Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 18:35, реферат
Фосфорит кені – әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты. Бірақ біздің ел бағалы кенге бай бола тұрса да, шикізаты фосфор болатын тауарлы өндіріс орындары мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан да біз көптеген тауар түрлерін импорттау үшін қыруар қаржы жұмсаудамыз. Ал жағдай осылай болып тұрғанда елімізде, Жамбыл облысында, Қаратау өңірінде мыңдаған отандастар жұмыссыз жүр. Бір назар аударарлық тұс, Қазақстанның осы саладағы ғылыми әлеуеті жаңа өнеркәсіп құруға лайық. Ал, сол әлеуетті қалай пайдаланамыз, оны уақыт көрсетеді. Айтқандай фосфор химиясын дамыту жөнінде Елбасымыз атқарушы билікке арнайы тапсырма берген болатын. Сол тапсырма –қазақстандықтардың үкілі үміті.
Фосфорит кені – әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты. Бірақ біздің ел бағалы кенге бай бола тұрса да, шикізаты фосфор болатын тауарлы өндіріс орындары мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан да біз көптеген тауар түрлерін импорттау үшін қыруар қаржы жұмсаудамыз. Ал жағдай осылай болып тұрғанда елімізде, Жамбыл облысында, Қаратау өңірінде мыңдаған отандастар жұмыссыз жүр. Бір назар аударарлық тұс, Қазақстанның осы саладағы ғылыми әлеуеті жаңа өнеркәсіп құруға лайық. Ал, сол әлеуетті қалай пайдаланамыз, оны уақыт көрсетеді. Айтқандай фосфор химиясын дамыту жөнінде Елбасымыз атқарушы билікке арнайы тапсырма берген болатын. Сол тапсырма –қазақстандықтардың үкілі үміті.
ИМПОРТ АЛМАСТЫРҒЫШ ӨНДIРIСТІ КҮТІП ТҰРҒАН ЖЕР
Қазақстанның «2010–2020» индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру барысындағы жұмыстар қызу қарқынмен жүріп жатыр. Ақиқатқа тура қарар болсақ, бізде халық тұтынатын тауарлы өндіріс жасау үшін де көптеген істермен айналысуға тура келеді. Өйткені, тәуелсіздік алғанға дейінгі еліміздің тауарлы өндірісінде негізінен шикізаттық сала ғана басымдыққа ие болып, соңғы тауар өндірісі Ресей мен Украинаның, Белоруссияның, сондай-ақ, Балтық жағалауы елдерінің халқы тығыз орналасқан жерлерінде ғана жасалды. Оның түпкі мақсаты – совет халқын жұмыспен жаппай қамту деген ұстаным болатын. Ақыр аяғында держава ыдырап, одан 15 республика енші алған кезде жалпыға бірдей өндірістік рецессия мен гиперинфляция орын алды. Өйткені, тұтынушы басқа жақта, өндіруші басқа жақта ал, шикізатпен қамтамасыз етуші мүлде басқа жерде болды. Осы үштіктің арасында дәнекер үзілді. Ақыр аяғында тұтынушы – тауарсыз, зауыттар – жұмыссыз, кеніштер – өндіріссіз қалды. Тәуелсіздіктің 19 жылы ішінде осы сәйкессіздіктің орнын қаншалықты толтырдық, оны енші алған 15 республиканың бүгінгі экономикалық әлеуетінен көруге болады. Біздің жағдайымыз құдайға шүкір, басқаларға қарағанда жақсы. Өйткені, шикізаттың аты шикізат, ол баршаға керек, өтпейтін тауар емес. Сондықтан да, біз өзгелерге қарағанда жақсырақ өмір сүріп жатырмыз. Десек те, бүгінгі жағдайымыздың мүлде көңіл көншітпейтінін мәлімдеген Елбасымыз атқарушы билікке елдің экономикасын тұтастай әр тараптандыру, әлемдік қор биржаларындағы баға құбылуларына тәуелсіз өмір сүре алатындай тауарлы өндірістік экономика құру – бұл ретте инновацияға, экспорттық әлеуетті өндіріске басымдық беру міндетін жүктеді. Мінеки, онжылдық бағдарламамыз осылай өмірге келген болатын.
Жоғарыда айтқанымыздай Қазақстанға көптеген тауарлы өндіріс нысандары керек. Өйткені, бізде ине жіптен бастап, бүкіл тұрмыстық тұтыну тауарларының бірде-бірі өндірілмеген. Міне, солардың бәрін еліміз импорттап жатыр. Қазір Қазақстан жыл сайын шамамен 25-30 миллиард доллардың өнімін импорттайды екен. Бұл – осыншама мөлшердегі валюталық қаражат сыртқа бекерден-бекерге кетіп жатыр деген сөз. Себебі, сол тауарларды өзімізде өндіру үшін мүмкіндік жеткілікті: ғылыми әлеуетіміз де, шикізаттық қорымыз да еш мемлекеттен кем емес. Демек, алдағы 10 жылдыққа арналған бағдарламаның бір бөлігін импорт алмастырғыш өндіріс құруға бағыттаған жөн секілді. Бұл ретте Қазақстанның фосфорды бастапқы шикізат ретінде пайдаланатын кәсіпорындар құруға ерекше назар аударсақ, ұтпасақ, ұтылмаймыз. Мәселен, осы 10 жылдық жоспарға әскери өнеркәсіп кешенін жасау енгізілген. Ал, фосфор – осы салада кеңінен қолданылатын шикізаттың бірі. Кәдімгі «түтін салғыштар» (дымовая шашка) әскерилерде де, ішкі істер қызметінде де пайдаланылады. Ал, бізде мұны шығаратын бірде-бір цех жоқ. Сондай-ақ, сары фосфор органикалық заттарды синтездеу барысында катализатор ретінде пайдаланылады. Бізге неге осы катализатор өндірісін ашпасқа. Фото-видео таспалары үшін де фосфор қолданылады. Ендеше, фото-видео өнеркәсібі үшін реактивтер өндірісін жолға қоюға болады ғой.
Қысқасы, Қазақстанда шикізаты мол және инновациалық өндіріс құруға сұранып тұрған аймақтың бірі – осы Қаратаудың фосфаритті алқабы. Егер біз осы алқаптың берерін мейлінше молынан алайық десек, отандық ғалымдармен бірлесе отырып, дәл осы аймақта иновациялық өндіріс орындарын ашуға тиіспіз. Бұл тауарлардың экспорттық әлеуеті әрқашанда бәсекелестікке қабілетті болады. Себебі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, шикізаты фосфор болатын тауарлы өндірісті жасап, соның игілігін көріп жатқан Еуропаның дамыған елдерінің өздері бастапқы шикізатты импорттайды. Ал бізде шикізат қоры жеткілікті. Егер дәл осы салада инновациялық өндіріс жасай алсақ, онда біздің еліміздің бұл шикізаттан табатын қаржылай кірісі ең кемі 3-5 есеге ұлғаяар еді. Бұл бастапқы инвестициялық қаражат бар болғаны 5 жылдың ішінде қайтарыммен оралады деген сөз. Екіншіден, осы аймақтағы халықтың қомақты бөлігі жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз етілер еді. Ал, әзірге бұл салада да аграрлар тірлігіндегі Ресейге арзанға астық сатып, ол жақтан қымбат арақ алдырып, мәз болып жүргендей кейіптеміз. Солай, ағайын!
Біздің қазаққа Алла Тағала байлықты аямай-ақ бергендей. Соның бірі – қарт Қаратауымыздағы фосфорит кені. Зерттелген фосфор қоры жағынан Қазақстан – әлем мемлекеттері арасында екінші орынды иемденетін ел. Егер фосфордың өміріміздің сан-саласындағы қажетті тауарларды өндірудің басты шикізат көзі екенін ескерсек онда біздің елге талайлардың күні түсіп тұр деп батыл айтуға болады. Кеңестер Одағы дәуірінде Қаратау фосфоры алып держава қажеттіліктерін толық өтеуші көзі ғана емес, сонымен бірге валюта түсіретін басты шикізат болғанын баршамыз білеміз. Өйткені қазіргі ғылымының дамығаны сондай, фосфор өндірістің көп саласында басты немесе жанама шикізат ретінде қолданылады. Ал көптеген елдерде мұның жоқ екенін жоғарыда айттық.
Қарапайым халық фосфорды тыңайтқыштың басты элементі ретінде біледі. Иә, одан егістіктің құнарын арттыратын суперфосфат, қос суперфосфат деген атауға ие болған құнды тыңайтқыштар алынады. Демек, біздің Қарату фосфоры аграрлы елдердің бәріне қажет. Бұл – бір. Екіншіден – фосфорит кенінен «сары фосфор» алынады. Ал мұның қолданылмайтын жері жоқ десек те болғандай. Қорғаныс саласында мұнайды тазарту ісінде, жағармай түрінде, органикалық синтез кезінде катализатор ретінде, кәдімгі газды құрғақ күйге айналдыру ісінде, металлургияның сан-саласында, қантты тазарту ісінде, суды тұщыту, нан-тоқаш пісіру, фармацевтика, фотореагент, тіс тазартатын ұнтақтар, қағаз шығару, сондай-ақ, кіржуғыш ұнтақтар даярлау, әрібері десін, металдарды дәнекерлеуші, сіріңке жасаушы салалардың бәрінде де фосфор бастапқы шикізат түрінде – бірінші қажеттілік. Осыдан-ақ, көрініп тұрғанындай күнделікті тұрмысымызда фосфор пайдаланылмайтын дүние мүлде жоқ деуге де болатын шығар.