Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 23:59, реферат

Краткое описание

Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Дүниежүзілік шаруашылық.
Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.
Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эконом теория.docx

— 31.46 Кб (Скачать документ)

Ғаламдық  проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :

  • милитаризация мен қару-жарақтану;
  • қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
  • қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
  • дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
  • ұлттық мәдениеттің жойылуы;
  • дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

 

 

 

Протекционизм

Фритредерство

Мағынасы:

Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу.

Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.

Артықшылықтары

Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Кемшіліктері:

Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.

Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).



Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет