Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 17:21, реферат

Краткое описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон срс5.docx

— 29.20 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту

 

 

 

 

 

 

                                                                   Орындаған: Жеделқан М.А  

                                                                                     ВТ-011

                                                              Тексерген: Нуралина К.

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2013

Ивестицияның пайда болуы  және даму тарихы

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып  табылады. Бұл инвестициялық қызметтің  неғұрлым белсенді және ірі ресурстар  бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық  ресурстар трансформациялануы өндірісті  дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану  бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына  келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде  банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ  мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру  және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар  және тәжірибелік түрде бағытталған  шетелдерде қалыптасқан инвестициялық  инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері  және оларға банктердің қатысу тәжірибесін  қарастырады.

Шаруашылық іс-әрекеттер  процесінде оған қатынасушылар күрделі  қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға  әрекет етуші ұйымдарды кеңейту  және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Қазақстандағы болашақ басты  міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

"Инвестиция" деген  сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен  шыққан. Енді кім инвестор, ол  не салады, не мақсатпен және  қайда салады деген сұрақтарға  жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған  пайдалары, жай адамдардың жинаған  ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен  қабылеттілік "ноу-хау", әрбір  бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен  қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық  запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

Инвестиция дегеніміз  – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік  және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық қызмет бұл  – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша  тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестициялаудың тар  кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу  және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат  құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвеетицияны жүзеге асырушы  заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капиталды  салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл күрделі  қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Кәсіпкер - бұл белгілі  бір тәуекедділікпен өз капиталың  салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала  есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Инвестицияның қызметі мен  операциялары

 

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті  қоры болып саналады. Инвестициялық  жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
    • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
    • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
    • Аймақтық бюджетке;
    • Республикалық бюджетке;

4. Өнеркәсіптік әлеуметтік  даму қорын құру.

Егер фирма салымдары  бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары  инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

1. Инвестициялаудың шектеулі  тиімділігі

2. "Замазкалау" принципі.

Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін,  инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға  немесе өзің өндіргің келеді де, бұл  операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша  проценттік мөлшерде алуға шешім  жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте  қыйын болады. Бұл станокты көп  жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу  керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу  процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.

Шет мемлекеттердегі инвестициялық  қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі

Батыс елдердің бір қатарында  қазіргі несие жүйесінде инвестициялық  банктер өздерінің дамуын алды. Батыс  елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне  еңбек бөлінісі және несие аясындағы  мамандану әкелді.

Инвестициялық банктердің негізгі  қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды  мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру  арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа  түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

1.Бірінші типті инвеегациялық  банктер.

2.Екінші типті инвестициялық  банктер. 
Мұндағы    бірінші    типті    инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

Батыс Еуропаның континенталды  елдеріне және дамушы елдерге негізінен  осы атап кеткен екінші типті инвестициялық  банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.

Инвестициялық банктердін пайда  болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен  олар  үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

Бірінші типті иңвестициялық  банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт  және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.

Бірінші типті инвестициялық  банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету  бойынша бірқатар функцияларды атқарады:

    • Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
    • Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады;
    • Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
    • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

      • Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

 

Инвестициялар бірнеше түрге  бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде  қолданылатын термин. Венчурлық капитал  үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық  капитал өзара байланыстары жоқ  жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен  жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен  салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға  әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре  береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық  фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл  шаруашылық субъектісіне табыс алу  үшін және осы шаруашылық субъектісінің  басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға  өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл  өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық  мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың  бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық  бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту