ҚР ұлттық инновациялық инфрақұрылымының дамуының экономикалық механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 20:42, реферат

Краткое описание

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновациялық инфрақұрылымның дамуы.doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)

ҚР ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

 

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің  жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200млн. АҚШ долларынан асып отыр.

Қазіргі стратегиялық міндет – бәсекеге қабілетті елдердің қатарына лайықты орын алу.

Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалармен кезiкті: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды, бірінші кезекте  шағын және орта бизнес субъектілерін  дамытуды ынталандырудың пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады. Ол инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті, басқару дағдыларын жетілдіру үшін "терезе" болып табылады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын жағдай ұйымдарға инфрақұрылымдық ресурстарды тартуға, өз шығыстарын елеулі қысқартуға, ал арнайы экономикалық аймақтар жағдайында жеңілдік салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жағдайында ұлттық инновациялық жүйенің дамуында мемлекет мынадай рөл атқарады:

• инновациялық дамудың механизмдерін  әзірлеп, технологиялық дамуды болжайды;

• инновациялық даму үшін қолайлы  жағдай жасап, оның құралдарын дамытады;

• инновациялық инфрақұрылымның дамуына  қатысады.

Ұлттық инновациялық жүйенің құрылымы инновациялық инфрақұрылым, ғылыми әлеует, кәсіпкерлік, қаржы инфрақұрылымы  сияқты өзара байланысты элементтерден құралады.

Қазақстанда инновациялық процестердің даму деңгейі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сипаттауға тиіс. Инновация  экономиканың жаңа даму деңгейінде экономикалық өсудің стратегиялық факторына айналып отыр. Іргелі ғылым мемлекетаралық бөгеуілдерді еңсере отырып, ұлттық экономиканың дамуына көмектеседі. Осының мысалы ретінде нанотехнологияларды, биотехнолгияларды, көмірсутегі технолгияларын, ядролық технологияларды, ақпараттық –коммуникациялық технолгияларды жатқызуға болады.

Қазіргі күні, мыналар Қазақстан  Республикасының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементтері  болып табылады:

1) арнайы экономикалық аймақ  - қызметтің басымды түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалатын дәл белгіленген шекаралармен Қазақстан Республикасының шектелген аумағы;

2) индустриялық аймақ - Қазақстан  Республикасының Жер кодексімен  және Қазақстан Республикасының  өзге де заңдарымен белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік объектілерді орналастыру және пайдалану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерге мемлекет ұсынатын, коммуникациялармен қамтамасыз етілген, ауыл шаруашылығындағы емес мақсаттағы жер;

3) технологиялық парк  - негізгі  қызметі инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын бірыңғай материалдық-техникалық кешен меншігінің құқығына ие заңды тұлға немесе консорциум;

4) бизнес-инкубаторлар - өндірістік  үй-жайларды, жабдықты, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну жолымен олардың қалыптасу кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін құрылатын заңды тұлға. 

Ұлттық инновациялық жүйені ойдағыдай  дамыту үшін республикада «Ғылым туралы», «Авторлық және салалас құқықтар туралы », «ҚР патенттік заңы», «Инновациялық қызмет туралы» және т.б. заңдар қабылданды.

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі  кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастыратын  және экономиканың салаларын әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына және дамудың шикізаттан бетбұрыс жсауға бағытталған «Қазақстан Республикасының индустриялдық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы » қабылданды. Бағдарламаны іске асыруда жаңа салалар мен нарықтарға енгізілген қуаттар игеріледі. Тауарлар мен қызметтердің өсу қарқыны мұнай мен газ өндірісінен артып, экономика мен экспорт салаларының  құрылымдары әртараптандырылады. 1, 392б.

Инновация дегеніміз – фирмалар үшін, рынок үшін, тіпті бүкіл әлем үшін өнім мен үдерісті коммерциялық талдау болып табылады. Ал, технологияны игеру дегеніміз қолданыстағы технологияны, өнім мен үдеріс әлеуетін әлі қолданылмаған жаңа жағдай аясында іске асыру.

Неліктен инновация соншалықты маңызға ие деген сұрақ туындайды. Өйткені, табиғи байлық пен сыртқы қаржы көздері тұрақты емес. Тек инновация мен технологияны игеру ғана өнімділікті арттыру көзі екенін түсінген жөн. Есте сақтайтын бір мысал, өнімділік артқан кезде ғана бәсекеге қабілеттілік күшейеді.

Қазақстанның жаңа технологияны игеру үшін пайдаланатын және өнімділік үдерісіне жұмсайтын қазба байлығы бар. Ірі компанияларға шетелдік жаңа технологияларды алу үшін, өнімділік үдерісін арттыру үшін, мамандарды дайындау және жаңа өнімге икемделу үшін мол қаражат керек. Бұл дегеніңіз, инновацияны меңгеру жолындағы мемлекеттің даму әлеуетін байқатады. Ол үшін не керек? Әуелі, техникамен жұмыс істей алатын тәжірибе және басқару шеберлігі керек. Ол білімділікті талап етеді. Сосын ақпараттық технологиялар, шетелдік тапсырыс берушілер мен халықаралық рынок алаңына шығатын мүмкіншілік, яғни инфрақұрылымды дамыту қажет. Және осы талаптарға сай бизнес жүргізу машығы керек. Ал өз тарапынан Қазақстан Үкіметі инновацияны дамыту үшін мынадай мәселелерге назар салуы тиіс.

Фирмалардың ісін алға оздыратын жаңа технологияларды енгізу жолында қолдау көрсетерлік амалдарды жетілдіру керек. Жекелеген гранттарды пайдалану, мәселен, Ұлттық инновациялық қордың қызметіне жүгіну. Инжинирингтік қызметтер, қолдау көрсету шараларының толық қамтылуын қадағалау. Инновацияны енгізу жолында және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында Қазақстанның оқу-тәжірибелік бағдарламаларды пайдалануға ықпал еткені абзал.

Әлеуметтік – экономикалық дамуды жақсарту үшін тиімді инновациялық саясат жүргізу қажет.

Елдің инновациялық дамуының бастапқы сатысында технологиялардың жабдық, материал мен лицензия түріндегі трансфертін қолдану ыңғайлы. Ең алдымен технологиялық жабдықтың өндірісін  ретке келтіру сияқты бірінші кезекті міндетті орындауға қабілетті әр түрлі бейіндегі кәсіпорындардың арасында интеграцияны қалпына келтіру, машина жасайтын, металл өңдейтін кәсіпорындарды, бағдарламалық қамтамасыздандыру мен кәсіпорындарды біртұтас өндірістік құрылымға қосу қажет. Интеграцияның түрі әр алуан, яғни технопарк, бірлескен кәсіпорын, қауымдастық түрінде болуы мүмкін. Осы құрылымдардың қайта жаңғыртудан кейін жақын арада өндіріс құралдарын, бәсекеге қабілетті тауар шығаратын технологиялық желілер құра алатындығы маңызды.

Сөйтіп, бастапқы кезеңнің міндеті-өндірістік кәсіпорындардың артта қалуын азайту және өндіріс құралдарын құрудың  меншікті иинфрақұрылымын қалпына  келтіру.

Екінші кезеңде дамыған елдермен технологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін технолгиялар импортының құрамында патенттердің, ал экспорттың құрамында-лизензиялардың , жабдықтардың басым болуы қажет. 2

Біз инфрақұрылымды дамыту міндетін алға қойдық. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл - автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т.б.

Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктірілді.

Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының  саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты.

Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен  өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.

Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары  саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге  жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ  пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам  жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.

Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа –  Батыс Қытай» магистральдық көлік  дәлізін салып, Жаңа Жібек жолы жаңғыртылады.

 «Өзен – Түркіменстан шекарасы»  темір жол желісі салып, Парсы  шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол ашылды. «Қорғас-Жетіген» жолы төселіп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара ашылды. 3

Инфрақұрылым экономикалық өсімнің  мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.

Инфрақұрылымды екі бағытта  дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет. 

Инфрақұрылымның әсіресе көлік  және байланыстың дамуы жалпы  дүниежүзілік экономикалық және саяси  процестерге байланысты. Қазақстан  географиялық жағынан Еуразия регионындағы жолдар торапында орналасқан, бұл болса Қазақстандық өнімдерді ірі нарықтарға шығаруға орасан зор мүмкіншілік туғызады. Көлік жолдары дамыса жақын арадағы қаншама адамға сыйымдылығы бар  нарықтар Қазақстанның қандай болмаса өнімдерін тұтынуға мүмкіншілк алады. Олар Ресей, Қытай, ислам және ортаазия мемлекеттер топтары , Жақын және Орта Шығыс елдері.

Сондықтан Қазақстанның алдында отандық  көлік коммуникация кешенінің әлемдік  нарықта бәсекелістік қабілетін  қамтамасыз ету және республика территориясының  үстінен сауда ағымын ұлғайту мәселесі тұр.

Даму стратегиясында бұл мәселелерді  шешу үшін келесі мақсаттар тууда:

  • Әлемдік сауда нарықтарына шығуды қамтамасыз ететін және халықаралық көлік жүйесіне интеграцияланған ұтымды көлік желісін құру;
  • Көлік – коммуникация кешенін басқарудың ұйымдастырылу құрылымын жетілдіру;
  • Қолданылатын темір жол және автомобиль жолдарын , теңіз және өзен аймақтарын, әуежайларды ; аэроавиация инфрақұрылымын қазіргі тілекке сәйкес келтіру.
  • Көліктердің барлық түрлерінің жылжымалы құрылымының меншік зауыт және жөндеу базаларын құру. 4, 182б.

Әртүрлі технологиялық бағыттардың  көп қырлылығы тиянақты болжам жасауды  және жоспарлауды, міндеттерді дұрыс  айқындап, олардың басымдықтарын  белгілеуді талап етеді. Бүгінгі  күні технологиялар тез ескіріп  қалып жатыр. Сондықтан ұзақ мерзімді әлеуеті бар технологияларды инвестициялау жөн болып табылады. Мәселен, үстелге қоятын компьютерлер үшін бөлшектер мен микросхемалар жасайтын зауыт салу бір қарағанда тартымды болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда, қазіргі ағым тұтынушылардың алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге көше бастағандығын көрсетіп отыр. Ал енді бір он жылдан кейін қалтаға салуға лайықты компьютерлер басым болатындығы анық.

Тағы бір мысал, теледидар туралы, лампалармен жұмыс істейтін теледидарлар өткен ғасырда қалып қойды. Олардың орнын сұйық кристалды және плазмалы теледидарлар басты. Қазір енді бұл жөніндегі технологиялар одан әріге кетіп, үш өлшемді бейнелеу теледидарлары шыға бастады. Оларды арнаулы көзілдірік арқылы қарауға болады. Енді біраз уақыттан кейін бұл теледидарлар негізгі тұтыну трендіне енуі тиіс. Бірақ бұл жаңалық та жедел ескіріп қалатын сияқты. Өйткені енді көзілдірікті қажет етпейтін үш өлшемді теледидарлар да пайда болды.

Сондықтан инфрақұрылымның дамуының жоғары қарқынынын жоспарлаудың маңызы артып отыр. Ол технологиялардың қазіргі жағдайынан едәуір алға кетуі тиіс.

Технологиялар трансфертін ынталандыру  үшін инновациялық инфрақұрылымдардың қызмет аясы кеңейтілуде. Астана, Петропавл  және Өскемен қалаларында көлік  және мұнай-газ машиналарын жасау, сондай-ақ тау-кен металлургия құралдарын жасау салаларының салалық конструкторлық бюролары құрылды. Жүк вагон-хопперлері, шахталық желдеткіштердің өндірістері қалыптастырылды. Еліміздің шығысында перфораторлар өндірісі іске қосылды. 9 машина жасау кәсіпорны мен технологиялық үдерісте оларды қолдану жөнінде келісім шарттар жасалынды. Машина жасау өнімдерінің жекелеген атаулы бөлшектерін шығаратын өндірістер игерілді.

Елбасымыз айтқандай, инновацияларды енгізудің маңызы зор, бірақ бұл  басты нысана емес. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта қажет болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация – ақшаны босқа шығындау деген сөз.

Бүкіләлемдік тәжірибенің  көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу – велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады.

Информация о работе ҚР ұлттық инновациялық инфрақұрылымының дамуының экономикалық механизмі