Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 07:16, курсовая работа
Талдау (грек тілінен алынғанда analisis) – құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995жылы 26 – желтоқсандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған.Жарлықтың 13 – бабында былай делінген: «Табыстар – бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмккін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс анықталады.
Қаржылық коэффиценттер
пайдаланушылардың әр түрлі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады. Кәсіпорынның төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері.
Қысқаша тұжырымдама беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.
1. Сыртқы талдау – акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.
2.Ішкі немесе басқаруды талдау – бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.
Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты міндетті төмендегідей:
Кәсіпрынның төлем қабілетілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалар болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналым кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалының құралы болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдыр сонымен бірге кәсіпорынның бар тауарлы – материалды құндлықьарының қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарызды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасына артса, онда о қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл оыс кезде оның өндірістік қзметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдыр құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарын төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілеттілігі деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттелеге нақты бір
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті 1– ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіорынның төлем қабілеттілігі екеніні білдіреді. Егер коэффициент 1–ден аз болса, онда талдау процесіде төлеу құралдарының жетіспеуі себебтерін анықтау керек.
Төлем құралдырының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеттілігі екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарының болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтеп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілетсіздігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
2.2. Ұйымның табыстылығын таңдау
Таза табыс – есепті
кезеңдегі баланстық табыс пен
жеңілдіктер есекерілген
Жоспар мен есепті кезеңдегі таза табыстың соммасының өзгерісіне және үлестік салмағына баға беріледі;
Қорлардың құрылуының факторлық талдауы жасалады;
Арнайы қорлардың қозғалысының талдауы жасалады;
Экономикалық мүмкіндіктердің тиімділік көрсеткіштерімен сәйкес жинақтау және тұтыну қорларының пайдалану тиімділігімен бағаланады.
Таза табыс ұйым қызметінің соңғы нәтижелерін сипаттайтын маңызды экономикалық категориялардың бірі. Сандық түрде таза табыс баланстық табыстан пайдадан бюджетке төленетін салықтарды, экономикалық санкциялардың, қайырымдылық қорларға аударымдарды және басқа да ұйымның пайда есебінен жабылатын шығындарын шегергенде анықталады.
Ұйымның иелігінде қалатын пайданың көлеміне ұйым төлейтін барлық салықтар әсер етеді.
Таза табысты бөлу кезінде жинақталатын және тұтынылатын бөлігінің арасында пропорцияның оңтайландыруына қол жеткізу керек:
Өндірістік даму үшін қажетті инвестиция көлемі; Ұйымның иелерінің инвестициялық капиталының табыстылықтың қажетті нормасын. Пайданың бөлінуінің пропорцияларына әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы факторлар:
Құқықтық шектеулер (пайдаға салынатын салықтардың ставкалары, резервтік қорларға пайыздық аударымдар және т.б.);
Пайданың реинвестициясы
кезінде салық жеңілдіктер
Инвестицияланатын каппиталға пайданың нарықтық нормасы, өсуі жинақталатын пайда бөлігінің үлесінің өсуімен және керісінше, оның төмендеуі кезінде тұтынылатын пайданың үлесінің өсуі қоса байқалады;
Инвестициялық ресурстардың құрылуының сыртқы көздерінің құны (оның жоғары деңгейінде пацданы қолданған тиімді және керісінше).
Ішкі факторлар:
Табыстылықтың төменгі деңгейі кезінде және сәйкесінше бөлінетін пайданың соммасы аз болған кезде оның көп бөлігі міндетті қорлар мен резервтерді құруға, артықшылығы бар акциялар бойынша девиденттерді төлеуге, әлеуметтік бағдарламаларға және т.б. жұмсалады;
Ұйымның портфелінде жоғары
табысты инвестициялық
Басталған инвестициялық жобалардың жедел аяқтау қажеттілігі;
Қаржылық левиридж коэфициентінің (тартылған және меншікті капиталдың қатынасы) қаржылық тәуекелділіктің индикаторының бірі болып табылатын, меншікті капиталдың табыстылығын анықтайтын факторлардың бірі болып табылатын деңгейі;
Инвестициялық ресурстарының құрылуының ішкі альтернативалық көздерінің болуы (негізгі құралдарды және қаржылық актив т.б. өткізуден табыс, амортизациялық қор);
Ұйымның ағымдағы өтімділік, төмен жағдайда ұйым тұтынылатын пайда бөлігін қысқарту.
Таза пайда өсіміне
салық салынатын табысты
Резервтік қорға аударымның мөлшері;
Пайдадан жеңілдік ретіндегі аударымдар мөлшері. Таза пайданың талдауының келесі кезеңі пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтау мен табыс сомасының өсу резервтерін анықтау болып табылады. Пайдаланылмаған мүмкіндіктерге ұйымның қызметіне байланысты факторлар жатады.
Жалпы табыстың өсу мүмкіндіктерін анықтаған кезде бір тектес ұйыммен салыстыра отырып талдау үлкен маңызға ие. Себебі салыстыра отырып, оның тәжиірбесін қолданған жағдайда жоғары табыстылыққа жету мүмкіндігі бар. Салыстыру үшін нақты тауар айналымын салыстыру кезінде анықталған ең жоғарғы мүмкін болатын жалпы табыстың өсіміне көбейтіп, 100 ге бөледі. Анықталған пайдаланылмаған мүмкіндітер негізінде жалпы табысты ұлғайтудың резервтерін тауар айналымына жаңа тауар ресурстарын қосу, жабдықтаушылармен тиімді есеп айырысу нысандарын қолдану, тауарды сатып алу кезінде делдалдарды қысқарту, тиімді баға саясатын жүргізу арқылы анықтауға болады.
2.3.Ұйым қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін таңдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсу кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;
Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылықкоэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасын қатынасымен анықталады:
Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.