Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 23:47, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық теория пәні өзарабайланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. Экономикалық теория курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық құбылыстарды талдау мен жалпылауға үйренеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«экономикалы- теория» П-нінен курсты- Ж-мыс жазу бойынша -дістем.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

  

 

 

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

 

 

                                             

 

 

                                           

 

 

 

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ – 2010

 

Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде аға оқытушы Б.Қ. Спанова және магистр А.А.Мусатаевамен өңделген

 

 

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, қабылданды.

 

 

 

 

 

 

29 тамыз 2009 ж.                               Хаттама № 1

 

 

Кафедра меңгерушісі:                      Жетпісбаева М.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық теория пәні өзарабайланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. Экономикалық теория курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.

Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.

Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.

Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық құбылыстарды талдау мен жалпылауға үйренеді.

Курстық жұмыс орындай отырып, студенттер экономикалық пәндерді оқып-білу барысында баяндамалар, рефераттар мен өзге де дербес жұмыс формаларын дайындау тәжірибесін иеленеді.

Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың мәні мен ролі келесілерден тұрады.

  1. Дербес еңбек ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
  2. Пән бойынша алған білімін тереңдету, жүйелеу және жалпылау.
  3. ҚР мен өзге елдердің экономикаға қатысты нақты статистикалық материалдарын жинау және талдау, оларды теориялық алғышарттар тұрғысынан жалпылау.
  4. Алынған білімді кәсіби іс-әрекет саласымен үйлестіре білу ептілігі.
  5. Кешенді тексеру.

Аталмыш әдістемелік ұсыныста курстық жұмысты жазу бойынша ұсыныстар беріледі. Аталмыш нұсқаманы басшылыққа алу студенттерге курс бағдарламасын меңгеруге, сондай-ақ экономикалық теория мәселелері бойынша түрлі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:

  1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
  2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
  3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
  4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
  5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
  6. Курстық жұмысты рецензиялау.
  7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

 

1. Курстық жұмыс тақырыбын  таңдау және бекіту

Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында жаңартылып, бекітіледі. Ол ҚР жүзеге асыратын экономикалық саясат өзектілігін ескеретін экономикалық теорияның барлық негізгі мәселелерін қамтиды (Қосымша 1).

Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:

Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;

Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;

Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;

Төртіншіден, ізбасарлық. Мысалы, егер тақырып ақша-несие мәселелері бойынша таңдалған болса, онда осы мәселені қаржылық менеджмент кафедрасы бойынша курстық жұмыста тереңірек қарастыруға болады. Сонымен қатар, курстық жұмыс материалдары курстық жұмысты жазу барысында жақсы теориялық негіз болып табылады;

Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.

Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент кафедрада өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі (Қосымша 2).

Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.

 

2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.

Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық  жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.

Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студен дербес түрде іріктеп қарастырады.

Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет. Периодикалық бөлімдегі аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.

Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.

Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.

Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.

Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп (7 қосымшада библиографиялық сипаттама мысалдары келтіріледі).

 

3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:

  1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.
  2. Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.
  3. Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.
  4. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.
  5. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.
  6. Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.
  7. Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.
  8. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.
  9. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.

 

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- бет парағы (Қосымша 3);

- жұмыс жоспары (Қосымша 4):

- кіріспе;

- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.

Бет парағы

Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.

Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:

  • ЖОО, факультет, кафедраның атауы;
  • Курстық жұмыс тақырыбы;
  • Студенттің аты-жөні, тегі, тобының нөмірі;
  • Ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары.

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.

Жоспар

Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.

Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.

Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды. 

Кіріспе

Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:

  1. Таңдалған тақырыптың өзектілігі;
  2. Экономикалық ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);
  3. Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;
  4. Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;
  5. Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.

Тәртіп бойынша, объект – бұл белгілі экономикалық категория немесе жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады. Мысалы, зерттеу объектісі болып ҚР қаржы жүйесі болса, ал пәні болып мемлекеттік бюджет танылады. 

Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.

 

 

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.

Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:

Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданыланы әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.

Екінші бөлімде экономикалық құбылыстар жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.

Үшінші бөлімде қарастырылып отырған экономикалық құбылысқа ықпал ететін факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.

Қорытынды

Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.

Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.

Қолданылған әдибеттер тізімі

Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі (Қосымша 8).

Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.

Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 7).

Қосымшалар

 Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.

Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни студент жауапты.

 

4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері

 

Жалпы талаптар

Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.

Курстық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы