Қазақстан экономикасында ірі кәсіпорындардың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 08:28, реферат

Краткое описание

Әлемдік тәжірибе ірі бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде ірі бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін алып кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, ірі бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін ірі бизнес қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
Ірі кәсіпорын бизнесінің ҚР экономикасындағы рөлі
Қазіргі кәсіпкерліктегі интеграциялық құрылым дамуында
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат по ЭИС.docx

— 30.93 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

тақырыбы: Қазақстан экономикасында ірі кәсіпорындардың рөлі

 

 

 

Орындаған: Раимбеков Н

Қабылдаған: Қожахметов З

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2013

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  1. Ірі кәсіпорын бизнесінің ҚР экономикасындағы рөлі
  2. Қазіргі кәсіпкерліктегі интеграциялық құрылым дамуында               

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Әлемдік тәжірибе ірі бизнестің  экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін  тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде ірі  бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін алып кәсіпорындардың  толықтай қызметі оның икемділігін  артырытын маңызды сұрақтар болып  табылады. Тіпті, ірі бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу  мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан  үшін ірі бизнес қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.  
        Сонымен, ірі кәсіпорындардың одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпорындар мәселелерін шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет. 
        Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасында ең мағызды рөль атқаратын мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар, пайдалы қазбалармен айналысатын және шикізат саласындағы кәсіпорындар. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Экономиканың тірегі Соңғы он жылдықта дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы ірі нарық саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында қосылудың бірден-бір түбірі болған мемлекеттің мұнай-газ саласы, ауыр өнеркәсіп, шикізат саласындағы кәсіпорындарың статистикалық көрсеткішінің арқасында деп айтпай кетпеуге болмайды. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады. 
Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады.

 

 

 

 

1. ІРІ КӘСІПОРЫН БИЗНЕСІНІҢ  ҚР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

Қазақстан экономикасына  елеулі әсер ететін еліміздегі ең ірі  мұнай-газ компаниясы. Ең алдымен  мұнай өндіру көлемін ұлғайту, құрлықтағы және теңіздегі өндірістің тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Теңіздегі жобалар іске асып жатқандықтан, Компания теңіз қайраңында шикізат өндіру операциялары барысында қызмет көрсету саласын және инфрақұрылымын дамытуға күш салып отыр. Ел үшін стратегиялық маңызы бар жаңа маршруттар жасай отырып, көмірсутегін көп бағытта тарату жүйесін дамытып келеді. «ҚазМұнайГаздың» қатысуымен елімізде бірнеше мұнай-химия зауытын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл зауыттар негізгі шикізат ретінде Батыс Қазақстандағы кен орнында өндірілген газды пайдаланбақ. Қазақстан экономикасының басқа да жапсарлас салалары бір мезгілде қарыштап дамымайынша, мұнай-газ кешені де дұрыс дамымайды. Осы күні мұнай құрылғыларын шығаруға байланысты біздің тапсырыстарымызды 20-ға жуық отандық зауыт орындауда, компания отандық машина жасау саласына осылайша қолдау көрсетіп отыр. «ҚазМұнайГаз»-дың даму қарқыны еліміздің мұнай-газ саласына ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикасына әсерін тигізетіні сөзсіз.  
    Компания Қазақстанның мыңдаған азаматын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар біз ғылыми жобаларды қаржыландырып, кеніштерді игерудің, мұнай өндірудің инновациялық технологияларын жүзеге асырып келеміз.  
   Қазақстанның қазіргі даму стратегиясы «ҚазМұнайГазды» еліміздің мұнай-газ кешенінің ажырамас бөлшегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ұлттық жүйемен басқарудың қажетті компоненті, сыртқы экономикалық іс-әрекеттің белсенді өкілі ретінде қарастырады. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады. Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.   Бұл кеніштегі жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Өткен жылы онда негізгі геологиялық барлау жұмыстары, одан соң сейсмикалық барлау жүргізіліп, алғашқы ұңғы қазылды. Алынған мәліметтер зерттеліп, болашақта кәдеге жаратылмақ. 2009 жылға дейін біз құрылымның мұнай мен газ көп-ау деген перспективалы тұстарын табумен, құрылымның геологиялық моделін анықтаумен айналысып, екінші барлау ұңғысын орнату және оның құрылысын бастау мәселесіне байланысты кеңес беретін болады. Алдағы екі жылда мұнда геофизикалық және геологиялық зерттеулер жүргізілмек. Бұл екінші барлау ұңғысын орналастыратын орынды анықтап, тереңдігі 2500 метр болатын ұңғының құрылысын бастап, 3Д сейсмобарлау жүргізу үшін қажет.  
Әзірге Түпқарағанда дифференциалды-нормалы әдісімен электробарлау жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта алынған мәліметтерді зерттеп, бұрғылау мағлұматтарын пайдалана отырып геолого-физикалық сараптау және топтау жұмыстары жүріп жатыр.  
        Өздеріңізге белгілі, Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асырып жатқан компаниялар консорциумы биылғы маусым айының соңында Қашаған кенішін игерудің жаңа жобасын ұсынған. Осы құжат бойынша, кен орнын игеру құны 136 миллиард долларға дейін ұлғайтылды. Мұнымен қоса, мұнай өндіру мерзімі 2010 жылдың ортасына дейін шегерілді. Қашаған жобасын жүзеге асыру жоспары да біраз өзгеріске ұшыраған. Енгізілген өзгерістердің кен орнындағы қордың көлеміне еш қатысы жоқ. Мердігерлер ұсынған өзгерістер әлі қаралып жатыр. Жамбай және Аташ учаскелерінде барлау жұмыстары жүріп жатыр. Жамбайда 2003 -2005 жылдар аралығында жүргізілген сейсмобарлау нәтижелері бұл аймақта көп қызығушылық туғызған құрылымдық кен орындары бар екенін айғақтады. Олардың ішіндегі ең ірілері – «Қосарна», «Еділ» және «Қарабұлақ». Алдағы екі жылда осы өңірлерде дайындық жұмыстарын жүргізіп, алғашқы барлау ұңғыларын орнату ойда бар. Осы аралықта Аташ учаскесінде геологиялық құрылымын зерттеу мақсатында геологиялық барлау, барлау ұңғысын орнату, сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  
          Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арасында Жамбыл және Н. учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты келіссөз жүріп жатыр. Осымен бір мезгілде «ҚазМұнайГаз» Каспий Мұнай Жобасының Корей Консорциумымен «Жамбыл» жобасының аясында бірлесіп жұмыс істеудің жай-жапсарын талқылап жатыр.  
Мұнымен қоса, Компания Дархан учаскесінде бірлесіп жұмыс істеу жөнінде Қытай Каспий Мұнай Консорциумымен; Абай учаскесі бойынша «Статойл» компаниясымен; Сәтбаев учаскесі бойынша үндістандық «ONGC Videsh Limited» компаниясымен келіссөз жүргізу үстінде.  
Хвалынское кен орнын игеру шаралары аясында 2005 жылдың наурыз айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Лукойл» АҚ Ресей Федерациясында «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойған. Болашақтағы Өнімді бөлісу келісімінде (ӨБК) бұл компания қойнауды игеруші рөліне ие болады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей жағы Хвалынское кен орнын игерудің технологиялық сызбасының жобасын өзара келісіп жатса, «Лукойл-Волгоград НИПИморнефть» еншілес кәсіпорны ӨБК ТЭН (техникалық, экономикалық негіздеме) әзірлеу үстінде. Мұнымен бір мезгілде «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойлдың» мамандары Қатысушылар Келісімінің шарттарын пысықтап жатыр.    
Жоғарыда аталған процедуралардың бәрі біткен соң, соның ішінде кен орны ашылуына байланысты шығындарды тәуелсіз аудиторлық тексерістен өткізген соң «Каспий мұнай-газ компаниясы» РФ  мемлекеттік органдарына РФ Үкіметімен ӨБК шарттары бойынша келіссөздерді бастау туралы ұсыныспен шығады. Центральная құрылымын игеруді біздің Компания «Центр-Каспнефтегаз» ЖШҚ-мен («Газпром» ААҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ Бірлескен кәсіпорны) бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Екі жақ ақпарат алмасу және құпияны сақтау Келісімдеріне, құрылым комірсутек ресурстарын бірлесіп игеру принциптері туралы Келісімге қол қойған. Бұл құжаттар Центральная құрылымының Консорциум құрылғанға дейінгі бірлескен жұмыстарының шарттарын бекітіп берді. Соңғы үш жылда қажетті кешенді геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Центр-Каспнефтегаз» АҚБ өнімді бөлісу шарты негізінде Технико-экономикалық негіздеме жобасын өзара келісу шараларын аяқтады.  Жақын арада ТЭН Ресейдің мемлекеттік органдарына сараптамаға жөнелтіледі. Сондай-ақ Консорциум құру мақсатында Бірлескен іс-әрекет туралы келісім әзірленіп жатыр, содан кейін ғана тараптар өнімді бөлісу шарту бойынша жер қойнауын игеру құқығын иелену туралы бастама көтере алады.  
         Бұл жобаны жүзеге асыруды өткен жылы қолға алғанбыз. Айталық, зауыт құрылысының тұжырымдамасы жаласып, Түркияда мұнай өнімдерін пайдаланудың ұзақ мерзімдік болжамы жасалды.  
Дәл қазіргі таңда жоба бойынша стратегиялық әріптес іздестіріп жатырмыз. Жобаға қатысуы мүмкін деген компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Зауыттың қуаты мен инвестиция көлемі қатысушылар анықталып, тиісті келісімдерге қол қойылған соң ғана жарияланатын болады.  
        Біздің компания әрекеттерінің басты бағыттарының бірі – бизнестің географиясын мейлінше кеңейту. Біз өзіміз жинақтаған тәжірибеге, қолда бар капиталға және мұнай-газ ресурстарын игеруге қажетті озық технологиямызға сүйене отырып алдымызға осындай міндет қоямыз. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ел аумағынан тыс жерде инвестор ретінде әрекет етуге қауқарлы. Қазіргі кезде біз геологиялық барлау мәліметтерін алып, оны кейінірек кәдеге жаратудың жайын қарастырып жатырмыз. Түркімен жағымен сол елдегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін ақылдасу үстінде. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗІРГІ КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНДА  «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ

Мұнай-газ саласындағы  стратегиялық әріптестік туралы Келісім  екі жақтың мұнай-газ саласындағы  өзара тиімді әріптестікті одан әрі  жалғастыруға деген құлшынысын паш  етеді және онда Қазақстан мұнайын  тасымалдау және транзиттеуге, мұнай  өңдеу және мұнай химиясына байланысты уағдаластық бекітілген, сондай-ақ осы құжат аясында ӘРММК-ның  мұнай-газ инфрақұрылымын өзара  тиімді мақсаттарға бірлесіп пайдалану  жөнінде келісім бар.  
Қол қойылған Меморандумға сәйкес екі жақ Транскаспий жобасын бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның құрамына Каспийдің Қазақстан жағалауындағы мұнай ағызу терминалдары, танкерлер мен кемелер, Каспийдің Әзірбайжан жағалауындағы мұнай құю терминалдары және Баку–Тбилиси–Жейхан жүйесіне дейінгі аралықтағы жалғағыш құрылымдар кіреді. Транскаспий жүйесі – жобаланып жатқан Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесінің (ҚКТЖ) құрамдас бөлігі.  
Бұл құжатты Транскаспий жобасын жүзеге асырудағы алға жылжудың дәлелі ретінде қарастырған жөн. Оның негізгі шарттары 2006 жылы маусым айында Қазақстан мен Әзірбайжан президенттері қол қойған Мұнайды Қазақстан Республикасынан Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы Баку–Тбилиси–Жейхан жүйесінің көмегімен халықаралық нарыққа шығаруға атсалысу және көмектесу туралы Келісімде бекітілген.  
         Жоспар бойынша Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесі бастапқы кезеңде тәулігіне 500 мың тонна (жылына 23 миллион тонна) мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді. Кейін ол тәулігіне 750-ден 1200 мың баррельге (жылына 35-56 миллион тонна) ұлғайтылмақ. ҚКТЖ-ны 2011-2012 жылдары пайдалануға беру межеленіп отыр.  
         Біздің транскаспий жүйесіндегі тұжырымдамамыз жылына 20 миллион тоннаға дейін мұнайды танкерлермен тасу бағытында әзірленген. Содан кейін ғана тасымалдаудың басқа балама түрлерін қарастыра аламыз.  
Каспий теңізі арқылы газ құбырын салу мәселесіне келер болсақ, басқа жобалардың ішінде бұл жобаны да назардан тыс қалдырмаймыз. Біз оның қажеттілігі мен экономикалық тиімділігін зерттеп жатырмыз. Транскаспий газ құбырын салу жобасын жүзеге асыру туралы айту әзірге ерте.  
         Ақтау портын кеңейту жобасы «ҚазМұнайГаздың» құзырындағы мәселе емес. Оны жүзеге асыру ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік мекемесіне жүктелген. Ал Құрық портына келер болсақ, мұнда теңіз терминалын салу мәселесі талай рет қозғалды. ҚКТЖ-ның аясында Құрық портын салу – өндірістік қажеттілік. Порттың инфрақұрылымы Каспий мұнайының сапасын сақтай отырып, оны халықаралық нарыққа жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Мұнымен қоса, жаңа Құрық портын салу мәселесі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің жағалауын дамыту туралы Кешенді жоспарда да нақты көрсетілген. Бұл жоспарда мұнай құю терминалдары мен құбырларын ғана емес, сонымен бірге теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасын, кеме жөндеу және кеме жасау зауытын, темір жол, энергиямен қамтамасыз ету нысандарын және басқа да нысандарды салу қажеттігі айтылған.  
       Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҚР Үкіметінің тапсырмасымен «Тиісті инфрақұрылымы бар Құрық жұмысшылар кентінің бас жоспары және Құрық теңіз портын дамыту тұжырымдамасын» әзірлеп жатыр. Онда теңіз порты нысандарының тізбесі, орналасатын орындары, теңіз портының негізгі және қосымша инфрақұрылымдарының технико-экономикалық көрсеткіштері беріледі және жұмысшы кентін дамытудың жай-жапсары тәптіштеледі. Бұл жұмыс биылғы қараша айында аяқталады. Терминал Ескене–Құрық мұнай құбырының толық өткізгіштік мүмкіндігіне сай есептелінеді. Бұл жобаны жүзеге асыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сондықтан, 2011-2012 жылдары жаңа порт пайдалануға беріледі деген үміттеміз. Қазақстан мұнайын экспорттауда ең болашағы зор бағыттардың бірі – Қытай бағыты. Атасу–Алашанькоу – Қазақстан–Қытай алып мұнай құбыры жобасының екінші тармағы. Алғашқы тармағы – Кеңқияқ–Атырау құбыры 2003 жылы салынды. Үшінші тармақ Кеңқияқ кен орнынан бастау алып, Құмкөл кенішіне дейін жетеді. Соның арқасында біз Каспий маңындағы мұнай кеніштерін белсенді дамып келе жатқан Қытай нарығымен жалғай аламыз.  
      Қазіргі сәтте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ресейдің «АК «Транснефть» ААҚ-мен Атырау–Самара құбырының өткізу қуатын жылына 20 миллион тоннаға жеткізіп, кейінірек оны 25 миллион тоннаға дейін ұлғайту мәселесін талқылап жатыр. Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарындағы мұнайдың жеңіл сорттарын мұнайдың сапасын сақтау мақсатында рет-ретімен жөнелту технологиясын ескере отырып жұмыс істесе, құбырдың қуатын осы деңгейге дейін көтеруге болады. Осы тұста біз үшін «АК «Транснефть» ААҚ-ның Қазақстанның жеңіл сортты мұнайын рет-ретімен жөнелтудің әдістері мен іс жүзіне асуына қатысты қандай бағыт ұстанатыны өте маңызды болып тұр.  
      Қазақстан мұнайын Иран бағытында тасымалдау мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты «Тоталь», ЖҰМК (Жапонияның ұлттық мұнай компаниясы) және ИНПЕКС-пен бірлесіп Қазақсан–Түркіменстан–Иран мұнай құбыры жобасын алдын ала зерттеу жүргізіліп жатыр. Келісімге қатысушылар энергоресурстарды осы бағытта тасымалдау ғана емес, шикізатты Иранның мұнай өңдеу зауыттарында өңдеудің жайын да ақылдасып жатыр.  
       Жақында ғана «ҚазМұнайГаз» өзінің еншілес кәсіпорны «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» арқылы Румынияның Rompetrol Group NV (TRG – The Rompetrol Group) мұнай компаниясы акцияларының 75 пайызын сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойды. TRG – табыстылығы жөнінен Еуропалық Одақтағы ең ірі 25 халықаралық мұнай компанияларының бірі. Бас кеңесі Нидерландыда орналасқан, операцияларының және активтерінің көбі Францияда, Румынияда, Испанияда және Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан. TRG Еуропалық стандарттарға сәйкес өнімді тұтынушыға дер кезінде жеткізіп отырады. Бұл топ шикізатты өңдеу және сату саласында белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ барлау, өндіру операцияларын жүзеге асырады, сонымен бірге мұнай өнеркәсібінде өзге де қызмет түрлерін ұсынады. Оның қарамағында екі мұнай өңдеу зауыты және Еуропаның орталық елдерінде жанармай құю стансалар жүйесі бар. Бұл келісімді Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласындағы ең ірі уағдаластық деп атауға болады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Румыниядағы екі мұнай өңдеу зауытының күшімен өзінің өңдеу қуатын еселеп арттырып, Еуропа нарығындағы бөлшек сату жүйесін дамыта алады. TRG акцияларының негізгі бөлігін сатып алғанымыз бізге мұнай өнімдерімізді Еуропада, соның ішінде Франция, Румыния, Молдова және Болгария мемлекеттерінде сатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ TRG болашақта кең қанат жаюымызға жағдай жасайды. Мұнымен қоса, өздеріңізге белгілі, 2006 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы Naftrans Terminals акцияларының бақылау пакетін қолында ұстап отырған   Naftrans Capital Partners компаниясының біраз үлесін сатып алды. Naftrans Terminals – Грузиядағы мұнай активтерінің біразына, соның ішінде Батумидегі мұнай терминалына және мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Petrotrans  компаниясына иелік ететін компания.  
Бұл уағдаластыққа қол жеткізу арқылы ҚазМұнайГазға Қара теңізден аса пайдалы активтерге иелік етіп, өте тиімті стратегиялық және геосаяси аймақта орналасқан, жүк жіберушілерге мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың ең тиімді жолдарын ұсына алатын Батуми теңіз портын пайдалануда артықшылықтарға ие болды. Біз ҚазМұнайГазды әлемдік деңгейдегі аса ірі компания ретінде көргіміз келеді, және бұл мақсатқа жетуде сатылап алға басып келеміз. Отандық мұнай-газ өндiрушi серiктестiктерiнiң арасында бiрiншi болып ҚазМұнайГаз бағаның құлауынан төмендетілген тәуекелмен хеджирлеу бойынша  1 млн. т мұнайға келісім жасады. Хеджирлеу стратегиясы тәуекел бағалары бойынша ішкі жүйені қарастырады және мұнайға деген бағаның қалыптасуы, өндірістік қаржылық құралдың оптималды таңдауына байланысты мұнай өтімділігі  жүйесінің ақша ағымына кепілдігін қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» мұнай өнiмдерiн  Қазақстан республикасының  сыртқы нарығына қатысуын кеңейтті, сонымен  қатар украиналық «Херсонс МӨЗ» ААҚ  60% мемлекеттік акция пакетін  сатып алуға тендерде жеңiске  жетті.

         Украинаға мұнай жеткiзу мемлекетаралық келiсiммен ескертiлген. Серiктестiктiң мүдделерiн кеңейту еуразиялық экономикалық кеңiстiктегі мемлекеттiк саясаттық интеграция жауап береді. Сонымен бiрге қазақстандық мұнайды өткiзу нарықтарының диверсификация қажеттiлiгiн есепке алу керек. Белгiлi жай, елдегi мұнай 2005 жылына 1,5 ретте өседі, сондықтан Қазақстан үшiн перспективаға кепiлдiк берiлген өткiзу нарықтарын алу маңызды.

        2000 жылы ҚазМұнайГаз Қазақстан өнеркәсiбiнiң қолдау мен импорт алмастырудың бағдарламасын дамыту мақсаттарында   2,5 миллиард тг сомаға тапсырыстар салды, тапсырушы серiктестiктердiң арасында үшiншi орын ие болды. Республикадағы 18% мұнайды өндiретiн оператор болып, Қазмұнайгаз мұнай өнiмiмен нарыққа ену бойынша мiндеттеменi асыра орындады. Кәсiпорындармен отандық МӨЗдарға (39% жылғы өндiру көлемiнен) 2,3 миллион т мұнай   орнатылған. Атырау МӨЗындағы шикiзаттың өңдеу көлемін (16,3% 1999 жылға өсуi)  2,2 миллионға жеттi. Бұл республиканың барлық мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындарымен iшкi нарыққа ортақ жабдықтау көлемiнен 28% құрайды. Басқа компаниялар бұндай көрсеткішке жетпейді:  мысалығы, «Маңғыстаумұнайгаз» 13,5% өңдей отырып, тек қана іші нарықтың жалпы көлемнің 7,5% құрайды; «ТШО» 35% өңдеп, Қазақстанға 7,4%  пайызын құрамақшы болып, нәтижесінде керісінше ештеңе көрсетпейді.

