Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 19:14, реферат

Краткое описание

Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 Кәсіпорынның қаржылық мазмұны және оны ұйымдастыру нысандары........5

2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні....................8

3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер........................................10

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................12

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат_Касип. каржысы.docx

— 35.22 Кб (Скачать документ)

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың  толық қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген  қаржы санкцияларының жүйесімен  анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша  меншікті мүлкімен жауапты болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің  артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне  негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын  және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды  алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл  қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру  кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің  қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты  еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің  оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген  үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын  қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы  олардың өздері тапқан қаражаттары  есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға  жұмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілік  пен мүдделік — бір процестің — ша-руашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі  буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа  шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы  мен коммерциялық есептің өзара  байланысы көрінеді.

1. Жоспарлылық  қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық  нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

3. Кәсіпорындардың қаржысын  ұйымдастырудың қажетті қағидаты  — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда  елеулі өзгерістер болуда. Әріптес  кәсіпорындардың арасында деңгейлес  байланыстар күшейіп келеді, олардың  банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып  келеді. Бұл процестер салалық  құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің  мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.

 

 

3 КӘСІПОРЫННЫҢ  ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ  ІШКІ  РЕЗЕРВТЕР

 

Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше  таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды  қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының  түсімі немесе материалдың құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың  қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

 Қаржы резерві дегеніміз  - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын  жоюға және шаруашылықтардың  қызметіне қажет қалыпты жағдайларды  қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын  өндірістік және әлеуметтік дамумен  байланысты шығындарды (ойда болмаған  шығындарды) қаржыландыруға арналған  қаржы түрі.

       Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай  түсім, атқарылған қызметтен, несие   берілгендегі   алынатын   тиісті   пайыздар және   басқа   да   ақшалай   және   материалдың   түсімдер жатады.

Кәсіпорын   экономикасын   зерделеудің   негізгі   объектісіне  жататындар:

• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

•   өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;

• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

•  өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;

•  өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;

• өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

• өндірістің   қаржы   ресурстары,   шаруашылық   қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

•   кәсіпорынның жаңартпашылық  қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;

•  кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті   ұйымдастыру,   еңбекке  ақы  төлеу   жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы  — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория  және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық  емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар  және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, рефератта бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.

Бірқатар министрліктер  мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды  орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс  жүргізеді. Бұл органдар жүйенің  шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым  қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай  жатқан тауар-материал құндылықтарын  тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды  қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді  жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды  жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған  ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін  нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік  материалдарды жасайды.

Министрліктер мен жоғарғы  органдардың қаржы басқармаларының  аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың  жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың  қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру  туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.

Фирмалардағы, компаниялардағы  қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы  бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен  немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы  мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы  бөлімдері).

Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды  іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек  өнімділігі мен сапасын ынталандыру  процесінде көрінеді.   .

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, фирмалардың қаржы  бөлімдері кредит және есеп айырысу  операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен  оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестігінде  қаржыны басқаруды басқа функциялармен  қатар, жоғарғы органдар — олардың  қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы қызметтерінің  маңызды міндеттері мыналар болып  табылады:

  • табысты өсірудің жолдарын іздестіру жөне рентабелділікті арттыру;
  • өңдіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
  • есеп айырысуларды ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ералы А.Қ., Кабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, КазҰТУ, 2004 ж.
  2. Есайдар У.С. Анализ деятельности хозяйствующих субъектов: Учебное пособие - Алматы: Дәуір, 2001 г.
  3. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.
  4. Муравьева Т.В. и др. Экономика и фирмы: уч. пособие /под ред. Т.В.Муравьевой - М: Мастерство, 2002.
  5. Оразалин КЖ., Есайдар УС., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы : Алматы: АТУ баспасы, 2008.
  6. Сергеев И.В. Экономика предприятия: уч. пособие. 2-е изд перераб. и доп. М. Финансы и статистика, 2002.
  7. Төлегенов Б.Т., Карбетова З.Р., Адильханова С.А. Особенности разработки внутрифирменного планирования на предприятиях легкой и пищевой промышленности. - Алматы: АТУ баспасы, 2003.
  8. Төлегенов Б.Т. Ішкі фирмалык жоспарлау: АТУ баспасы 2003.
  9. Экономика предприятия: Учебник для вузов (под ред. проф В.Я. Горфинкеля, В.А.Шавандра - 3-е изд. перераб. и доп.) – М: ЮНИТИ, 2002.
  10. Экономика предприятия: Учебник (под ред. О.И. Волкова 2-е изд. перераб. и доп.) - М:,ИНФРА-М, 2001.
  11. Экономика предприятия (фирма). Учебник (под ред. О.И Волкова. О.В. Девяткина 3-е изд. перераб. и: доп.) - М: ИНФРА. М, 2003.
  12. Экономика предприятия (фирма). Учебник (под. ред. О.И Волкова, В.Я. Поздняковой) - М: ИНФРА-М, 2003.

Информация о работе Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер