Қазіргі жағдайда балаларды әлеуметтік қорғау. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 14:19, реферат

Краткое описание

Періште (психолог) - өзіміз әркез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының шынары, адамның алуан құбылысқа толы жан сарайының сырлы да, мұңлы жұмбаққа толы, тіпті күрделі психологиялық мәдениетіне үңілуді былай қойғанда, астары мол ой жүйесі мен тебірене де түлей білетін, адам баласының – жан дүниесінде бір – біріне ұқсамайтын, жанаспайтын адам психикасындағы қарама – қайшы табиғатында кездесетін психологиялық мінез – құлқы туралы іс - әрекеттерді шешуші қоғамның, әлеуметтің қажет ететін сыйы деп білемін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 24.27 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Универрситеті Философия  және саясаттану факультеті

 

 

 

 

 

 

Сөж

Тақырыбы: «Қазіргі жағдайда балаларды әлеуметтік қорғау», «Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саясаты»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            Орындаған: Жанасілова Э.

                                                                                                     Тексерген: Қожахметова К. Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы ғаламшарда тоғыз планета, жұлдыздар, аспан денелері   күн жүйесінен жылу ала отырып, өз   жолымен   айналып жүреді. Осы менің «Күн» деп алып отырғаным   әрине, ол - психолог. Ендеше, психолог - өз тарапынан көмек күтетін, ақыл – кеңес алатын, ішкі жан   дүниесі   ауыр бір жараға толып қалған, мұқтаж   адамдарға   қол   ұшын   беретін   періште.

Періште (психолог) - өзіміз әркез мақтаныш ететін табиғат тылсымдарының   шынары, адамның   алуан   құбылысқа   толы   жан сарайының сырлы да,   мұңлы   жұмбаққа   толы, тіпті   күрделі   психологиялық   мәдениетіне үңілуді былай   қойғанда, астары   мол   ой жүйесі   мен   тебірене   де   түлей   білетін, адам    баласының – жан дүниесінде   бір – біріне ұқсамайтын, жанаспайтын адам психикасындағы қарама – қайшы   табиғатында   кездесетін   психологиялық мінез – құлқы туралы іс - әрекеттерді   шешуші   қоғамның,    әлеуметтің    қажет   ететін   сыйы   деп   білемін.

Адамды – бүкіл   тіршілік   желінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген   психикасы екені белгілі. Сол   психиканың дұрыс   дамуына ықпал ететін, адам тәрбиесіне қатынасы бар осынау жұмбақ сырлардың күрмеуін таратып, күллі   адамзаттың   тілегіне    айналдыру   біздің   мойнымыздағы парыз.   

Бүгінгі қоғам ағымдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар заманында  өмір сүріп жатыр. Бұл адамның  психологиясына да өз әсерін тигізуде. Адамдардың бойында ашушаңдық, бойкүйездік, зейіннің төмендеуі сияқты кері мінез-құлықтың пайда болуын тудыруда. Бұл ересектермен қатар мектеп жасындағы, тіпті кішкентай  балалардың бойында да байқалады. Балалардың бойындағы агрессивтілікті түсінбей ата-ана да, ұстаз да дабыл қағуда. Бүгінгі оқушы технократ, яғни ақпаратты  көбіне компьютер, телевизор сынды  жедел ақпарат көзінен жинақтайды. Бүгінгі қоғамда болып жатқан экономикалық дағдарыс, экономикалық тұрақсыздық, ақпараттық технологиялардың  жедел дамуы тікелей баланың психологиясына ісер етеді. Баланың дене бітімі жасына қарай өзгереді. Ал психикасының дамуы әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бала жеке тұлға ретінде қоғамдық ортада қалыптасады. Осы ортада болыпжатқан құбылыстардың барлығы-бағаның шарықтап өсуі, экономикалық тұрақсыздық, қаладық жердегі халықтың тығыз орналасуы, адамдардың күнкөріс мақсатында бір-біріне көңіл бөлуге уақыттың жеткіліксіздігі, жүйке жүйесінің тұрақсыздығы, кептелістер, айналадағы шу ересектермен бірге балалардың да психикасына кері ықпал етуде.

Психология- ХХІ ғасыр  мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде  психолог  болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын  ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды.  Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады.

Психологиялық мәліметтердің  басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін  қаншалықты шамада қолдануға құзырлы  екені, психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің  жалпы философиялық бағытын айқын  көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі  орнын, психология сияқты өзгерткен  емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес жіктеу жалпыға  ортақ болып саналады. Ол тақырыптары  ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған  үлгі -бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үш бұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді. 

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі  бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің  объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып  саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев  психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл  мәселені толығымен өңдеді [3, 14 б].  
 Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы жэне қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.  
 Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы эсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет. 

Физиология ағзаның қызметін жүзеге асыратын механизмдерін, ал жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы ағзаның  қоршаған ортамен "теңесуін" қамтамасыз ететін жүйке жүйесі жұмысының механизмдерін  қарастырады. Осы үрдістегі қоздыру  мен тежелудің негізіне жататын  жүйке талшығының жұмыс істеу  заңдылықтарының, жүйке жүйесінің  әр түрлі "қабаттарының" және күрделі  жүйке құрылымдарының атқаратын  рөлдерін оңай байқауға болады. Талдау мен жинақтауды жасауға, жүйке байланыстарының  түйісуіне себепші болатын бұл  құрылымдар адамның психикалық әрекеттерінің  негізгі түрлерін зерттеуші психологқа, оларды қарапайым сипаттаумен ғана шектеліп қоймай, әрекеттің бұл күрделі  түрлері қандай механизмдерге сүйенетінін, қандай аппараттар арқылы жүзеге асырылып, жүйелерде білінетінін көрсетуі үшін қажет. Бірақ психология ғылымының  негіздерін меңгеру үшін физиологияны ғана білу жеткіліксіз болады. 

XIX ғасырдың екінші жартысынан  басталған, психологияның жеке  ғылымға айналуына, оның табиғи  біліммен бірлесуі себеп болды.  Бұған психологияға эксперименттік  әдістің (Г. Фехнер) енгізілуін  де жатқызуға болады. Психологиялық  ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын  рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов,  И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың  еңбектері: Л.А. Орбели, П.К. Анохин, К.М. Быков, Н.И. Красногорский,  А.А. Ухтомский, Н.А. Бернштейн,  И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі  психологияның негізгі мәселелерін  өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық  идеялары үлкен ықпал етті. Олар  тіршілік иесінің ортаның ауыспалы  жағдайына бейімделуі кезіндегі  психиканың рөлін анықтауға, психикалық  әрекеттің төменгі түрден жоғары  түрге көтерілуінің мағынасын  түсіндіруге мүмкіндік берді  [4, 23 б].  

Психолог өсімдіктер мен  жануарлардың тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы бір жасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін  жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде  тіршілік ететін көп жасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретіндігін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер  дүниесінің арасындағы айырмашылықты  жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай  жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін  жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.  
 Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлқының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағдайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді. 

Айтылғаннан психологияның  қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Егер жануарлардың мінез-құлқының қалыптасуында  биологиялық шарттар негізгі  рөлді атқарса, адамның қалыптасуында  осындай рөлге тарихи қоғамдық шарттар  ие болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі  даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен — алынатын мәліметтерді есепке алмай  бірде-бір қадам жасай алмайды. Адамның психикалық әрекетін қалыптастыратын  қоғам жағдайларын тиянақты қадағалау  ғана психологияның берік ғылыми негізге ие болуына мүмкіндік  береді. 

Психология мен педагогиканың  байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық, К.Д.Ушинский былай деп айтқан: "Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек". Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестер мен рецептердің  қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге  көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының  барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді  қажет ететін мәселелер пайда  болады. Психологиялық үрдістер қозғалысының, динамиканың, білімнің қалыптасуының, дағды мен икемділіктің, мотивтер мен қабілеттер табиғатының, адамның  жалпы психикалық дамуының заңдылықтарын  білу, білім берудің түрлі сатысындағы  білімнің мазмұнын анықтау, білім мен  тәрбие беру, неғұрлым нәтижелі әдістерді  жасау және т. б. сияқты негізгі педагогикалық  мәселелерді шешу үшін маңызы зор. 

Қазіргі заманғы оқушыға  нені үйрету керек? Ғылымның мектеп үшін жинақтаған кең көлемді ақпараттарының ішінен нені, қалай алу керек? деген  сауалдар бойынша болатын өткір  талқылаулар тудырған мәселелер  тобы жиналып қалды. Әр түрлі жас  ерекшелік сатысындағы адам психикасы  дамуының мүмкіншіліктері мен резервтері қандай екенін жэне олардың шегі қайда  екенін психология анықтауы қажет. 

Педагогика тәрбиелеу  мәселесіне бағытталған кезде, психологияның  қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың  заңдылықтарын зерттеуді қажет  етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның  бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық; екіншіден, табиғи; үшіншіден, әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады. 

психология  өз даму жолында бастапқыда — жан  туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Əрине, қылық-əрекеттi бақылаумен объективтк деректердi зерттей аламыз, бiрақ  мұндай объективтк жалған, себебiбiздiң  əрқандай əрекет-қылығымыздың астарында  өзiмiздің ой, сезiм, ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынта-ықыласты бiлмейiнше, əрекет-қылықты тану мүмкiн  емес.

Психология  пəнiн нақтылауда болған дағдарыстар  себебi аталған теориялардың негiзге  алған əдiснамалық тұжырымдарында болып  отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объективтк дүние  мен субъективтк болмыстың ара  қатынасын идеалист тұрғыдан шештi.

Диалектикалық материализм тұрғысынан материя  алғашқы, ал сана екiншi, одан туындаушы, яғни объектив дүниен iң мидағы бейнесi. Осы түсiнкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т.б. түрiнде  бейнеленуi) бiр-бiрiне ткелей қарама-қарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйск, ой, сезiмдер т.б. материалдық органның мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларынын сана өмiрiне айналуының нəтижесi. Психика, сана ми қызметi нен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тəсiлi жоқ. Материя, психика жəне сананы бұлайша  түсiну диалектикалық материализмнiң  дүние заттығы жөн iндегi ережес iмен  түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi жасаушы материядан басқа  ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек  орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi.

Материяның  дамуы — бұл оның қарапайым  формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым  қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың  белгiлi бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде  материя органикалық қасиеттерге  ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi өмiр, табиғат жиынтығына ендi. Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындысы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнелендің түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымыны мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдаррөлiн атқарады. 

Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу  әдістерін сақтайтынын естен  шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің  бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология  және әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ  міндеті - психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің  бірігетін базасы болып, негізгі  психологиялық мәселелерді эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы  психология саналады. Психологиялық  пәндер жүйесінің зерттейтін басты  объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.  
 Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптарының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда психология теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнеркәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы жэне т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда. 

Информация о работе Қазіргі жағдайда балаларды әлеуметтік қорғау. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саясаты