Әлемдік энергетиканың энергетикалық ресурстары және оларды қолдану перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 08:09, реферат

Краткое описание

Энергияны қолдану қоғамының дамуының негізі болып табылады және қоршаған ортаны өзгертуге мүмкіндік береді. Табиғаттан энергия көздері табылғаннан бері, өмір сүруді қолайлы ететін, әр түрлі электр энергиясы арқылы жұмыс жасайтын қондырғылар, машиналар ойлап табылуда. Мысалы, оған дейін де адамзат отты пайдалана отырып тамақ пісіре білсе де, тұрмыста анағұрылым ыңғайлы болып табылатын газ плиталары мен қысқа толқынды пештер ойлап тапты. Осындай құбылыс адамзаттың басқа да тіршілік әрекеттерінде қалыптасты.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Дүние жүзінің энергетикалық қоры
ІІІ. Электр энергияны тұтыну.

Прикрепленные файлы: 1 файл

казакша готов.docx

— 230.04 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«Электроэнергетика» кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

Тақырыбы: «Әлемдік энергетиканың энергетикалық ресурстары және оларды қолдану перспективалары»

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: ЭЭ-10 тобы студенті Альпияров А.С.

 

Тексерген: Проф. Қонарбаева А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау, 2012 жыл

 

 

Мазмұны:

 

 

І. Кіріспе

ІІ. Дүние жүзінің энергетикалық қоры

ІІІ. Электр энергияны тұтыну.

 

 

І. Кіріспе

Энергияны қолдану қоғамының дамуының негізі болып табылады және қоршаған ортаны өзгертуге мүмкіндік береді. Табиғаттан энергия көздері табылғаннан бері, өмір сүруді қолайлы ететін, әр түрлі электр энергиясы арқылы жұмыс жасайтын қондырғылар, машиналар ойлап табылуда. Мысалы, оған дейін де адамзат отты пайдалана отырып тамақ пісіре білсе де, тұрмыста анағұрылым ыңғайлы болып табылатын газ плиталары мен қысқа толқынды пештер ойлап тапты. Осындай құбылыс адамзаттың басқа да тіршілік әрекеттерінде қалыптасты.

Мыңдаған жылдар бойы адамзат қолданатын энергия көзі – ағаштың химиялық энергиясы (химическая энергия древесины), бөгеттердегі судың потенциалдық энергиясы, желдің кинетикалық энергиясы және күн сәулесі энергиясы болып келді. ХІХ ғасырдан бастап пайдалы қазбалар (тас көмір, мұнай, табиғи газ) энергияның негізгі көзіне айналды.

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

ІІ. Дүние жүзінің энергетикалық қоры

Электр энергетика дүниежүзілік энергетикалық шаруашылықтың бір бөлігі. Оның қал-жағдайын және даму болашағын көбінесе бүкіл дүниежүзілік энергетиканың болашағы және оның қормен қамдануы анықтайды. Сондықтан электр энергетика аумағындағы негізгі үрдістерді (тенденция) талдауды дүние жүзіндегі энергетиканың жалпы мәселелерімен байланыстыра жүргізген дүрыс болар.

Дүниежүзілік энергетиканы талдаудың маңызды бір қыры шет елдердің тәжірибесін дамып келе жатқан Қазақстан энергетикасында қолданудың мүмкін аймақтарын және Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігін шетелдік энергетиканың дамуы мен қалыптастыруында пайдалануды айқындау.

Өзіндік даму жолына түскен және едәуір отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшін барлық дүние жүзінің және жеке мемлекеттер энергетикасының жағдайы мен дамуының негізгі үрдістерін талдауды жүйелі түрде жүргізіп түру өте маңызды. Бүл әсіресе үзақ мерзімді энергетикалық саясатты қалыптастырғанда және дүниежүзілік рынокка шыққанда қажет.

Дүние жүзіндегі органикалық отынның шығарылатын қоры 6,3 трлн.т.ш.о. (шартты отын) деп бағаланады да отын түрлері бойынша былай бөлінеді:

Тас және қоңыр көмір    4850 млрд.т.ш.о.   76%

Мұнай және шық (конденсат)   1150 млрд.т.ш.о.  19%

Табиғи газ 310 млрд.т.ш.о.   5%

1 кг шартты отын жанғанда 29,3 МДж жылу бөлінеді деп есептелінеді.

Органикалық отынның дәлелденген қоры жер шарының алқаптары бойынша біркелкі тарамаған. Егер дәлелденген көмір қоры негізінде Азияда (Қытай, Ресей, Қазақстан) шоғырланса, ал мұнай қорлары таяу және Орта Шығыста, табиғи газ Ресейде, Таяу және Орта Шығыста шоғырланган.

Органикалық отынның дәлелденген қорының ішінде қатты отын, яғни көмір, басым.

Көмір дүниежүзілік отын — энергетикалық теңестікте (баланста) маңызды орын алады. Көмірдің өте үлкен қорының болуы дүниежүзілік алгашқы (первичная) энергияның үштен бірін және электр энергия өндіру үшін пайдаланатын жанарғының (горючее) 40%-ін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жақын (болашақта) Азия мен Австралияда, соның ішінде дүниеде көмір өндіру бойынша 8-ші орын алатын Қазақстанда, көмір негізгі энергия көзі болып қала береді.

Негізгі көмір өндіретін елдерде 1993 жылы көмір өндіру және экспорт (млн.т.) былай сипатталады:

Ел     Өндіру   Экспорт

Қытай    1138    20

АҚШ    775    68

Ресей    417    20

ОАР (ЮАР)   182    53

Австралия   178    132

Польша    130    20

Украина     Ресеймен бірге

Казақстан   76    21

Ұлыбритания   68    0

 

Германия   64    4

Канада    35    28

Пайдаланатын алғашқы энергетикалық қордың негізгі түріне мұнай мен газ жатады.

Казіргі тәсілдеме (технология) көмегімен шығаруға болатын мұнайдың дүниедегі ресми қоры былай таралады:

Таяу Шығыс, Араб шығанағының бес елі (Сауд Арабиясы, Кувейт, Абу-Даби, Ирак және Иран) өнделмеген мұнайдың ресми дүниежүзілік қордың 66%-іне ие. Иран мен Сауд Арабиядан басқаларында қор/өндіру қатынасы 100 жылдан артады, яғни қазіргі өндіру деңгейі бойынша қор 100 жылдан артық уақытқа жетеді;

Латын Америкасы дүниежүзілік қордың 12%-іне ие және Венесуэлада қор/өндіру қатынасы 70 жыл;

Бұрынғы ССРО үлесіне дүниежүзілік мүнай қорының 5,6%-і келеді, оның көбі (84%) Ресейде шогырланған.

Казақстанда дүниежүзілік қордың 1,6%-і (2,2 млн.т. мұнай) бар, қор/өндіру қатынасы 31 жыл.

АҚШ-та дүниежүзілік қордың 3%-і бар және қор/өндіру қатынасы 10 жыл. Өнделмеген мұнай қоры 1-суретте көрсетілген.

Мәліметтер млрд. баррелмен келтірілген

1- сурет. Өнделмеген  мұнай қоры

БҰҰ-ның статистикалық мәліметтері бойынша алғашқы коммерциялық энергетикалық қорлардың, яғни көмір, мұнай, шық, газ және т.б., жиынтық өндірілуінің өсу қарқыны дүние жүзінде соңғы жылдары өте төмендеді. Өндірудің жылдық өсімі                    60 млн.т.ш.о. немесе 0,6%-тей болды. Әр түрлі алғашқы энергетикалық қорларды өндіруде айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Мұнай, шық және газды өндіру өссе, қатты отындарды өндіру азайды.

Энергия тасығыштармен халықаралық сауда елеулі өсті. Дүниежүзілік нарыққа шығарылған энергия тасығыштар мөлшері 4 млрд.т.ш.о. немесе дүние жүзінде бір жылда өндірілген алғашқы энергетикалық қорлардың үштен біріне жетті. Энергетикалық қорлармен дүниежүзілік сауда көлемі жылына 6%-ке өседі.

Отын мен энергияны жалпы дүниежүзілік тұтыну соңғы кезде 0,9%-ке артты, бірақ 1993 ш.о./кісі болған үлестік энергия тұтыну 2,5%-ке келімді. Бүны дүниежүзілік энергия өндірудің өсу қарқынымен салыстырғанда сол кезеңде халық санының тезірек өсуімен (негізінде дамушы елдерде) және ТМД елдерін қоса Орта және Шығыс елдеріндегі энергия тұтынудың абсолюттік және салыстырмалық төмендеуімен түсіндіруге болады.