        Бұдан басқа, компания жаңа жоғары технологиялы жабдықтың шығарылымының ұйымында қатысуға белсене ат салысады. Машина жасау зауыттарымен бiрлесiп  ол 2004-2006 жылдарда жабдықтың 15 жаңа түрлерiнiң шығарылымын бастауға тоқталады.

        Компанияның стратегиялық басымдылықтары 2006 жылға (тонналар 9,7 миллионға дейiн) мұнайды өндiру көлемi, оның (тонналар 3,1 миллионға дейiн) өңдеуi және (тонналар 42,7 миллионға дейiн) тасымалдауды көлемде шығаруды көздейді. Кубометрлер 137,9 миллионға дейiн газ тасымалдауды көлемдi үлкейтуге жоспарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Ең алдымен, сайып келгенде, ұлттық серiктестiктердiң мұнайлы-газды кешеннiң дамытуы, олардың мемлекеттiң мүдделерiмен негiзге алатын болады. Бұл қандай болса да дәрежелерде, Қазақстан аумағындағы көп шетелдiк серiктестiктерiнiң қызметi тексеруге мүмкiндiк бередi, Қазақстан ұлт аралық серiктестiктердiң өктемдiк жүргiзiн базарға баяулатады. Тап солдың серiктестiгi өткiзгiш мұнайлы-газды кешендегi нақтылы техникалық және инновациялық саясаттар рөлдi өз жауапкершiлiгiне алады, оның табысты дамытуы үшiн бұл маңызды.

       Мүмкiн,  мемлекет бұл компанияларды барынша  қолдауға керек. Бiрақ, ұлттық  компаниялардың басқару жиi айналымының  айғақтары бар,  мүмкiн бұған  қарамастан серiктестiктерi бар салыстырудағы  преференциялардың жоқтығы, шетел  кәсiпкерлерiне олардың акцияларының  бөлiктiң сатуын тұрақты аужай  атап өту жайт. Шетелдiк серiктестiктердiң  мұнайлы-газды кешендегi басқаратын  өндiрiстер, тiптi анықталмаған жағдай  сондықтан әлеуметтiк саланы сүйемелдеу  бойынша қосымша жүктеме көтеретiн  ұлттық серiктестiктердi тарттырады.

      Тiптi қуатты ұлттық компанияның қызметтерi негiзгi бағыттарға көмiрсутек шикiзаттың iске асыруы сұрақтарындағы маркетингтiң көлiк тақырыбынан тысқары жатқан. Сонымен бiрге,  қазақстандық көмiрсутектер және оған дейiндердi жақсы тасымалдау үшiн өте перспективалы нарықтардың анықтауында меншiктi мұнай қатысауға серiктестiк ескередi. «Қазтрансойл» менеджменттiң дамытуын принциптi жаңа деңгейге, өндiрiстiк қатынастар, кадрлық потенциалдың дамытуы және шетелдiк әрiптестерi бар, серiктестiктiң қарым қатынас қызметiнiң логикалық жалғасы холдингтiң жасауында көредi. Потенциалдық қарызшы ретiнде банктерде де, меншiктi инвестициялық жобаларды және халықаралық институттар жалпы алғанда интеграция бас позитивпен қаржы жоспарындағы холдингте көрiнеді. Жаңа серiктестiк проценттi ҚазТрансОйл және ҚазТрансГаз акциялар пакеттерiн және халықаралық Атырау қала әуежайын өзiне қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.А. Новое  время - новая экономика // Казахстан и современный  мир.-2005.-№ 1.- с. 234-259
  2. Арыстанбеков К. Экономическая  политика Казахстана  в  условиях  высокого   уровня  иностранных  инвестиций // Аль- Пари.- 2004.-№ 4.- с. 17-28
  3. http://www.kmg.kz/ru/press
  4. http://www.halyk-ipo.kz

 


Информация о работе Қазақстан экономикасында ірі кәсіпорындардың рөлі