Қазақстан Республикасының 2011 жылғы бюджеттік кірістері мен шығыстарына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 18:11, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарына тоқталмас бұрын мемлекеттік бюджет дегеніміз не дегенге тоқталғым келеді.Мемлекеттік бюджет дегеніміз- мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а)Мемлекеттік бюджеттің кірістер құрылымы;
б)Мемлкеттік бюджеттің шығыстар құрылымы;
в)Қазақстан Республикасының 2011 жылғы бюджеттік кірістері мен
шығыстарына сипаттама.
III Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

мем карыз кіріс.docx

— 27.71 Кб (Скачать документ)

                                            Жоспары:

 

I   Кіріспе

II  Негізгі бөлім

    а)Мемлекеттік бюджеттің кірістер құрылымы;

    б)Мемлкеттік  бюджеттің шығыстар құрылымы;

    в)Қазақстан  Республикасының 2011 жылғы бюджеттік кірістері мен

       шығыстарына сипаттама.

III  Қорытынды 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарына тоқталмас бұрын мемлекеттік бюджет дегеніміз не дегенге тоқталғым келеді.Мемлекеттік бюджет дегеніміз- мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

     Мемлекеттің  кірістері деп экономикалық қатынастардың  жүйесін айтады,бұл қатынастардың  процесінде мемлекеттің жұмыс  істеуінің материалдық базасын  жасау үшін мемлекеттің меншігіне  түсетін қаражаттардың жиынтығы  құрылады.

     Ал мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары.Экономикалық категория рентінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,жетілдіру,қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі.Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол,ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық,әлеуметтік,басқару,қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

    "Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексіне"  сәйкес мемлекетке  түсетін кірістердің  көзі төмендегілер болып табылады.

1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер:

корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;

2)  салықтық емес :

республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері;

3)  негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер :

(республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);

4) ресми трансферттердің түсімдері:

(облыстық бюджеттерден,    республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджеттерінен алынған  ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).

Республикалық бюджетке республикалық  бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік  қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.

Млн.тг

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Табыстар

3 505 345

4 299 132

5 370 826

Оның ішінде:

     

Салық түсімдері     

2 228 682

2 934 081

3 982 338

Оның ішінде:

     

Корпорациялық табыс салығы

643 669

837 233

1 050 380

Жеке табыс салығы:

268 725

312 332

376 245

Қосылған құн салығы

515 934

677 229

865 213

Акциздер

57 393

61 423

76 400

Жеке меншік салықтар

122 973

148 408

161 169

Әлеуметік салық

232 840

253 830

296 843

Басқа салықтар

387 149

643 626

1 156 088

Салықтан тыс түсімдер

136 176

104 398

138 597

Негізгі капиталды сатудан түскен түсім

35 887

60 653

49 481

Трансферттер түсімі

1 104 600

1 200 000

1 200 000


 

Кестеден көріп отырғанымыздай мемлекеттік бюджеттік табыстардың негізін салықтық түсімдер болып отыр.Оның ішінде корпорациялық табыс салығы.Ал оның алдынғы жылдарымен салыстырып қарасақ,бюджеттік табыстың жыл өткен сайын көбейіп отыр.

Осыған қарап салық  дегеніміз не және елімізде салықтың қанша түрі бар деген сұрақ  туады. Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 74,1% құрайды. Қазақстан Республикасында мынадай салықтар бар:

  • корпоративтік табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • экспортқа рента салығы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
  • әлеуметтік салық;
  • көлік құралы салығы; жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • ойын бизнесі салығы;
  • тіркелген салық;
  • бірыңғай жер салығы.

 

 

 

Республикалық бюджеттің  шығыстары мына бағыттар бойынша  жұмсалады:

1) жалпы  сипаттағы мемлекеттік қызметтер  көрсету:

Қазақстан Республикасы Президентін  және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар  өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің  бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік  қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік  статистикалық есеп, мемлекеттік  службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі  салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік  сыйлықтар беру және мемлекеттік  наградалармен марапаттау және басқалары.

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру  және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің   басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын  жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін  ұйымдастыру, экономикалық және қаржы  сфераларындағы құқық қорғау қызметі  және басқалары.

3)  құқық,  сот, қылмыстық-атқару қызметі: 

  әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.

4) білім  беру:

 білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.

5) денсаулық  сақтау:

жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6)  әлеуметтік  көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: 

бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға  зейнетақы төлемдері,  мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік  арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік  жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың  отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық  кеңістік:

8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және  қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

9) өнеркәсіп,  жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:

10)  көлік және коммуникациялар:

11) экономикалық  қызметті реттеу:

 стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12)  басқада бағыттар:

облыстық бюджеттерге, республикалық  маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми  трансферттер, үкіметтік борышқа  қызмет көрсету және  оны  өтеу,   мемлекеттік кепілдіктер  бойынша  міндеттемелерді орындау.

 

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Шығындар

3 746 840

4 457 165

5 423 255

Жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызмет

166 063

224 944

296 481

Қорғаныс

187 615

221 345

264 503

Қооғмдық тәртіп және қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі

316 190

368 776

448 495

Білім беру

660 917

755 295

986 773

Денсаулық сақтау

450 493

551 326

626 310

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

758 308

905 273

1 133 573

Тұрғын үй комуналдық шаруашылық

304 049

334 155

389 283

Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік

173 618

227 564

201 640

Отын энергетикалық кешен  және жер қойнауын пайдалану

58 577

79 720

112 491

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған орта ны жіне жануарлар әлемін қорғау

168 118

207 074

270 763

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

30 921

28 236

24 817

Көлік және коммуникация

337 512

390 669

449 231

Өзгелер

64 853

68 170

97 264

Борышқа қызмет көрсету

69 207

94 617

121 675

Информация о работе Қазақстан Республикасының 2011 жылғы бюджеттік кірістері мен шығыстарына сипаттама