Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз.
Кіріспе ................................................................................................................... 2
I. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері ............................................................................. 4
1.1. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар .............................................. 7
II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту .......................................................................... 9
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі ..............................................11
2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының кедергілері ...........................................13
III. Шағын кәсіпорындарды несиелеу ................................................................14
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі ..........................14
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар .....................15
IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ...................................................17
4.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ..............................................................20
Қорытынды .......................................................................................................... 23
Пайдаланылған әдебиет .......................................................................................24
Шағын кәсіпкерліктің дамуы және олардың қызмет тиімділігін арттыру еліміздегі бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін табуына өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл оның экономикадағы рөлінің жоғары болуымен де тығыз байланысты. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тек экономикалық тиімділікті ғана емес әлеуметтік тиімділікке де айтарлықтай ықпал етеді.
Сурет 1 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту келесі
мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін
жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді,
өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар
мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың
қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу
арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен
өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір
тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер
ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік,
икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын
тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз
істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен
салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық
деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына,
әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі
– бір шектеу қоятын халықтың жекелеген
топтарын (үй жұмысымен айналысушылар,
зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан
адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың
әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар
қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды
дайындау және жеткізу жолымен, көмекші
және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы
әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы
төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан
мемлекетті босату;
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.
3. Қолдау жүйесінің
Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:
2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының кедергілері
Осы барлық аталған
және басқа да шағын және орта бизнестің
экономикалық, әлеуметтік функциялары,
оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып,
экономиканың ажырамас бөлігі ретінде
қалыптастырады. Бірақ шағын және орта
бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына
кедергі болатын себептерді айтпауға
болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы
күрделі экономикалық жағдай (инфляция,
өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың
үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы
жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі,
кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық
сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті,
керісінше мемлекеттік органдардың жиі
араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың
жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның
болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің
және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
III. Шағын кәсіпорындарды несиелеу
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін:
Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында
«Казкоммерцбанк» ААҚ-мы
Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді.
Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі - бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде орын алды.
Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:
Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру жүйесін реттеу деңгейіне әсер ететін микронесиелік ұйымдардың негізгі үш моделін бөліп қарастырды:
Микронесиелендіру еңбек қызметін тұрақтандыру
бағытындағы қаржылық көмек болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде микронесиелендіру
қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып
табылатын категориялардың бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда,
облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде
қаржыландырудың ең басты қайнар көзі
ретінде қолданылады.
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар
Шағын кәсіпорын өзінің іс
- әрекетінде көптеген
Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материалдық - техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің бос артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.
Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.
Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.
Республикамызда шағын бизнесті дамыту барысында шағын кәсіпорындардың меншік істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады: