Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:30, статья
Дамушы нарықтық жүйелердің экономикалық стратегиясындағы маңызды буын ұлттық экономиканың артықшылықтарын барынша қолдана отырып әлемдік шаруашылыққа біртіндеп кіру болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін соңғы жылдар шаруашылықтың тек нәтижелілігін ғана емес, оның бәсекеге қабілеттілігін де арттыратын шаруашылықтың үдемелі халықаралық стандарттарын игеруге түбегейлі өтуімен сипатталады. Бұл үшін, ең алдымен, ұлттық экономикалық жүйені, сонымен бірге оны тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін құрастыратын, негізгі әлеуетті кешенді бағалау талап етіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру да маңызды мәселеге айналып отыр.
Кәсіпорындағы кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Дамушы нарықтық жүйелердің экономикалық стратегиясындағы маңызды буын ұлттық экономиканың артықшылықтарын барынша қолдана отырып әлемдік шаруашылыққа біртіндеп кіру болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін соңғы жылдар шаруашылықтың тек нәтижелілігін ғана емес, оның бәсекеге қабілеттілігін де арттыратын шаруашылықтың үдемелі халықаралық стандарттарын игеруге түбегейлі өтуімен сипатталады. Бұл үшін, ең алдымен, ұлттық экономикалық жүйені, сонымен бірге оны тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін құрастыратын, негізгі әлеуетті кешенді бағалау талап етіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру да маңызды мәселеге айналып отыр.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет – еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады [2].
Қазақстан
Республикасы Президентінің «Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
деп аталатын халыққа арнаған
Жолдауында «Әртараптандырудың өзегі
кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді
өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге,
инновациялар ендіруге дайын қуатты
кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді.
Нақ осы кәсіпкерлер
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті ортада экономикалық кризис бизнестерге белгілі бір қиындықтар мен қауіптер туғызуда. Өзгермелі экономикалық шарттарда кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті ортада, көптеген факторлар мен тенденцияларға уақытылы әрекет етуді қажет етеді.
2010 жылы Қазақстанда ортақ бюджеттік бағдарлама « Жол картасы – 2020» іске қосылады. Бұл бизнестің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық жолмен дамуына жол ашады. Қазіргі замандағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі ішкі потенциалына ғана негізделмейді, сонымен қатар сыртқы макроортаның факторларына қатысты құрылады.
Бәсекеге қабілетті орта көп деңгейлілігімен, көп түрлілігімен, түзуші көп факторларымен, қатысушылардың белсенділігімен, кәсіпкерліктің субьектілері арасында өзара қарым – қатынасымен, соның ішінде мемлекет пен бизнес кіруімен ерекшеленеді.
Кәсіпкерлік және бәсеке нарықтық экономикадағы екі басты негізгі ұғымдар. Бәсекелестік – кәсіпкерлік структуралардың алуан түрлілігін, оның белсенділігі мен дамуын демеп отырады. Бәсекелестік өзінің басты жүйелі фактор рөлін орындап, оның негізгі нарықтық шаруашылықтың параметрлерін анықтап көрсетеді. Тиімді емес шаруашылық көзін алып тастап, салаларды ретке келтіріп, үздіксіз шыңдауды талап етеді. Бәсекелестіктің өзіне тән ерекшелігі – ол нарықтық институт ретінде қандай да бір өз-өзін реттеушілігі мен тұрақтылығы болмайды.
Бәсекелік
күрес жағдайында кәсіпорын өнімінің
бәсекеге қабілеттілігін зерттеп, бағалап
отыру нарықты зерттеу
Бәсекелестерді зерттеу, бәсекенің дәрежесін зерттеу дегеніміз бүтіндей нарықтағы, оның сегменттеріндегі және аймақтардағы негізгі бәсекелес фирмаларды анықтау, олардың өндірісті ұйымдастыру, басқарудағы мықты және әлсіз жақтарын анықтау, кәсіпорынның өзінің бәсеке күресіндегі артықшылықтарын (баға бойынша, сапа, өнімнің техникалық деңгейі, сырт көрінісі, қолдауындағы ыңғайлылығы, экологиялық тазалығы және т.б.) бағалауға байланысты. Осының барлығы SWOT – талдау түсінігінде біріктіріледі. [3]
Бұл талдаудың
негізінде бәсекелестерді зерттеу,
алынған нәтижені жүйеге келтіру, кәсіпорынның
нарықтағы жағдайын жақсарту бойынша
іс-қимыл жоспарын дайындау керек. Бәсекелестерді
зерттеу потенциалды
Қорыта
келгенде, бәсекелестік қазіргі нарықтық
экономика заманында өте
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Кәсіпорындағы кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету