Кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 21:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

Содержание

Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
2.2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
2.3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
3 Қорытынды
4 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.doc

— 143.00 Кб (Скачать документ)

 

2.3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

•Өнім және қызмет сапасы;

•Өнім және қызмет бағасы;

•Персоналдың квалификациялық деңгейі;

•Өндірістің технологиялық деңгейі;

•Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

•Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

Енді бұл факторларды ашып талдайық.

Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзак уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолданатын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:  
•Физикалық;  
•Техникалық;  
•Сенімділік;  
•Эксплуатациялық;  
•Эстетикалық;  
•Қауіпсіздік;  
•Экологиялык;  
•Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б.

Өнімнің бөсекеге қабілеттіліктің  бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Баға — өнімнің  құндық ақшалай сипаттамасы болып  табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

1.Өндіріс жалпы шығыны;

2.Қоғамдық еңбек шығыны;

3.Өнім саны;

4.Өнім қызметі мен  қасиеті; 

5.Персоналдың квалификациясы;

6.Өндірістің технологиялық деңгейі;

7.Мемлекеттің салық туралы заңы;

8.Өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар;

9.Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;

10.Өнімнің орамы; 

11.Фирманың танымалдылығы; 

12.Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;

13.Фирманың маркетингтік қызметі;

14.Өнімге сұраныс пен  ұсыныс;

15.Фирманың сФеникс нанық баға стратегиясы.  
          Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту  үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай:«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Мұнай өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне  сай болуы тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру іс-әрекеттерінің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер курстық жұмысымда өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

бірінші топ - өнімнің  сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ - өнімнің  бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ - өнімнің  тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.

Әлемдік  нарықтың  қатаң  талаптары  мен  бәсекелік  шарты отандық мұнай өнімін  өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын  қалайды.  Өйтпеген  жағдайда әлемдік нарықта осы өнім  түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ,  Израиль,  Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің  нарықтарын  игеріп  алуы  қиын  емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен,  олардың сапасына  байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика – М.: Издательство «Дело и сервис», 2002.
  2. Ивашковский С.Н. Микроэкономика: Учеб.- 3-е изд., испр – М.: Дело, 2002
  3. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика – М.: «Экономика», «Дело», 1992
  4. Гальперин В.М. Микроэкономика: учебник – СПб.: Экономическая школа, В 2-х т., 1998
  5. Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник – М: Юрайт-Издат, 2003
  6. Кац М. Микроэкономика – Минск: ООО Новое знание, 2004
  7. Пятьдесят лекций по микроэкономике: учебник – СПб.: Экономическая школа
  8. Мэнкью Н.Г. Принципы микроэкономики: учебник – СПб.: Питер, 2003
  9. Емцов Р.Г. Микроэкономика: учебник – М.: Дело и Сервис, 1999

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілігі