Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Сентября 2014 в 17:28, лекция

Краткое описание

1. Экономикалық талдау түсінігі, пәні.
2. Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері
3. Шаруашылық субъект-микродеңгейдегі зерттеу объектісі ретінде

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалы- талдауды- п-ні, міндеттері ж-не мазм-ны.doc

— 152.00 Кб (Скачать документ)

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілеттілігі деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттелеге нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдырының сомасына осы мерзімдегі жедел мендеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

 Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті 1 – ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіорынның  төлем қабілеттілігі екеніні білдіреді. Егер коэффициент 1 – ден аз болса, онда талдау процесіде төлеу құралдарының жетіспеуі себебтерін анықтау керек.

Төлем құралдырының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеттілігі екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарының болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі  өтеп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілетсіздігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден артуы нені білдіреді?
  2. Ағымдағы және перспективті төлем қабілеттілікті қалай түсінеіз?
  3. Төлем қабілеттілік коэффициентін атаңыз?
  4. Өтімділік көрсеткіштері?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

 

Дәріс №12

Шаруашылық субъектінің қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігін талдау.

 

Дәрістің мақсаты: Іскерлік белсенділікті талдау барысында кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттеу.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Шаруашылық субъектінің қызметінің іскерлік белсенділігін бағалау критерийлері

Экономикалық өсу тұрақтылығын талдау және баға беру

Іскерлік белсенділік коэффициентін талдау және бағалау.

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсу кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;

Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.

Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен анықталады.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады.

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді.

Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген.

Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды.

Іскерлік белсенділік индексі  айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

    1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті?
    2. Негізгі құралдардың айналымдылығы?
    3. Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті?
    4. Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті?
    5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті?
    6. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

 


Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны