Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:16, реферат
Экономикалық өсу- шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу- ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлеуетті ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді.
1. Экономикалық өсу, экономикалық даму түсінігі
2. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өндірістің дамуы
3. Қазақстан Республикасының өндірістік салаларының даму жоспары
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР өндірістік салаларына
талдау жасау
Орындаған: Перепис А.Е.
Тексерген: Иляшева Г.К.
Жоспар:
Экономикалық өсу- шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу- ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлеуетті ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті жаңа тауар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.
Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары:
Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері. Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж.Б.Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған:
еңбек
Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.Оларға жатады:
Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.
Сонымен, сыртқы және ішкі экономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:
Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық, сапалық) қарай бөлінетін факторлар бар:
Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық өнім өндіру байланысты.Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді болу жатады.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салалары:
Тау-кен металлургия кешені
Айларға бөліп қарағанда метал кенін қазу және металлургия өнеркәсібінің өндірісі әркелкі қалып көрсетеді. Дегенмен, метал кенін қазу және металлургия өнеркәсібі өндірісінің ай сайынғы өсу қарқыны бүтіндей өнеркәсіптің қарқынынан жоғары болып отыр. Ағымдағы жылдың мамырында осы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 3,4% көп металл кені қазылған, ал металлургия өнеркәсібінің өндірісі – 3,1% көбірек.
Өнеркәсіптің, металл кенін қазудың және металлургияның НКИ (өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты % өлшеммен)
Қазақстанда мұнай және табиғи
газ шығару салаларындағы белсенділік
мұнай шығару көлемінің жоғарлануынан
байқалады.
Тау-кен, металлургия өндірісі жағдайының
сараптамасы ҚР Статистика жөніндегі
агенттігінің 2011 ж. мамыр айындағы мәліметтері
бойынша темір кенін қазу алдыңғы аймен
салыстырғанда 32,4 мың тоннаға, мыс кенін
қазу 198,7 мың тоннаға, айырылмаған болат
25,9 мың тоннаға, ферроқорытпа өндірісі
9,3 мың тоннаға көбейгені байқалды.
Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен
Ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 2011 жылдың сәуірінде жалдамалы жұмыскерлердің саны өнеркәсіптің барлық салалары бойынша дерлік аздап көбейген. Тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласында 184959 адамнан 185609 адамға дейін, өңдеуші өнеркәсіпте 385277 адамнан 386572 адамға дейін көбейген, ал металлургия өнеркәсібінде 122599 адамнан 122882 адамға дейін. Тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласында қызмет ететіндердің саны 1% жоғарлаған.
Машина жасау
Қазақстанда өндірілген машина
жасау саласы өнімдерінің осы
сияқты шетелдік өнімдермен бәсекеге
қабілетсіздігінің негізгі
Дегенмен машина жасау кәсіпорындарының
қазіргі жағдайының сараптамасы өндіріс
көлемінің ұлғайғанын көрсетті, осылайша
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің
деректері бойынша 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында
машина жасау өндірісінде көлемі 171 974 млн.теңгені
құрайтын немесе 2010 ж. сәйкесінше мерзіміндегі
өндіріс көлемінен 29,0% артық өнім шығарылды,
ал жалпы өнеркәсіп тек 5,8% ұлғайды. 2011
ж. мамыр айында машина жасау өндірісінің
көлемі төмендеп 39 250 млн.теңгені құрады,
ал 2010 жылдың сәйкесінше мерзіміне қарай
ФКИ 129,0%, құрады.
Айларға бөліп қарағанда көлемнің ең көп
өсуі автокөліктер, трейлерлер және жартылай
тіркемелі көліктер өндірісінен байқлады,
мұнда 2010 жылдың мамыр айымен салыстырғанда
2011 жылдың мамырында НКИ 226,9% құрады, компьютерлер,
электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде
сәйкесінше 64,6% құрады. 2011 жылдың наурызында
өткен жылдың наурызымен салыстырғанда
компьютерлер, электронды және оптикалық
өнімдер өндірісіндегі жалдамалы жұмыскерлердің
саны 2648 адамнан 1 386 дейін немесе 47,7% қысқарды,
басқа санаттарға қосылмаған машиналар
мен құрал-жабдықтар өндірісінде олардың
саны 16990 адамнан 18 092 адамға дейін, немесе
6,5% өсті. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша
компьютерлер, электронды және оптикалық
өнімдер өндірісі 2011 жылдың сәуірінде
2010 жылдағы 2 400 көрсеткішінен 1 312 дейін,
немесе 45,3% төмендеді, басқа санаттарға
қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтардың
өндірісі 16 114 көрсеткішінен 17 159 дейін,
немесе 6,5% көбейді.
Нақты инвестициялар мен инновациялардың
болмауы (негізінен меншікті қаражат есебінен)
сала мекемелерінің артта қалуына және
шетелдік анаоогтарымен салыстырғанда
шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігіне
алып келеді.
Ағымдағы кезең ішінде машиналар мен жабдықтарды
жөндеу және орнату 82 827 млн. теңге сомаға
жүргізілді, нақты көлем индексі - 129,8%
құрады.
Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар
мен жабдықтар жасау өндірісінде 25 749 млн.
теңге сомаға өнім өндірілді, нақты көлем
индексі - 124,3% құрады
2011 жылдың қаңтарсәуір айларында жер үсті
көліктерінің, ұшқыш аппараттардың, жүзгіш
құралдардың және көлікке жататын құрылғылар
мен құрал-жабдықтардың экспорты 33 894,3
мың. АҚШ долл., өткен жылдың сәйкесінше
мерзімімен салыстырғанда өсім 198,8% құрады.
2011 ж. қаңтар-сәуір айларында ақпаратты
автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың
блоктары; санағыш құрылғылар, ақпаратты
кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді
ауыстыру машиналары бойынша импорт 1 038,0
дананы құрап, 204,7% көбейді, жеңіл автокөліктер
бойынша 6 968,0 дананы құрап, 110,0% көбейді,
қоғамдық көлік құралдары, іштей жанатын
піспек қозғалтқышты моторлы жолаушылар
көліктері бойынша өсім өткен жылдың сәйкесінше
кезеңімен салыстырғанда 259,6% құрады. өндірілген,
нақты көлем индексі - 93,6% құрады.
Химиялық өнеркәсіп
Қазақстанның химия өнеркәсібі
фосфориттердің бай қорларына, мұнайгаз
өнеркәсібінің дамуына, күкіртті газдарды
пайдаға асыруға, түрлі тұздардың үлкен
қорларына негізделеді. Өнеркәсіптік
өнімнің республикалық көлеміндегі химия
саласының үлесі айталықтай емес; соңғы
жылдар ішінде ол өзгермеді деуге болады
және 0,9% құрады.
Химия өнеркәсібінде өнім өндірудің қаңтар-мамыр
кезеңі бойынша құндық көрсеткіштері
56 675 млн. тенге құрады. Нақты көлемінің
индексі –124,1 %. 2010 жылдың ұқсас кезеңімен
салыстырғанда өндірістің 24,1 %-ға өсімі
байқалды.
Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)
Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен
2011 жылдың сәуірінде химиялық
өнеркәсіп өндірісіндегі
2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында химиялық
өнеркәсіптің өнеркәсіптік инвестор-мекемелердің
негізгі капиталына құйылған инвестициялар
8 137,7 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың
сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда
282,5% жоғары. Инвестиция қаражатының 65,4%
заем қаражатынан тұрады.
Фармацевтикалық өнеркәсіп
Қазақстанның фармацевтикалық
өнеркәсібінің сараптамасы
Осылайша, 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында
негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің
көлемі 8 423 млн.теңгені құрады және сәйкесінше
мерзіммен салыстырғанда ФКИ 99,2% құрады.
Мамыр айында 1 490 млн.теңгеге немесе 2010
ж. мамыр айымен салыстырғанда 75,9% өнім
өндірілген. Және айларға бөлңп қарағанда
фармацевтикалық өнімді өндіру динамикасының
тербеліс амплитудасы өте жоғары, бұл
тұтынудың мерзімділігімен байланысты
болып отыр.
НКИ (өткен жылдың сәйкесінше кезеңіне қатысты % өлшеммен)
Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі
Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі
үшін шикізат базасы шынында жоқ,
дәстүрлі түрде қажетті ағаштың
70% сырттан әкелінеді. Дегенмен, Қазақстанның
ағаш өңдеуші және жиһаз жасаушы кәсіпорындарындағы
өндірістің өсуі өткізу нарығының кеңеюі,
жаңа технологияларды игеру нәтижесінде
өнімнің өзіндік құнының төмендеуі есебінен
мүмкін болды.
2011 ж. қаңтар-мамыр айларында жиһаздан
басқа ағаш және тоздан жасалған бұйымдар
өндірісінің; сабан мен өруге арналған
материалдардан жасалған бұйымдар өндірісінің
көлемі 4 272 млн.теңгеге тең болды, бұл өткен
жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткіштен
17,8% артық болып табылады. Жиһаз өндірісі
бойынша – көлемі 9 229 млн.теңгені және
сәйкесінше 37,1% құрады. Алдыңғы айға қарағанда
төмендеуді байқауға болады - ағаш және
тоз бұйымдары өндірісі бойынша ФКИ –
63,0% және жиһаз өндірісі – сәйкесінше
81,8%.
Өнеркәсіптің
және ағаш өңдеуші және жиһаз өнеркәсібінің
НКИ
(өткен жылдың сәйкесінше
айына қатысты % өлшеммен)
Жеңіл өнеркәсіп
Тоқыма және тігін өнеркәсібінің
Қазақстанның экономикасы үшін маңызы
зор. Тоқыма өнеркәсібін дамыту үшін шикізат
базасы жеткілікті, дегенмен, жеңіл өнеркәсіптің
дамуының жалпы сараптамасы оның елдің
өнеркәсібінің көлеміндегі үлесінің төмендеуімен
сипатталады. 2011 жылдың мамыр айында тоқыма
өнімдері өндірісінің өндірістің жалпы
көлеміндегі үлесі 0,1% құрады.
2011 ж. қаңтар-мамыр айдарындағы тоқыма
бұйымдар өндірісінің көлемі 6 407 млн.теңгені
құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің
67,7% құрайды, ағымдағы жылдың мамыр айындағы
НКИ өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты
95,1% құрады. 2011ж. қаңтар-мамыр айларында
киім өндірісі бойынша өсім байқалды –
5 175 млн.теңге (өткен жылдың сәйкесінше
кезеңіндегі көрсеткішке қатысты 117,2%),
былғары және былғарыға жататын өнімдердің
өндіріс көлемі 1 630 млн.теңге (сәйкесінше
112,3%).
Экономикалық
қызметтің түрлері бойынша
Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен
ҚР 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Таукен-металлургия өнеркәсібі
Таукен-металлургия өнеркәсібі
саясатының басты мақсаты шикізатты
ел ішінде максималды түрде өңдеу, базалық
металлдарға шығу және машина жасау,
құрылыс индустриясы және басқа
да өнеркәсіп салаларын дамытуды
қамтамасыз ететін жоғары өңдеуден өткен
өнімдерді өндіру. Қойылған мақсатты
іске асыру Қазақстан