Коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 20:17, реферат

Краткое описание

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.[1]

Прикрепленные файлы: 1 файл

каржы.docx

— 18.20 Кб (Скачать документ)

Коммерциялық  банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.[1]

Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі


Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың  қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының турлеріне қарай:

    • әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
    • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

    • халықаралық;
    • мемлекетаралық
    • ұлттық;
    • аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

      • өнеркәсіптік банктер;
      • сауда банктері;
      • ауыл шаруашылық банктері;
      • құрылыс банктері;
      • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

      • филиалсыз;
      • кеп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы  банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк, 50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес банктер— 11.

 


Информация о работе Коммерциялық банктер