмаушылық пен  зор ішкі қарыз болды.

        Жоспарлы  жүйенің тездетіле алынуы мен  мемлекеттік және нарықтық басқарудың  жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай  екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы  бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың  өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі  дамытуға қабілетті және қабілетсіз  деп бөлді.

3. Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды дамыту болашағы.

 

3.1. Мемлекеттік кәсіпкерлік  және макроэкономикалық реттеудің  бағдарламасы.

Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге  ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.

Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.

Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.

Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік  қоғамдар (холдингтер).

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:

1). Мемлекттік, шаруашылық  жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық  есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)

2). Қазыналық, жедел басқаруға  құқығы бар, толық емес шаруашылық  есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі  және т.б.).

Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.

Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.

Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында  Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.

Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.

Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.

Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі.

      Осы елдерде  ең қиын жылдары (1970-80ж) өнеркәсіпті  реформалау және құрылымдық қайта  құру кезеңінде ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджеттің  тапшылығы әрқашан мемлекеттің  бақылауында болды және бұл  олардың қирату салдарынан жұмсартуға  және тіпті болдырмауға жол  ашты.

     Қазақстан  Республикасы нарыққа өтудің  басында (1990ж) басқа старттық жағдайда  болды. Республика экономикасы Кеңес  Одағының халық шаруашылығы кешенімен  тығыз біріккен болды. Өндірістің  құлдырау жағдайында ақшалай  табыстардың өсуі тауар массасымен  қамтамасыз етілмеді. 1990ж халықтың  жинақтағы қалдықтары 13млрд. сом  құрады, ал қанағаттандырылмай қалған  сұраныс 17млрд. сом немесе жылдық  тауар айналымы мен ақылы қызметтердің  76%-нан көбін құрады. Жабық инфляция ашық инфляцияға ұласты және қаржы жүйесі бақылаудан шықты.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Қазақстан реформаны дербес тек 1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, 1994 жылдан бастап, жүргізе бастады. Реформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтіргендері бойынша инфляция деңгейі  13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгейінің 50%-ға жетті.

3.2. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпорындарды  дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.

“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

- жетілген салық жүйесі;

- оңайлатылған валюталық  режим;

- бюджет жүйесі;

- кедендік режим;

- тиімді есеп беру мен  есепке алу;

- жетілген банк жүйесі;

- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру жүйесі;

- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру жүйесі.

Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:

1) инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;

2) қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;

3) шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;

4) инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу;

5)  әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:

біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;

екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

1995 жылы еліміздің салық  жүйесін реформалау жылы болып  табылады, яғни жаңа салық кодексінің  және салықтық тәжірибелерді  жүргізу болып есептеледі. Республикадағы  жүргізілген салықтық реформалардың  негізгі идеясы: бюджет пайдасын  қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы  мен әділдігін іске асыру. Салық  кодексінде салық негізінің кеңеюін  анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру  және өз табысын адамдардан  салықты төмен дәрежедә алу  прнциптері қарастырылады.

Шетел қатысуы мен 100%-ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

      “Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық салық және инвестиция жөніндегі орталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

нәтижесі бойынша, , еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

Қазіргі кезеңде, жаңа салық кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқы қарыз және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Мазмұны:

 

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
  1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның нысандары
    1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
    2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
  1. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік
    1. Шағын кәсіпкерліктің ролі мен алатын орны
    2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері
  2. Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды дамыту болашағы.
    1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
    2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
    1. Қорытынды бөлім

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Мазмұны

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Кіріспе

   

        Елімізде  өтіп жатқан нарықтық қатынастар  тек экономиканы дамыту үшін  ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір  үшін де арасан зор маңызы  бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 22 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек».

Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. 

      Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.

        Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Кіріспе

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің, барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске араласады.

       Мұның  барлығы терең экономикалық білімді  қажет етеді. Қазіргі нарықтық  жағдайда тек мынадай ғана  кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарықтық талабын  аса сауаттылықпен және компоненттілікпен  анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын  және білікті қызметкерлерге  жоғары табыспен, ең сонында көп  пайданы табуды қамтамасыз ете  алатын болса, болашақта өндірісті  жүргізуге маманданған экономистер  үшін кәсіпорынның экономикалық  негізін терең білгендері қажет.

        Бұл  жұмыста халық шаруашылығының  негізгі буыны кәсіпорындардың  өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады. Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы  негізінде, жаңадан пайда болып  жатқан әр түрлі меншік формалары  мен нарық жағдайына, өндірістің  әлеуметтік- экономикалық проблемаларына  сүйенеді.

 

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Кіріспе

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теориялық бөлім

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Теориялық бөлім

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

Қорытынды

 

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы  орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич  былай деп жазады: «Нақты  ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік  Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ».

Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық  жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резертері баршылық.

Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.

Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 70 пайыздан астамы шығарылады.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны осы күнге 1453606 бірлікті құрайды, оның ішінде 233285 - шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 16%), 1021440 жеке кәсіпкерлер (70,3%) және 198881 - шаруа (фермер) қожалықтары (13,7%).

Ел өңірлерінде кәсіпкерліктің дамуын талдау ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны республикада өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24,3% ұлғайғанын және 841610 бірлікті құрағанын көрсетті, оның ішінде 62577 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 7,4%) және 7681 - орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (0,9%), 589640 жеке кәсіпкерлер (70,1%) және 181292 - шаруа (фермер) қожалықтары (21,6%).

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы ШОК белсенді субъектілерінің үлесі 57,9% құрады.

Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласында бірқатар түбейгелі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.            

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-сәуірдегі жедел мәлімет бойынша 3,2% ұлғайды және 1834,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 484,6 млрд.

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Қорытынды

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

теңге (26,4%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 1055,0 млрд.теңге (27,5%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 267,4 млрд.теңге (14,6%) жеке кәсіпкерлер және 27,2 млрд.теңге (1,5%) - шаруа (фермер) қожалықтары.

Қ.Р. Президентінің және Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті-заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар әйгілі ғалым-экономистердің зерттеулерінің негізінде диплом жұмысында келесі қорытындыларды тұжырымдадық:

  1. Кәсіпкерліктің теориялық негізіндерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстарын тектілік түсініктері дәлелденді. Ғалым-экономисттердің еңбектерін жалпылау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды.
  2. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.
  3. Кәсіпкерліктің бір түрі – қаржылық кәсіпкерліктің бөлімі сақтандыру қызметі. Қазақстан Республикасының  сақтандыру  нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары. Нарықтағы сақтандыру компанияларының орнын бағаланылды. Сақтандыру нарығынын дамуына әсер ететін факторлардың мәні ашылды.
  4. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының кәсіпкерлік орны мен баму бағыты айқындалды. Сақтандыру қызметінің түрлері, топтары, класстарының жіктелімі берілді.
  5. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі, мемлекеттік қолдау, салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру, несие ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету, нормативті құқықтық базаны жетілдіру кәсіпкерлерге көмек беру немесе жеңілдіктер тағайындау мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаларының тиімділігі айқындалды.

Осы экономикалық қызмет формасымен айналысуды ұйғарған кәсіпкерлік функцияларды орындауға әркімнің кәсіпқой біліктілігі керек, ал оған алдағы практикадан жинақталған барлық мәліметтерді тиімді игеру, яғни тек қана білім, теориялық дайындық арқылы жетуге болады.

 

 

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Қорытынды

Бет

 Орындаған

Айтмұхамет П.С.

     

Жетекші

 Сарина С.Ғ.

   

 

 Мазмұны:

 

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
  1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның нысандары
    1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
    2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
  1. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік
    1. Шағын кәсіпкерліктің ролі мен алатын орны
    2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері
  2. Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды дамыту болашағы.
    1. Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
    2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
    1. Қорытынды бөлім
    2. Есептік бөлім
         

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі және оның түрлері

         

өзг

пар

Құжат №

Қолы 

Күні 

Орындаған

Айтмұхамет П.С.

   

Мазмұны

Әдебиет

Бет 

Беттер

Жетекші

Сарина С.Ғ.

             

Жетекші

     

АЭК

Н.бақ

     

Бекітемін

     

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі және оның түрлері