Қаржы нарығы және делдалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 12:39, курс лекций

Краткое описание

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы рол
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опционда
Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 725.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы саясатының мақсаты  – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру.

Мемлекеттің қаржы  саясатының мазмүны, міндеттері қандай ?

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны  күрделі,олар келесі стадияларды қамтиды:

1) экономикалық заңдардың  өрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде қаржының ғылыми негізделген түжырымдамасын әзірлеу; 

2) экономикалық саясаттың  тиісті мақсаттары мен міндеттерін  негіздей отырып, қаржы саясатының  стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерлі  қаржы механизмі арқылы іс  жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның  бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.Демек,экономикалық заңдардың  іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны болып табылады.

Қазіргі кезеңде қаржы  саясатының көмегімен шешілетін  басты міндеттердің қатарына мыналарды  жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғурлым мүмкін болатын көлемін қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын  қоғамдық өндірістің сфералары арасында үтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды  белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекттің қаржы саясаты  қаржы стратегиясы мен қаржы  тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

Қаржы тактикасы қаржы  байланыстыратын ұйымдастыруды  дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай  ?

Қаржы саясатының қағидаттары келесі :

қолда бар нақты қаржы  ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

қаржы резервтерін жасау;

қаржы механизмінің дүрыс  қүрылуын қамтамасыз ету;

салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

          қаржы және кредит- ақша саясатының  тепе-тендігі.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады :

объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

нақты тарихи жағдайларды  есепке алу;

өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Қаржы саясаты нақты  шаруашылық өмірде қаржы механизмі  арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады..

Негізгі терминдер :

Қаржы

Қаржы ресурстары

Қаржы қорлары

Қаржы саясаты

Қаржы стратегиясы

Қаржы тактикасы 

Қаржы механизмі

 

Әдебиеттер :

Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев  С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.

Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.

Финансы в вопросах и  ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,

д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.

1.Бақылау сұақтары :

1.Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған  ?

2.Қаржының экономикалық  категория болу себебі неге  байланысты ?

3.Қаржының өзгеше белгілері қандай ?

4.Қаржының объективті  қажеттігі неде ?

5.Қаржы қандай функцияларды  орындайды ?

6.Қаржының қоғамдық  дамудағы ролі қандай ?

7.Қаржы саясаты дегеніміз  не ?

8.Мемлекеттің қаржы  саясатының мазмүны, міндеттері  қандай ?

9.Қаржы саясатын жүргізудің  қағидаттары қандай  ?

Тақырып 1. Қаржы  нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері

1Қаржы нарығы, делдалдары  түралы түсінік.

2.Қаржы нарығы және  оның қүрылымы.

3.Қор биржалары және  олардың қаржы нарығындағы ролі

1.Қаржы нарығының  ерекшеліктері неде?

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен  байланысты

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. 

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

2.Қаржы нарығының  құрылымы қандай ?

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына  бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады

Ақша нарығы дегеніміз  қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз  төлем қаражаттарының  нарығы

Несие  нарығы несие  бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей,  айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады 

Қаржы нарығында сатып  алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық  қатынастар болып  табылатын бағалы қағаздар нарығы  маңызды орын  алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды .”Қор  нарығы “ термині  бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық  қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық  әсіресе инвестициялық процесстерді  тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға  мүмкімдік береді.

3.Қаржы нарығының  жұмыс істеуінің қандай шарттары  бар ?

Қаржы нарыңыныің жұмыс  істеу шарттарына мыналар жатады :

  1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық)  банк тарапынан ақша айналысын  қалыпты реттеп отыру: бұған  қолма – қол және қолма –  қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

  3) несие нарығының  жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа  орналастыру; несие ресурстарының  қозғалысы орталық банктің пайыздық  есептік мөлшерлемесін, коммерциялық  банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

     Кез келген  субъектінің қаржы ресурстарына  қажеттілігі және оны қанағаттандырудың  нақты көздерімен тура келмеуі  қаржы нарығының жұмыс істеуінің  негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

    1) бәсекені  дамыту мен монополизмді шектеу  мақсатындағы материалдық өндіріс  сферасының бастапқы шаруашылық  буындарының – меншіктің барлық  нысандары кәсіпорындарының, соның  ішінде мемлекеттік сектордың  да кең дербестігі;

    2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық  жүргізуші субъектілер мен халықтың  бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын  қаржыландыру үшін несие қорын  пайдалануды тоқтату; распубликалық,  сондай –ақ жергілікті бюджеттердің  тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды  шығару арқылы жабылуы тиіс.

4.Қаржы нарығының  маңызы неде ?

    Қаржы нарығының  маңызы  бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс істеу  әкімшіл - әміршіл экономикаға тән  «сатылас»  әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

   Қаржы нарығы  бағалы қағаздардың бағасын белгілеу  жолымен бизнестің нақтылы құнын  бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

    Қаржы нарығының  болуы инфляцияны тежейді, өйткені  бюджет тапшылығын жабу үшін  үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды,  рынокте еркін жүретін, бағасы  сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

     Экономикалық  реформа процесінде қаржы рыногінің  қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың  дағдарысын тудыратын және оның  инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға  кезігеді.

   Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

    Қаржы нарығының  дамуы халықтың көпшілік бөлігінің  тұрмыс деңгейінің төмендігінен  тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

   Қаржы нарығыныің  жұмыс істеуінің маңызды факторы  сонымен қатар саяси тұрақтылық  болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының  жандануы корпоративтік бағалы  қағаздарды – экономиканың нақты  секторы кәсіпорындарының акциялары  мен облигацияларын шығару және  олардың айналысын жандандыру  кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы  уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

    Инвестициялық  институттар, қор биржалары, биржадан  тыс сауда, депозит мекемелері  түріндегі құрамды элементтерді  қамтитын ұлттық қор жүйесін  қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар