Еуразиялық кеңістігіндегі бухгалтерлік есептің дамуы және тәжірибе алмасу саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:02, доклад

Краткое описание

Еуразияшылдық идея - бүгінде Еуразиялық кеңістікте орналасқан елдердің ынтымақтастығын, бірлігін, татулығын ұстап, тұрақты саясат, әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттайтын негізгі идея. Бұл идеяның негізін қалаған ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы Л.Н.Гумилев болды.. Оның мұралары тарихи, философиялық, этностық және саяси-экономикалық ойдың перспективалық бағыты ретіндегі еуразиятанудың терең негіздемесіне айналған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бухгалтерлік есеп.docx

— 52.41 Кб (Скачать документ)

V-секция: Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы мен болашағы

Еуразиялық кеңістігіндегі бухгалтерлік есептің дамуы және тәжірибе алмасу саясаты

Болысбек А.Қ. Нағыметуллаева М.М

ЕҰУ ІІ  курс студенті, Астана қ.

ғылыми жетекшісі:

э.ғ.к., аға оқытушы

 Досанова Б.Ұ.

 

 

Еуразияшылдық идея - бүгінде  Еуразиялық кеңістікте орналасқан елдердің ынтымақтастығын, бірлігін, татулығын  ұстап, тұрақты саясат, әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттайтын негізгі идея. Бұл идеяның негізін қалаған ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы Л.Н.Гумилев болды.. Оның мұралары тарихи, философиялық, этностық және саяси-экономикалық ойдың перспективалық бағыты ретіндегі еуразиятанудың терең негіздемесіне айналған. Қазақстан үшін оның Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы, түркі-моңғол әлемінің тарихын тану мәселесі бойынша жұмыс істегені аса маңызды.

Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі, Еуразиялық идеяның тәжірибелік бейнесі  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде  ұсынған Мемлекеттердің « Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы  болды. «Еуразия  одағы»  жобасы аймақтық мәселелерді парасатты тұрғыда, әрі  өзара тиімділікпен шешу мақсатын көздейді.

Осы ілімнің тәжірибеде жүзеге асуы бүгінгі күні елбасының бастамасымен құрылған ЕуроазЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді  мемлекетаралық аймақтық бірлестіктер қызметімен, Еуропа, Азия елдерімен  ынтымақтастықтан (соның ішінде ЕҚЫҰ, ОИК-пен), сонымен қатар Қазақстан  халқы Ассамблеясы форумдарымен, Әлемдік діндер съезімен дәлелденіп отыр. Аса ірі еуразиялық мемлекет - тәуелсіз Қазақстан Республикасының  табысты дамуының өзі Еуразиялық ілімінің нақты жүзеге асуын көрсетеді.

Еуразияшылдық идеяның негізінде  Еуразиялық кеңістігінде бухгалтерлік есептің дамуы мен тәжірибе алмасу саясатын жүзеге асыру арқылы экономикалық тиімді жоспарлау, дұрыс саяси-әлеуметтік шешім қабылдауға алып келеді. Қазақстанның бухгалтерлік есептік дамуы Еуразиялық кеңістіктік елдерінің бас қосуның  алғы шарты ретінде бастауын КСРО-дан  алады.

КСРО тарихында Теоретикалық концепциялар  және есеп тәжірибесі алғаш 1920 ж. 14 қыркүйегінде басып шығарылған НК РКИ КСРО СНК бекітілген мемлекеттік есептеу мен есеп берудің негізгі жағдайларында қарастырылып өтті.

Рахмилий Яковлевич Вейцман (1870 - 1936) Ресейде мәскеулік баластық мектепті кеңінен таратты. Ол үшмүшелік  баланстық теңдеуден тұрады 

А —актив,

С —капитал,

К —кредиторлық қарыз, мұнан шаруашылық өмір деректерін типтендірумен балансты, екі жақты жазу үлгісін және есепті шығарды. Мұндай ыңғай баланстық теория атағын алды, ол біздің есепте әлі де бар. Оның ерекшеліктерін келесі түрге келтіруге болады.

  • 1) есеп негізінде баланстық теңдеу жатыр А=П, яғни құралдар  (актив) қайнар көздерге тең (пассив);
  • 2) есептер баланстан шығады, ал оның теңдеуі екі жақты жазу үлгісінің теңдеуін күрделендіреді;
  • 3) есептер екіге бөлінеді актив және пассивтік;
  • 4) дебет және  кредит мәні қарама –қарсы түрде ауысады;
  • 5) оқуды баланстан бастау керек еді, жалпыдан жеке түрге бөлінді.

1960-90жж есептік орталықтандыру  жүргізілуіне байланысты бухгалтерлік  есеп ұйымдастырылды:

  • Есептік орталықтандыру қызметкерлер арасындағы жауапкершілікті, міндетті бөлуді жақсартты;
  • Қызметкерлер санын қысқартты;
  • Еңбек өнімділігін көтерді;
  • Есеп беруді ұсынды;
  • Ішкі есептеулерді жойды;
  • Материалды жауапты тұлғалардың қызметіне бақылауды күшейтті;

Шот жүргізу нысанының  дамуы:

  • 30-жылдары нақты карточкалық нысан пайда болды
  • 40- жылдары мемориалды ордер нысаны кеңінен қолданылды және типтік шот
  • 1960- жылдары мемориалды ордер нысаны кеңінен қолдалынып, мемориалды ордерлер толтырылды, салалық шоттар жоспарланды
  • БАС КІТАП

 

 

 

Қоғамның дамуына қарай  бухгалтерлік есеп социялистік және каптиталистік бухгалтерлік есеп болып  бөлінді.

 

 

 

Бұл бухгалтерлік есептің  даму жүйелеріндегі бухгалтерлік есепте болған өзгерістер мен жаңалықтар КСРО халықтарының барлығында жүзеге асрылып отырды.

        1. ТМД елдері және Қазақстандағы бухгалтерлік есептің даму үрдісі

 

Қазірде егемендігімізді алған  еліміз Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарына (бұдан әрі – ХАС) көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы  құруға бағдарланған реформалардың  стратегиясы айқындайды. Осы Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы  арқылы қазіргі кезеңде Қазақстандағы  бухгалтерлік есепке алу және аудит  жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалуы, алдағы жылдарда оны  дамытудың жолдары мен нақты  тетіктері баяндалған. Тұжырымдамада  баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті  реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

 Еуроодақтың пікірінше, ХҚЕС-ті  енгізу ЕО елдеріндегі қаржылық  есептіліктің біркелкілігін, дұрыстығын, айқындылығын және салыстырмалылығын  қамтамасыз ете отырып, бағалы  қағаздарды халықаралық саудаға  шығарған кезде тосқауылдарды  жоюға мүмкіндік береді. Еуропа  Одағының жоспарлары еуропа биржаларында  тіркелген 8700-ге тарта компанияға  қатысты, мұның өзі әлемдік  нарықтық капиталдандырудың 25 %-ын  құрайды.

Еліміз Еуразия кеңістігіндегі елдермен тәжірибе алмасу арқылы бухгалтерлік есепті дамытып қана қоймай, оған өзінің тарапынан жаңа ұсыныстар енгізуге жол ашылады.

Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі  аспектілерін (статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу және т.б.) қамтиды.

Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың  мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде  көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. «Бухгалтерлік есепке алу туралы»  заң күші бар Жарлығын (бұдан әрі  – Заң) 1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың негізінде әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын 1996 жылы енгізу, ХҚЕС-ке көшудің бастамасы  ретінде қызмет етті.

Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:

  • ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы санаттарға қолданылу қиындығынан;
  • бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен;
  • ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;
  • бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;
  • кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.

Сонымен бірге, ХҚЕС-ті мемлекеттік  немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде проблемалар бар, мұның  өзі ағылшын тілін меңгермеген  мамандардың ХҚЕС-тің ескірген редакциясын  амалсыздан қолдануға және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің қоры жаңадан бекіткен стандарттарды уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес ХҚЕСКҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі ХҚЕСКҚ-нің жазбаша рұқсатынсыз аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны немесе кез келген нысанда толық немесе ішінара пайдаланылмайтыны себепші болып отыр. Министрлік пен ХҚЕСКҚ Шектелген аумақта шектелген кезең ішінде авторлық құқықтан бас тартуды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде Қазақстанға ХҚЕС-ті тек қана мемлекеттік тілде, Республика аумағының шегінде аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі. Сонымен бірге, бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-ның бүкіл кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен, уәкілетті орган орыс тілінде жоғарыда көрсетілген ХҚЕС-қа көшу жөніндегі шартқа қосымша келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін  атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда  кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол  жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан  да  ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға  және уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз  жүзеге асырылмайды.

Бухгалтерлік есепке алу  мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен  тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне  жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу  мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын  ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша  жүзеге асыру қажет:

  • бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
  • халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
  • бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.

Алдағы жылдары дамудағы кейінгі бағыт – ХҚЕС-тың қазақстандық қаржы жүйесінің жағдайларына одан әрі бейімделуін жүргізу. Бүгінгі  таңда отандық қаржы жүйесінің  серпінді дамуы қазақстандық экономика  мен заңнаманың ерекшеліктеріне  негізделген ерекшелігі бар бірқатар институттардың туындауына әкеп соқтырды. Мысалдардың бірі ретінде чилилік  жүйесі принципінде құрылған және тиісінше ХҚЕС қаржылық есеп беруді жасаудың икемді тұжырымдамалы негіздерінің жиынтығын  білдіре отырып, отандық экономиканың жағдайларына тиісті бейімделусіз пайдаланыла  алмайтындықтан бухгалтерлік есепке алуды  жүргізудің ерекше рәсімдерін әзірлеуді  талап ететін Қазақстанның зейнетақы  қорларын атап өтуге болады. Осы  тапсырманы шешу үшін экономикасы дамыған  түрлі елдердің іс-тәжірибесін, шетелдік қаржылық есеп беру стандарттарын зарделеу жөніндегі бағытта жұмыс жүргізілді, бухгалтерлік есепке алу саласындағы  сарапшылармен консультациялар  жүргізілді және жүргізілген жұмыстардың  нәтижелері бойынша нормативтік  және өзге де құжаттар кешенін әзірлеу  жолымен Қазақстанда алынған  тәжірибені енгізу мақсатында ұсыныстар  мен іс-шаралар жасалды.

Еуразиялық кеңістікте Бухгалтерлік есепке алу және аудит  жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Тұжырымдамада  берілген орта мерзімді перспективаға  арналған даму жөніндегі негізгі  бағыттар бухгалтерлік және аудиторлық мамандықты одан әрі ұдайы қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстан нарығы мен қоғамды тұтастай дәйекті  және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіп. Экономика және қоғам  игілігіне жұмыс істейтін кәсіп. Концепцияны іске асыру қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсанында аса өзекті болып отыр.

Информация о работе Еуразиялық кеңістігіндегі бухгалтерлік есептің дамуы және тәжірибе алмасу саясаты