Экономикалық ой туралы материал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:26, реферат

Краткое описание

Ежелгі заманнан бастап экономика негізіне ерекше көңіл бөлінген.Көптеген маңызды экономикалық құбылыстар ежелгі Мысыр,Қытай,Үндістанның ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотельдың еңбектерінде қарастырылған.Бірақ сол кездегі ойшылдар экономикалық құбылыстарды қоғам процестерінен бөліп қарастырған жоқ.Экономика туралы ілім тұжырымдалған жүйе ретінде құрылмады.Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалық ой туралы материал.doc

— 77.00 Кб (Скачать документ)

« Экономикалық ой – пікірдің қалыптасуы» 
 
(реферат) 
 
 
Экономиканың ғылым саласы болып қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңнен өткен. 
 
Ежелгі заманнан бастап экономика негізіне ерекше көңіл бөлінген.Көптеген маңызды экономикалық құбылыстар ежелгі Мысыр,Қытай,Үндістанның ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотельдың еңбектерінде қарастырылған.Бірақ сол кездегі ойшылдар экономикалық құбылыстарды қоғам процестерінен бөліп қарастырған жоқ.Экономика туралы ілім тұжырымдалған жүйе ретінде құрылмады.Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды.Экономика ғылым ретінде XVIII ғасырда, капитализмнің орнығуы кезеңінде қалыптасты.Экономика мемлекеттік шаруашылықты жүргізу мен ұйымдастырудың тәсілдері туралы ерекше ғылым саласы ретінде XVII-XVIII ғасырларда дамыды.Сол кезде феодалдық өндіріс тәсілі қойнауында капитализинің алғы шарттары қалыптаса бастаған болатын.  
 
Меркантилистер.Карл Маркс "Капитал" деген еңбегінде капиталистік өндірістік қатынастар ең алдымен өндіріс сферасында емес , айналыс сферасында болатынын атап көрсетті.Сондықтан ғасырдың басында Италияда, Англияда,Францияда,кейіннен Ресейде кең тараған алғашқы экономикалық ілімнің бірі меркантилизм болды. 
 
Меркантилизм(итальян тілінде mercante-саудагер)-XV-XVIII ғасырлардағы сауда капиталының мүдделерін жақтаған сауда буржуазиясының экономикалық ілімі мен саясаты.  
 
Меркантилизм өнеркәсіптік капитализм дамуының алғашқы кезеңінде сауда алпауыттарының мүддесін білдірді.Бұл ілімді жақтаушылар қоғам байлығының негізгі көзі материалдық өндіріс емес айналыс сферасы деп есептеді. 
 
Меркантилистер қоғамның байлығы сыртқы сауда нәтижесінде жиналады,сол себепті айналыс сферасын зерттеу қажет деген пікірді дәріптейді.Олар байлықтың негізі-алтын,оған бәрін сатып алуға болады деп есептейді. 
 
Олардың пікірінше,мемлекет сыртқа шығарылатын тауарды өндіретін мануфактураларды ынталандыру, алтынды елден шығаруғу жол бермеу және басұа елдерден алтынмен төленетін тауарды кіргізуін шектеумен айналысуы қажет деп еептеген.Демек,жалпы экономикалық мәселелерді барлық ұлттық экономика дәрежесінде шешудің алғашқы қадамы жасалды.  
 
Карл Маркс экономикалық ой-пікірлердің дамуында меркантилистердің жетістігін мойындай келе,меркантильдік жүйеде айналым процесінің үстірт құбылыс екенін көрсетті.Өндіріске көңіл бөле бастаған кезде,экономикалық ой пікір елеулі өзгеріске ұшырады.Бұл ойдың мәні байлықтың көзі саудада емес,өндірісте,ал өндірісте жасалынған игіліктермен айырбас жүргізіледі және нағыз байлық ақша емес,өндірілген тауар болып табылады.Осы ой пікір физиократтардың ( грек тілінен аударғанда physic- табиғат ,kratos-билік) теориялық ілімін қамтыды.Олар байлықтың көзі өндіріс сферасында,атап айтқанда ,ауылшаруашылығында деп есептеді, бұл пікір олардың меркантилистерге қарағанда алға басуы болады.Ауылшаруашылығында байлық табиғи жолмен пайда болады . Өсімдіктану пәнінен бізге мәлім болғандай , жердің құнарлылығы капитал мен еңбектің негізінде ғана жақсаруы мүмкін . Сондықтан табиғи жер құнарлылығы қоғам байлығының тұрақты молаю көзі болып табылмайды.  
 
Экономикалық сұрақтарға классикалық мектептің аса көрнекті ағылшын экономистері У.Петти (1623-1687), А . Смит (1723-1790) және Д.Рикардо (1772-1823) дәлелді жауаптар берді . Олар елдің байлығы , материалдық өндіріс арқылы пайда болтындығын анықтады . Қоғамның әр мүшесі өз табысын осы байлықтан қаншалықты елдің байлығы артады .  
 
Экономикалық ой-пікірдің дамуында А.Смиттің алатын орны ерекше . Оның 1776 жылы « Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер » деген еңбегі жарық көрді . А.Смит осы еңбегінде экономикалық теорияны , оның барлық элементтерін байланыстыра біртұтас ғылым ретінде қарастырды . 
 
Нарықтағы «көрінбейтін қол» идеясы А.Смитті әлемге әйгілі етті . Бұл идея нарықтық жүйедегі өзін өзі басқару механизмін түсіндірумен сипатталады . « Біз түскі асымызды қасапшы , сырашы және наубайшының қайырымдылығынан емес , өз пайдамызды көздегеннің арқасында ала аламыз . Осы өнімнен құны жоғары азық түлікті шығара отырып , ол өзінің түпкі мақсатын көздейді . Осы және басқа да жағдайда оның көзқарасы мен байланысы жоқ « көрінбейтін қол » нәтижеге жеткізеді» ,-деп жазды А.Смит. 
 
А.Смит ілімінің негізгі идеясы бойынша экономика мемлекеттік бақылаудан шектеулі болу керек . «Көрінбейтін қол » деп А.Смит қазіргі сұраным мен ұсынысты айтады . 
 
Кәсіпкердің мақсаты – үстеме пайда табу болып табылады . Бірақ , нарық заңы бойынша , кәсіпкер кез келген тауарды емес , тұтынушыға қажетті тауарды шығаруы және оны мүмкіндігінше төменгі бағамен сатуы керек . Осылайша кәсіпкер қоғам мүддесін мүлдем ойламағанымен де , бәрібір оның өзімшілдігі бәріне де пайда әкеледі . Немесе өте жақсы сапамен және төменгә бағамен тауарлар мен қызмет көрсету молая түседі .  
 
 
Экономикалық ой – пікірдің қалыптасуы  
 
 
Экономиканың ғылым саласы болып қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңнен өткен. 
 
Ежелгі заманнан бастап экономика негізіне ерекше көңіл бөлінген.Көптеген маңызды экономикалық құбылыстар ежелгі Мысыр,Қытай,Үндістанның ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотельдың еңбектерінде қарастырылған.Бірақ сол кездегі ойшылдар экономикалық құбылыстарды қоғам процестерінен бөліп қарастырған жоқ.Экономика туралы ілім тұжырымдалған жүйе ретінде құрылмады.Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды.Экономика ғылым ретінде XVIII ғасырда, капитализмнің орнығуы кезеңінде қалыптасты.Экономика мемлекеттік шаруашылықты жүргізу мен ұйымдастырудың тәсілдері туралы ерекше ғылым саласы ретінде XVII-XVIII ғасырларда дамыды.Сол кезде феодалдық өндіріс тәсілі қойнауында капитализинің алғы шарттары қалыптаса бастаған болатын.  
 
Меркантилистер.Карл Маркс "Капитал" деген еңбегінде капиталистік өндірістік қатынастар ең алдымен өндіріс сферасында емес , айналыс сферасында болатынын атап көрсетті.Сондықтан ғасырдың басында Италияда, Англияда,Францияда,кейіннен Ресейде кең тараған алғашқы экономикалық ілімнің бірі меркантилизм болды. 
 
Меркантилизм(итальян тілінде mercante-саудагер)-XV-XVIII ғасырлардағы сауда капиталының мүдделерін жақтаған сауда буржуазиясының экономикалық ілімі мен саясаты. Меркантилизм өнеркәсіптік капитализм дамуының алғашқы кезеңінде сауда алпауыттарының мүддесін білдірді.Бұл ілімді жақтаушылар қоғам байлығының негізгі көзі материалдық өндіріс емес айналыс сферасы деп есептеді.Меркантилистер қоғамның байлығы сыртқы сауда нәтижесінде жиналады,сол себепті айналыс сферасын зерттеу қажет деген пікірді дәріптейді.Олар байлықтың негізі-алтын,оған бәрін сатып алуға болады деп есептейді. Олардың пікірінше,мемлекет сыртқа шығарылатын тауарды өндіретін мануфактураларды ынталандыру, алтынды елден шығаруғу жол бермеу және басұа елдерден алтынмен төленетін тауарды кіргізуін шектеумен айналысуы қажет деп еептеген.Демек,жалпы экономикалық мәселелерді барлық ұлттық экономика дәрежесінде шешудің алғашқы қадамы жасалды. Карл Маркс экономикалық ой-пікірлердің дамуында меркантилистердің жетістігін мойындай келе,меркантильдік жүйеде айналым процесінің үстірт құбылыс екенін көрсетті.Өндіріске көңіл бөле бастаған кезде,экономикалық ой пікір елеулі өзгеріске ұшырады.Бұл ойдың мәні байлықтың көзі саудада емес,өндірісте,ал өндірісте жасалынған игіліктермен айырбас жүргізіледі және нағыз байлық ақша емес,өндірілген тауар ьолып табылады.Осы ой пікір физиократтардың ( грек тілінен аударғанда physic- табиғат ,kratos-билікұ) теориялық ілімін қамтыды.Олар байлықтың көзі өндіріс сферасында,атап айтқанда ,ауылшаруашылығында деп есептеді, бұл пікір олардың меркантилистерге қарағанда алға басуы болады.Ауылшаруашылығында байлық табиғи жолмен пайда болады . Өсімдіктану пәнінен бізге мәлім болғандай , жердің құнарлылығы капитал мен еңбектің негізінде ғана жақсаруы мүмкін . Сондықтан табиғи жер құнарлылығы қоғам байлығының тұрақты молаю көзі болып табылмайды.  
 
Экономикалық сұрақтарға классикалық мектептің аса көрнекті ағылшын экономистері У.Петти (1623-1687), А . Смит (1723-1790) және Д.Рикардо (1772-1823) дәлелді жауаптар берді . Олар елдің байлығы , материалдық өндіріс арқылы пайда болтындығын анықтады . Қоғамның әр мүшесі өз табысын осы байлықтан қаншалықты елдің байлығы артады .  
Экономикалық ой-пікірдің дамуында А.Смиттің алатын орны ерекше . Оның 1776 жылы « Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер » деген еңбегі жарық көрді . А.Смит осы еңбегінде экономикалық теорияны , оның барлық элементтерін байланыстыра біртұтас ғылым ретінде қарастырды . 
 
Нарықтағы «көрінбейтін қол» идеясы А.Смитті әлемге әйгілі етті . Бұл идея нарықтық жүйедегі өзін өзі басқару механизмін түсіндірумен сипатталады . « Біз түскі асымызды қасапшы , сырашы және наубайшының қайырымдылығынан емес , өз пайдамызды көздегеннің арқасында ала аламыз . Осы өнімнен құны жоғары азық түлікті шығара отырып , ол өзінің түпкі мақсатын көздейді . Осы және басқа да жағдайда оның көзқарасы мен байланысы жоқ « көрінбейтін қол » нәтижеге жеткізеді» ,-деп жазды А.Смит. 
 
А.Смит ілімінің негізгі идеясы бойынша экономика мемлекеттік бақылаудан шектеулі болу керек . «Көрінбейтін қол » деп А.Смит қазіргі сұраным мен ұсынысты айтады . 
 
Кәсіпкердің мақсаты – үстеме пайда табу болып табылады . Бірақ , нарық заңы бойынша , кәсіпкер кез келген тауарды емес , тұтынушыға қажетті тауарды шығаруы және оны мүмкіндігінше төменгі бағамен сатуы керек . Осылайша кәсіпкер қоғам мүддесін мүлдем ойламағанымен де , бәрібір оның өзімшілдігі бәріне де пайда әкеледі . Немесе өте жақсы сапамен және төменгә бағамен тауарлар мен қызмет көрсету молая түседі

 

 

 

 

Экономикалық ілімдер тарихының  пәні

Октябрь 17, 2011 · Экономика

Экономикалық  ілімдер тарихының пәні 
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Экономикалық  ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу  кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар  көне заманда да кездеседі.

Оның өмір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды.

Экономикалық  әдебиеттерде экономикалық ілімдер тарихының пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары деп есептейді); неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді (оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді (олар экономикалық өсу факторларын зерттеген және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық, яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. Дегенмен, жасалған әр түрлі тұжырымдарға қарамастан, қарама-қайшылықтар жиі кездеседі және олар классиктердің көзқарастарымен ойдағыдай ұштасып жатады.

«Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторы Титова И.Е. осы ғылымның төмендегідей анықтамасын береді: экономикалық ілімдер  тарихы түрлі тарихи кезендердегі ғалымдардың  экономикалық көзқарастарының негізгі жүйелерінін пайда болып, дамуының тарихи процесін зерттейді. Бұдан туындайтыны — экономикалық ілімдердің қалыптасуын және дамуын талдау, барлық қоғамдық дамудың – құл иеленушілік қоғамнан бастап барлық тарихи кезендердің тарихи процесін қамтиды. (Титова Н.Е. «Истории экономических учений» – М.:; Гуманит. Изд. центр «ВЛАДОС, 1997, 3 б).

Белгілі окулықтың  авторы Худокормов А.Г. курстың пәні тек қана қазіргі кезде жалпыға  бірдей мойындалған тұжырымдар емес, сонымен қатар батыс экономистерін  ортақ пікірге әкеліп қана қоймай, солармен ұштасып, ғылымды әрі қарай дамытып отыратын пікірталастар, дискуссиялар деп атап көрсетті. (История экономических учений: современный этап): Учебник/Под об. ред. А.Г.Худокормова. – М.: Инфра

М, 1998, 3 б.).

Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің неғұрльгм кеңейтілген тусініктемесін белгілі экономист алыс және жақын шетелдердің ғылым әлемінде жақсы танымал «Экономикалық ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров берді. Ол былай деп жазды: «Бұл пәннің объектісі жекелеген экономистердің теорияларында, теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда орын алған экономикалық идеялар мен танымдардын, экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы және әлеуметтік саладағы өзгерістерге сәйкес кұрылу, даму және ауысуының тарихи процесі болып табылады». (Ядгаров Я.С. «История экономических учений: Учебник для вузов. Изд. 4-е перерад. идоп. – М.: ИНФРА-М, 2000, 12 б.).

«Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторлар ұжымы ресейлік экономист ұлтшылдардың идеяларына аздап талдау жасай отырып, курс пәніне төмендегідей анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы әлемдік экономикалық теорияның даму зандылықтарын, әр дәуірдегі және әр елдегі экономикалық көзқарастардың пайда болып, дамуының. күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесін экономика тарихымен, философиялық ойдың негізгі бағыттарымен және нақты экономикалық пәндермен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. (Гусейнов Р.М., Горбачева Ю.В., Рябцева В.М., «История экономических учений: Учебник/Под. общ. ред. Ю.В.Горбачевой – М., Инфра-М, Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000, 9 б).

Г.А. Шмарловскаяның анықтамасы бойынша «Экономикалық  ілімдер тарихының зерттеу пәні экономикалық идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының  тарихи процесі және олардың адам өркениетінің дамуындағы ролі» («История экономических учений: Учеб. пособие/Под общ. ред. Шмарловский Г.А. – 2-е изд., испр.-Мн.: Новое знание, 2001, 4 6.).

Санкт-Петербургтік ғалымдардың пікірінше, экономикалық ілімдер тарихының пәні — бұл  экономикалық ілімдердің пайда болуының, қалыптасуының, дамуының, күресуінің және ауысуының тарихи процесі. (Павлова И.П., Владимировский Е.А, Оводенко А.А., Ильинская Е.М., «История экономических учений»: Учебное пособие. 5-е изд. – СПб.: Изд. «Лань», 2001, 5 6.)

Профессор С.А.Бартенов экономикалық процестерге және экономикалық теориялармен мектептердің қалыптасып, дамуының заңдылыктарына деген көзқарастар эволюциясы экономикалық ілімдер тарихының пәні деп есептейді. (Бартенов С.А. «Истории экономических учений» – М.: Юрист, 2002, 15 б.).

Әрине, курс әдебиеттерді зерттеп. белгілі экономистердің көзқарастарын  жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай, идеялардың өзара байланысың, реттілігін, әдістер мен қорытындылардың  трансформациясын анықтауға ұмтылады.

Экономикалық  ілімдер тарихы пәнінің қысқаша сипаттамасы да қолданылады. Бірқатар ресейлік ғалымдар (Борисов Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф.) бұл курстың пәні өркениет дамуының түрлі сатысындағы экономикалық теориясының пайда болу, даму және басқалармен ауысу процесі деп есептейді. (Борисов Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф. «История экономических учений» – С-Пб., Изд. дом «Сентябрь», 2003, 7 б).

Біздің айтуымызша, бір анықтама екінші анықтаманы дамытады және олардың бәріне ортақ нәрсе  – экономикалық ой тарихының пәні қоғамдық өндірістің қалыптасып, дамуының тарихын зерттеу, ол сонымен бірге адам қоғамының эволюциясы барысындағы экономикалық концепциялардын (идеялар мен көзқарастардың) пайда болуының, дамуының және ауысуының тарихи процесі.

Экономикалық әдебиеттерде де қысқаша талдау жасағаннан аңғарғанымыз, экономикалық ілімдер тарихы пәнін зерттеу бойынша үлкен жұмыс Батыста және Ресейде жұргізіледі.

Қазақстанда аталған мәселелер  осы күнге дейін жеткіліксіз  зерттелген. Экономикалык әдебиетте  ғылым тұрғысынан алғандағы экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.). соған қарамастан.

Қазақстандағы экономикалық ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы ізденістер әрі жалғасуда.

 

 

  1. Тақырып: Классикалық саяси экономиканың қалыптасуы

 
 
 
Өндіріс күштерінің дамуы, қоғамдық еңбек  бөлінісінің тереңдей түсуі, қолөнер  мен сауда орталығы болған қалалардың өсуі, өнімділік рентаның ақшалай  рентаға алмасуы, феодализмнің дамуын жаңа кезеңге дайындады.Мұны феодализмнің гаңғы құлдырау кезеңі деуге де болады.Сонымен қатар бұл кезеңде капитализмге өтудің алғашқы алғышарттары да пісіп жетілді. Оларға жататындары: 
 
1) ақшалай рентаның басым болуы; 
 
2) шаруа қожалықтарының нарықтық қатынастарға қарай тартылуы; 
 
3) жұмыс күштерін жалдайтын мануфактуралардың пайда болуы; 
 
4) батыс еуропа елдерінің саяси ұсақталуының жойылуы, нәтижесінде орталықтанған ұлттық мемлекеттердің -абсолюттік монархияның пайда болуы; 
 
5) ХV-ХVІ ғғ. ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы. Бұл жаңалықтардың ашылуы әлемдік рыноктың құрылуының бастамасы болды.Тауар айналымы жақсарып көбейді және батыс еуропа елдері арасында азия елдерінің өнімдері мен америка елінің қазыналарына таласудың бәсекелестігін тудырды; 
 
6) ірі тауар партияларын экспорттаушы ірі кәсіпорындар құрылды; 
 
7) сауда капиталы жылдам өсті және оның өнеркәсіп капиталына қарағанда үстемдігі байқалды. 
 
Феодализмнің ыдырауының тағы бір себебі капиталдың алғашқы қорлануы. 
 
Капиталдың алғашқы қорлануының мазмұны болып табылатындар: 
 
1. тауар өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарынан оқшаулануы.Бұл процестің негізінде шаруалардан жерді күшпен тартып алужатыр; 
 
2. отаршылдық шапқыншылық саясат.Басып алынған жерлер тоналды, ал тоналған қазыналар капиталға айналды.Бірінші отаршыл империяға жататын елдер Португалия мен Испания, олардың соңынан отаршылдық күреске Голландия мен Англия және Франция елдері кіреді; 
 
3. отар елдермен арадағы сауда теңсіздігі. Отаршылдардың байлығының басты көзі құлдар саудасы болды; 
 
4. өзге елдерден табылған құнды металдардың мол кені.Бұл сол құнды металдардың құнының төмендеуіне әкелді де, соңында қалған барлық тауарлардың бағасын әсірді. Нәтижесінде нақты жалақы тәмендеп, саудагерлер мен кәсіпкерлердің пайдасын өсірді. Ал помещик-феодалдарды ақшалай оброктың құнсыздануы үлкен шығынға ұшыратты.Оның орнын олар арендалық төлемдермен толықтырды. 
 
Капиталдың алғашқы қорлануының классикалық түрі Англияда өтті.Жерге иелік мұнда шіркеу мен католик монархтарының жерлерін конфискалау арқылы жүрді.Осындай түрде алынған жерлер кәсіпқой фермерлерге жалға берілді. Жерлерінен айрылған шаруалардың босап қалуы ішкі рыноктың қалыптасып дамуына жол берді, бірақ бұл әлі тұрпайы түрде еді. Капитализмнің дамуына "ұлы жағрафиялық ашулар" да септік болды. Бұл ашулар дүниежүзілік рыноктың қалыптасуын жеделдетіп, Америка, Азия және Африка елдерін басып алумен тонаушылыққа әкелді. Ал дүние жүзілік сауданың дамуы көпестердің рөлін жоғарылатты. 
 
Меркантилизм терминінің өзі итальяның мерканте сөзінен шыққаң баламасы "көпес" дегенді білдіреді.Бұл терминнің астарында мынадай мағыналар жатыр, біріншіден меркантилизм капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі феодалдық-абсолюттік мемлекеттің экономикалық саясатын білдіреді, яғни сауда капиталының (ірі сауда монополиясының) мүддесін қорғап, экспортқа жұмыс жасайтын сауда мен өнеркәсіптің дамуына ықпал жасайды. Екіншідең меркантилизм айналыс саласын зерттеуші, классикалық табиғаты жағынан сауда капиталының мүддесін қорғаушы, меркантилистік экономикалық саясатты мақсат тұтушы экономикалық ілім.Меркантилизм саяси экономияның алғашқы мектебі бола отырып, оның өкілдері мемлекеттің көмегі, абсолютизмнің көмегіне сүйенуге тырысты.Аюсолютизм, оның бюрократты армиясы, дәулетті өмір сүруші өкілдері қаражатты толтыру көздерін іздеді. Бұл туралы «Абсолюттік монархия байлыққа, соның ішінде ақшалай байлық көзіне мұқтаж болды»,- дейді К.Маркс.


Информация о работе Экономикалық ой туралы материал