Экономикалық теория ағымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:19, реферат

Краткое описание

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып табылады.Оның басты еңбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құтқару деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықтық реттеу жүйесі жүзеге асты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эконикалық теория ағымдары.docx

— 18.13 Кб (Скачать документ)

Экономикалық теория ағымдары 

     Қазіргі экономикалық  ілімдер тарихының негізін қалаушы  ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып  табылады.Оның басты еңбегі –  «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның  жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның  ынталандыру қабілеттілігі жаппай  жұмыссыздықтан құтқару деген  тұжырымға келді. Еңбекпен қамту  деңгейін мемлекеттік реттеу  жүйесіне көшіру Дж.М.Кейстің  жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықтық реттеу жүйесі жүзеге асты.

     ХХ-шы ғасырдың 70-шы жылдардағы эконмикалық дағдарыс  пен кәсіпкерлік белсенділіктің  бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік  реттеудің тиімсіздігі идеясына  алып келді. Осы жағдайлардың  толқынымен экономикалық ілімде  жаңа бағыттар пайда бола бастады. Мемлекеттің рөлі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көзегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынталандыру. «Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 жж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912жж) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімнің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттенэкономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж) «неоклассикалық синтез» болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болды. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық»және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптерөзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретінде қарастырылған. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылым-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілеріне ерекше мән берген. Бұд ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып, әлеуметтік қақтығысты бәсендету еді.

     Қорыта айтқанда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер  тарыхы мынадай төрт ірі ағымдармен  сипатталады:

  • Бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер –А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді;
  • Екінші ағым «каптализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолданушы ағылшын экономисі дж.Кейнс (1883-1946 жж.) болып табылады.
  • Үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 жж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908ж) және «конвергенция» (латынның –жақындасу, ұқсайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1905 ж) айтуынша,бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.
  • Төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін қалаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 жж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтеройкен (1891-1950 жж.) болып табылады.

 «Экономика ғылымыныың ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің,  А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» - дейді амеркандық белгілі экономист, жаңа иституционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялық негізі – экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономокалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономокалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз .


Информация о работе Экономикалық теория ағымдары