Экономикалық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 21:03, реферат

Краткое описание

Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.
Оларды техника-экономикалық қатынас ретінде белгілеуге болады. Басқа жағынан экономикалық қатынас – бұл қатынас өндірістің факторларына меншік ретінде анықталатын (өндірістік қатынас) адамдар арасындағы қатынас. Бұл әлеуметтік – экономикалық қатынас.
Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру – экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОНОМ ТЕОРИЯ РЕФЕРАТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖУЙЕ.docx

— 69.38 Кб (Скачать документ)

Дәстүрлі экономика – бұл ежелгі, көне замандағы экономика. Ол дәстүрге негізделеді. Еңбек сипаттары, қарапайым, қол еңбегі. Қажеттіліктер – қарапайым. Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығы – дәстүрлі.

Әкімшіл-әміршіл экономика классикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі — мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.

Нарықтық экономика  – экономикалық, адамның еркіндігі  әркім өзі, жекеменшік қатынастары  табысқа, пайдаға ие болу. Бәсекелік орын алды.

Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.

а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойыңда бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды».

Мұндай экономика  ең идеалды экономика ретінде  қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтық экономикаға  барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі — артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма-қол акшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.

б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады»[1].

Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ-да дәл солай жүзеге асты[2].

Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.

Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі — барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат — жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.

Екіншіден, кәсіпорын  жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.

Осының барлығы  әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылықка алып келеді.

в) қазіргі нарықты  экономика аралас экономика ретінде  болуда.

Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай  деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика — бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.

Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы — Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы — Гарвард институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.

Аралас экономикада  «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» — деп жазған болатын Пол Самуэльсон.

Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясынын  негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас болігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ  жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «… адамды экономикалық, саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».

Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.

Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде әмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынадай саланы — жұмыссыздық, әлеуметтік сактандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі»[3].

Экономикалық  жүйенің жалпы кезеңдері

Өндірістік күштер

Табиғи (табиғи ресурстар, физ. мүмкіндік және т.б.

Қоғамдық (өндіріс қаражаты, еңбекті бөлу және т.б.)

Жалпыға ортақ (ғылыми, білімі мәдениет және т.б.)

Өндірістік қатынастар

Әлеуметтік- экономикалық (меншіктік қатынасы және кірістерді бөлу)

Ұйымдастырушылық-экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент және т.б.)

Техника-экономиканың (табиғатқа адамның қатынасы)

Ресурстар

Еңбекті қоғамдық бөлу

Еңбек процесі және оның сәті

Өндірістің еңбектік, табиғи қорлар, ақпараттық және т.б.

Өнімдерді дайындауда өндірісті мамандандыру

Еңбек мәні, еңбек қоры, еңбек

Өндірістік мүмкіндіктер

Нәтижелер

Тиімділігі

Шектеулі ресурстар  таңдауы

Материалдық – заттың өнім және қызметтер

Нәтижелер мен шығындар қатынасы


Экономикалық  жүйенің элементтері

Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады. 

 

ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы  өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)

ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)

Экономикалық  жүйедегі меншік қатынастарының орны

Меншік қатынастары  әр экономикалық жүйедегі қатынастардың ішінде ең негізгі болып жүйенің қатынастарының мінездемелерін анықтайды. Меншік дегеніміз – құрал-жабдықтарды және солардың көмегімен өндірілген өнім нәтижелерін иемдену және пайдалану туралы экономикалық-қоғамдық қатынастар. Меншікті екі жағынан сипаттауға болады – экономикалық және құқықтық жағынан. Экономикалық жағынан, меншік ол — зат емес, ол – қоғамның сый-сыяпатын білдіретін қоғамдық қатынастар. Ал құқықтық жағынан, меншік дегеніміз – зат, затқа деген адамның қатынасы.

Меншік құқығының  экономикалық теориясының алғашқы  өкілдері ол – Нобель лауреат сыйлығына  ие болған американдық Чикаго университетінің  профессоры Рональд Коуз және Лос-Анджелес университетінің профессоры Алчеар. Бұлар тек меншік ұғымын пайдаланбай, меншік құқығы дегенді енгізді. Ресурстар өз басына меншік емес. Бұларды иемдену және пайдалану – “меншік шоғыры”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒTP-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

Қазіргі уақытта  жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды.

Мемлекеттік меншіктің  үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

 

  1. Энгельс Ф. «Анти-Дюринг» — ІҮ1.; 1973, 254 бет.

2. Эклунд К. «Эффективная экономика. Шведская модель». — М: Экономика, 1973. 254 бет.

3. Брагинский СВ., Певзнер Я.А. Политическая экономия: дискуссионные проблемы, пути обновления — М. Мысль, 1991, 258 бет.


Информация о работе Экономикалық жүйе