Энергия қорларын өндіру және тұтыну қарқындарының айырмашылығына байланысты дүниежүзілік энергетикалық теңестік құрылымында белгілі өзгерістер болды — жалпы энергия тұтынудағы қатты және сұйық отындар үлесі біраз төмендеді, сол уақыт арасында газ және алғашқы электр энергия үлесі өсе түсті (жалпы өндіріске қатысты, процент):

1989 ж.  1992 ж.

Қатты отын     31,0   29,3

Сүйық отын     6,8   6,4

Газ      22,9   24,3

Алғашқы электр энергия  9,3   10,0

Дүниежүзілік энергия теңестігінде газ үлесінің өсуі негізінде оны электр энергияны өндіруге көбірек пайдаланудан болғаны баршаға мәлім.

БҰҰ-ның статистикасы бойынша уранның дүниежүзілік өндірілуі 36000 т-ға жетті, оның үштен бірі Солтүстік Америкада (төрттен бірі АҚШ-та), 19%-і Африкада (негізінде ОАР мен Нигерияда), соншама Азияда (негізінде Қазақстан мен Өзбекстанда) және ширегіндей Еуропада (негізінде Ресей, Украина және Францияда) өндірілді.

Электр энергияны тұтыну.

Дүние жүзінде электр энергиямен халықаралық сауда көлемі 340 млрд.кВт.сағ, немесе дүниежүзілік жиынтық тұтынудан 3%-тей.

Соңғы жылдары электр энергиямен халықаралық сауда жасауда орнықты өсу үрдесі жоқ: ол бірде өседі, бірде төмендейді. Бұл экономикалық жағдайда және жылдың сулылығына байланысты. Жылдың сулылығына СЭС-да электр энергия өндіру тәуелді.

Соңғы уақытта әр түрлі халықаралық мекемелер дүниежүзілік энергетика шаруашылығының дамуына болжау жасап жариялады. Болжаулардың көбінде 1990-2010 жылдар аралығында дүние жүзі халық санының өсу қарқыны 1,4% деп қабылданған, ал өткен 20-жылдық кезең үшін ол 1,8% болған. Болжау жасағанда халық санының және экономикалық өсу қарқындары мен баға динамикасы есепке алынды.

Индустриялды дамыған елдердің (ОЭСР мүшелерінің) алғашқы энергетикалық қорларды жиынтық дүние жүзілік түтынудағы үлесі 1990 жылдағы 52,8%-тен 2010 жылы 45,8%-ке дейін төмендейді. Қарастырылған болашақта дүние жүзінің басқа алқаптарымен салыстырғанда дамушы елдерде алғашқы энергетикалық қорды тұтынудың өсу қарқыны жоғары болатыны болжаланады.

Көк жиекті ар жағында не бар? Болашаққа көз салып болжау жасауға талайлар ат салысуда. Әрбір цифрдың астарында қаншама үжымдар мен дарынды ғалымдардың ойы, тәжірибесі, еңбегі жатыр. Әр санның астарында көптеген халықгың болашақга болу-болмау тағдыры елестейтіні ақиқат.

Кдзіргі уақытта жер халқының 30% түратын өнеркәсіптік елдер дүние- жүзілік энергияның 70%-ін түтынады. Бүган олар қыруар еңбектің арқасында жетті. Бірақ жердің энергетикалық мүмкіншілігі және оны пайдаланғандағы туатын экологиялық қиыншылықтар бүкіл жер халқының мүддесі болғандықган ХХІ-ғасырда оларды әділ бөлу мәселесі туындауы мүмкін.

Қазіргі алғашқы энергия теңестігінде оның жанатын көздері — мүнай, көмір, газ 90%-ін алады. Бүл үрдіс өлі көп жылдар бойы сақталады. Қогамдық пікір және экономикалық жагдай атом энергиясына қарсы болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

    1. К. Дүкенбаев «Қазақстан Электроэнергетикасы», 1995 ж.
    2. Уикепидиа (www.kk.wikipedia.org)

 

 


Информация о работе Әлемдік энергетиканың энергетикалық ресурстары және оларды қолдану перспективалары