Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 19:26, реферат

Краткое описание

Өндірістік тәуекел — бұл өнім өндірумен,қызмет көрсетумен басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері:ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болуының төмендеуі,материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы,менеджерлердің қатесі,көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері.doc

— 29.00 Кб (Скачать документ)

                          Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері.

   Өндірістік тәуекел — бұл өнім өндірумен,қызмет көрсетумен басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел.  Өндірістік тәуекелдің  пайда болу себептері:ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болуының төмендеуі,материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы,менеджерлердің қатесі,көтеріңкі     аударым      сомалары      мен салықтарды төлеу және т.б.

     Коммерциялық тәуекел  кәсіпкер өндірген немесе сатып   алған      тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық   тәуекелдің

себептері: өнімді өткізу көлемінің  төмендеуі,    материалдық     ресурстардың сатып алу бағасының  жоғарылауы,сатып алу    көлемінің      ойда      болмаған төмендеуі,айналым  шығындарының өсуі , экономикалық тұрақсыздығы  және тұтынушылардың ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

     Қаржылық тәуекел  кәсіпорынның банктермен және     басқа да   қаржылық институттармен  қатынас өрісінде пайда  болады.      Қаржылық       тәуекелдің себептері:қарыз    және    меншікті   қаражаттардың     ара     қатынастарының

көлемінің жоғалуы,кредиторларға  тәуелділік,капиталдың    әрекетсіздігі,   бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат  жұмсау.

   Қаржылық    тәуекел     мына    операциялардан      алынған       шығындарда  көрсетіледі:несиелік , инвестициялық,құнды қағаздар эммисиясы.

   Айналым және өндіріс  өрісіндегі кәсіпорындар үшін  қаржылық   тәуекелдің

құрамдастарын ажырата білу керек:несиелік,пайыздық,валюталық  айырылып қалған пайда тәуекелі, инвестийиялық тәуекел,салықтық тәуекел.

    Несиелік капитал нарығының  қатысушылары қаржылық тәуекел  деп әдетте клиенттің төлем  қабілетсіз болуына байланысты  міндеттемелерді     орындай  алмау қаупінен туындайтын жалпы   экономикалық    тәуекелдің    бір    түрін түсінеді.

    Қаржылық тәуекелді шешуге  нақты қаражаттарды таңдаған  кезде инвестор 

келесі принциптерді назарда ұстауы керек:  меншікті капитал   мүмкіндігінен  артық тәуекелге бармау керек,аз нәрсе  үшін көп   нәрсені   тәуекелге   салмау керек,тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу  қажет.  Яғни    берілген тәуекел бойынша,мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп ,содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен ,содан кейін салыстыру керек,содан кейін барып   мүмкін    болатын     шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру қажет. Сонда   ғана,   бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін  анықтауға   болады.

Басқаша айтқанда,бұл тәуекелді  басқарудың жалпы стратегиясы.

     Қаржылық тәуекелді  басқару процесі 6   сатыдан    тұрады:     мақсаттарды анықтау,  тәуекелді анықтау, тәуекелді  бағалау, оларды   жүзеге   асыру   және 

нәтижелерді бағалау.

    Мақсаттарды анықтау  кәсіпорынның едәуір шығындар  жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.

    Мақсат кәсіпорынды сыртқы   орта    жағдайынан     немесе    ішкі    орташа  оңтайландырудан қорңау болып  табылады.

    Тәуекелділік ықтималдылығы  ресми және бейресми   көздерден   әр    түрлі ақпараттар  жинау  көмегімен анықталады.

   Шығындардың қаупін оның  мағынасына байланысты    үш    түрге     бөлуге болады:банкроттық  қауіп,шығынды болдырмау үшін  қосымша  ресурстардың қажеттілігін,активтердің  бір бөлігін шарасыз жоғалту.

    Қаржылық тәуекелді басқарудың  ең   күрделі   кезеңі    болып     табылатын тәуекелді талдаудың міндеті    мүмкін     болатын    серіктестіктерге,    жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.

    Тәуекелді талдау    кезінде     тәуекел      аймағы       ұғымын      пайдалану маңызды,яғни ол шекарасында     белгіленген    тәуекел     деңгейігің      шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын,    нарықтың    жалпы     шығындар аймағы.Нарықтық экономика жағдайында кез келген  кәсіпорын    қызметінің   5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.

     Тәуекелсіз аймақта  операция   жүргізген    кезде     кәсіпорын      ешқандай    тәуекел жасамайды,ешқандай шығын  көрмейді,кәсіпорын кем дегенд   есепті    табыс алады.Жобаны орындау кезінде теориялық  жағынан       кәсіпорынның   табысы шексіз.

     Аз тәуекелді аймақтағы     қызмет      нәтижесінде        кәсіпорын         таза   табысының барлық мөлшерін немесе  бір бөлігін жоғалту ықтималдығы  бар.

     Жоғары тәуекелді аймақта     кәсіпорын нашар        болған          жағдайда    барлық шығындарын жабады,ал жақсы болған жағдайда    есепті    деңгейден    төмен табыс алады.Бұл аймақта өндіріс қызметі    қысқа      мерзімді       несие    есебінен болуы мүмкін.

  Қауіпті  тәуекелді      аймақта       кәсіпорын  есепті табысты    ғана      емес,   сонымен      қатар    өнім    өткізуден    (жұмыс,қызмет)    түскен        табысты        жоғалту ықтималдылығы бар және  шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

    Жарамайтын  (апатты)  тәуекелді          аймақтағы        кәсіпорынның     қызметі     банкроттыққа әкеледі,барлық инвестицияларын жоғалтады.


Информация о работе Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері