Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 14:10, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Содержание

Кіріспе 1
I бөлім. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 3
1.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 3
1.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 5
1.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 7
II бөлім. Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары. Инвестицияны жүргізу тәртібі және есебі 9
2.1. Банктің инвестициялық қызметі мен саясаты 9
III бөлім. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың даму перспективасы 10
3.1 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 10
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын реферат.doc

— 125.50 Кб (Скачать документ)

Елдер тобы бойынша  жылдық тікелей шетел инвестициялар статистикасы (млрд. доллар)

 

1995

1998

2001

2004

Барлығы

Экспорт

137

238.5

188

205.5

Импорт

126.9

206.3

173.3

197.3

Дамыған

елдер

Экспорт

133.9

228.3

179.9

210.3

Импорт

113.2

174.6

103.2

156.6

Даму үстіндегі

елдер

Экспорт

3.1

10.2

8.1

7.2

Импорт

13.7

31.7

70.1

81.9


 

1.3. Инвестициялық қызметті  реттеудің теориялық негізі

 

Экономикалық  инвестиция    саласындағы мемлекеттің   рөлі   бірқатар   факторлармен  анықталады.  Оларға  біз келесіні  жатқыза  аламыз: нарықтық  қатынастардың  деңгейі, экономикалық  жағдайдың ерекшеліктері, ұлттық   дамуға қатысты  қойылған  мақсаттардың  сипаты және  т.б.

Қазіргі  кездегі   экономикалық  саясаттың   негізгі  мақсатын  іске асыру – қазақстандық экономиканың тұрақты өсуіне көшіру –  инвестициялық  белсенділікті   ынталандаруды алғы  мәселелердің  қатарына  қойып отыр. Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикадағы  инвестициялық қызметті белсендіру тек жан-жақты, тиімді жасалып  шығарылған  мемлекеттің  инвестициялық  саясаттың  нәтижесінде  ғана  болуы  мүмкін.

Қазақстан экономикасының инвестиция саласындағы мәселелер   айтарлықтай деңгейде қалыптаспаған  нарық механизмі, дамудағы мемлекеттің  маңызының  төмендету  жағдайында мемлекеттік басқару   жүйесінің  нашарлануымен байланысты. Нақты  секторды көтеруді  қамтамасыз  ету  үшін сыртқы  және  ішкі ақша ағымдарын  тиімді  нарықтық  басқарудың болмауы қазіргі кезде инвестициялық қызметке қатысты   мемлекеттік  реттеуді  күшейтуді  қажет  етеді.

Сонымен  бірге   экономиканың   қалыптасқан  жағдайларын   есепке  ала  отырудың  негізінде   қалыптасқан   нарық  талаптарына  пайдалануға  шығарылған мемлекеттік экономикалық тұжырымдамаларының  ұсыныстарын   қолдану  саралауды   қажет  етеді.

 Инвестициялық   үрдісті  мемлекеттік  реттеу,  белгілі  теориялық   тұжырымдарға сүйенеді. Батыстың экономикалық   тәжірибесінде   негізгі   экономикалық  реттеу  тұжырымдамалар   ретінде  инвестициялық   үрдісті  мемлекеттік реттеудің түрлі әдістерін қамтитын кейнсиандық пен  монетаризм қолданылады. Сонымен қатар кейнсиандық теорияны   жақтаушылар  басты   назарын  экономикалық  өсу  мақсаттарына  жетіге   қойса,   монетаризмді   қолдаушылар   ақша   айналымының,  баға  деңгейінің  және  валюта  бағыттарының   тұрақталуына   аударады.

Кейнсиандық доктринаға  сәйкес  инвестициялық сұраныс  жалпы  ұлттық өнімнің динамикасын анықтайтын басты құраушы болып   табылады.  Жеке  меншік  инвестициялық   сұраныс   үнемі  өзгерісте болып   тұрады.  Ол  келесі  факторлармен шартталады:

1) жиналым және  инвестиция  субъектілері    түрлі  негізде жиналым және  инвестиция  туралы   шешімдер  қабылдаушы   топтар  ретінде  болуы;

2)  инвестицияны  қаржыландарудың   негізгі   көзі  болып  тек   қана  ағымдағы   жиналымдар  емес,  сонымен  бірге   жеке  қожалықтардағы  жеке   жиналымдар, несиелік  ұйымдардың  ақша  қаражаттарының эмиссиясы  да   болуы  мүмкін.

Осыған орай  кейнсиандық    тұжырымдама  жеке  қожалықтардағы  жеке   жиналымдары  мен  коммерциялық  банктердің   несиелерінің өзгеруі   жағдайында   инвестициялар  мен  жиналым  көлемдері  арсындағы  үзілуді   қарастырады. Жеке сұраныстың өзгермелілігі экономикалық   тұрақсыздығын  тудырады  да,   мемлекеттің  іске  араласуын  қажет  етеді.

Кейнсиандық  тұжырымдама  моделінің логикасы келесіден тұрады. Ең  алдымен, жорамалданып  отырған  ақша  көлемінде,   айналымда, несиелік  мөлшерлеме    бекітілді  делік. Кейнсиандық ұсыныс хаттарына  сәйкес  инвестицияны  ынталандыру  мақсатында  мемлекет   ақша  ұсыныстарын  көбейтеді.   Сақталып  отырған  ақшаға  деген  сұраныс  кезінде  нарық  атаулы ықпалға  пайыз  мөлшерлемесін   төмендетумен  жауап  береді.  Ақша  нарығындағы   өзгерістер   инвестициялық    нарықтың жауап  беруіне  түрткі  болады:   несиелік  мөлшерлеменің азаюы  несиенің арзандауы  мен құнды  қағаздар   бағытының  өсуі  салдарынан  инвестицияның  өсуіне әкеледі.  Өндіріске  құятын  салынымдарды ұлғайту кезінде   ұлттық  өнім  көлемі  өсіп,   табыс салмағы  өседі.   Сонымен,  мемлекеттің  қысқа  мерзімді   араласуы   нвестицияның  және  өндірістің өсуіне әкеледі.  Алайда  нарықтық  механизм   табыстың  көтерілген  деңгейіне және  сәйкес келген   ақша  сұранысының  өсуіне  жауап  бере  отырып,  пайыз  мөлшерлемесін  ұлғайтады  да, инвестицияның  тоқтауына әкеліп  соқтырады.  Сонымен,  нарықтық  механизм,  мемлекеттің  араласуына  жауап  беріп,  аяққы  кезде  алғашында  пайда  болған  ұмтылысты бәсеңдетеді. Ақша  салмағын ары  қарай   өсіру   саясаты  инфляциялық  қаржыландыруға әкеліп  қана  қоймай,  пайыз  бойынша  ақшаға  деген  икемді сұранысқа да  әкеледі. Соның  нәтижесінде экономика Д. Робертсон бейнелеген өтімді  тұзаққа тап болады.  Ақша   салмағын  әрі қарай өсіру ешқандай  тиімділік бермейді,  себебі пайыз мөлшерлемесі белгіленген минимумнан төмен түспейді. Бұл жағдайда   инвестициялық нарық ақшадан түрткі алмай, өндірістің төмендеуін  тудырады.

Демек, депрессия жағдайында, пайыз мөлшерлемесі азаймаған  жағдайда, пайыз  нормасының динамикасы  арқылы инвестицияға  ықпал  ету  механизмі   іске  аспайды. Арзан  ақша  саясаты  банктердің несие  беруге  әзір  екенін білдірмейді.  Төменгі  пайыз құнды  қағаздар  бағытының  өсуін шарттағанымен, фирмалар  өз  құнды  қағаздарын сатудан  пайда  түсірмейді. Сол  себептен  өтімділікке  бас  бұру  ұлғаяды, ақша  салмағының  өсуі   төлеуге  қабілетті тұтынушылық сұранысты өсіреді де, тауар   ұсынысының  азаюына байланысты бағалардың инфляциясының өсуіне әкеліп  соқтыртады. Несиелік-ақша саясаты жарамсыз болғадықтан, кейнсиандық үлгі  экономиканы тұрақтандыру үшін фискалды саясатты қолдануды  қарастырады.  Бұл  шара  инвестициялық сұранысқа ынталандыру  ықпалын  тигізгенмен, мемлекеттік бюджеттің ұлғаюына әкелмек. Ал оны  қаржыландыру   нарықтың  тепе-теңдігінің  бұзылуына әкеледі.  Біріншіден,  ол жеке меншік инвестициялар нарығынан ақшаның мемлекеттік  міндеттемелерге кетіп  қалуына  себепкер болады. Соның нәтижесінде   жиналымдар  мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабуға (өтеуге)  жұмсалып кетеді. Екіншіден,   несиелік  капитал   нарығында ақша  қаражаттарының  жетіспеушілігі банк несиесінің мөлшерінің өсуін, құнды қағаздар  бағытының   төмендеуін  шарттап,  инвестицияның  азаюына  әкеледі.

II бөлім. Екінші деңгейлі банктердің  инвестициялық функциялары. Инвестицияны  жүргізу тәртібі және есебі

2.1. Банктің инвестициялық  қызметі мен саясаты

 

Банктердің  инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктің инвестициялық  саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
  • баланс   активі   мен   пассивіндегі   квазиинвестициялық 
    операциялардың үлесін анықтау;
  • инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер 
    мен атқарушылардың жауаптылығы;
  • инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
  • бағалы  қағаздар  сапасының  деңгейінің  және  өтеу 
    мерзімінің тиімділігі;
  • инвестициялар  портфелінің диверсификациялануына  қойылатын негізгі талаптар;
  • портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
  • сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
  • пайдалар мен зияндардың есебі;
  • компьютерлік камтамасыздандыру бағдарламалары.

Банктердің  инвестициялық қызметі, жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға, кепілдік беруге (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Тәжірибеде  коммерциялық банктер қаржылық, сонымен  қатар шынайы инвестициялаумен қызмет атқарады. Инвестициялық қызметтерді  талдауды салыстыру арқылы жүргізіледі, біріншіден, экономикалық пайда жағынан; екіншіден, ұзақ мерзімді перспектива жағынан; үшіншіден, тәуекелділіктер жағынан және оның банктік қызметіне әсер етуі.

Коммерциялық  банктер сырттан тартылған құралдар негізінде жұмыс істегендіктен, банктік операциаларды екі ірі түрге бөлінеді – пассивті (ресурстарды ынталандыру бойынша) және активті (оларды орналастыру бойынша).

Пассивтерді келешек инвестицияларға құрудың  ерекшеліктері:

  • олар ұзақ мерзімді пассив болуы керек (2-10 жыл және одан жоғары);
  • олар максималды арзан ресурстар болуы керек, ал жағымсыз жағдайда салымдарға пайданы қамтамасыз етуге болады.

Сондықтан инвестициялауға  пассивтер негізінде келесілерді  қарастыруға болады:

  • инвесторлар қаржылары;
  • банктің меншікті қаржылары;
  • клиенттердің шоттарындағы қаржылар қалдығы;
  • Ұзақ уақтылы, мерзімді пассивтер;
  • Клиенттердің кепілдік міндеттемелері;
    1. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы мемлекеттің арнайы шығаратын бюджеттік қаржылар.

 

 

 

 

 

III бөлім.  Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық саясаттың даму  перспективасы

3.1 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары

 

      Экономиканың ашықтығына ұмтылу ұлттық өндірістік бәсекелес қабілеті, әлемдік нарықта сенімге ие болу, халықаралық қаржы айырбасқа қатысу шетел инвестициясын тартуға әрекеттестіреді.

      Басқа да көріністер секілді шаруашылық өміріне шетел инвестициясы экономикаға оң және теріс әсер ете алады. Бұлардың ағымы бір жағынан бір мәселелерді шешсе, екінші жағынан басқа мәселелерді қоздырады. Кейбір басылымдарда шетел инвестициясы экономикалық дағдарыстан шығудың басты құралы ретінде бағаланады.

      Шетел  инвестициясы біздің экономиканы  демонополизациялауына 90 жылдары  әсер етті және әсер етуде.

      Қалыпты  нарықтық экономикаға фирмалар  нарығындағы монополиялық жағдай және олардын одақтары мен бірлестіктері тән емес, өйткені еркін болып қойылмайды, өндірісті ынталандыратын және реттейтін нарықтық механизмдер іске қосыла алмайды. Осындай саясаттың негізгі құралы болып антимонополиялық заңдар табылады, олар кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар арасында бәсекелестікті құрып, оны жүзеге асыруына көмектеседі. Сол себептен көптеген елдерде монополиялар мен өте ірі корпорацияларға қолданылатын антимонополиялық заңдар бар.

      Нарық  монополизациясының төмендеу кезінде  кәсіпорын басшыларына тауарға кез келген баға қоюына құқық беру тауардың бірнеше есе қымбаттауына әкеледі. Қарқынды инфляция басталады. Бұдан шығуына әсер еткен фактор ішкі нарықты демонополизациялау, ал бұл өз кезегінде монополист фирмаларды бөліп қана қоймай, Қазақстанның ашық экономикалық бағыт алуына байланысты шетел тауарларының енуі мен территориясында шетел кәсіпорындардың қалыптасуына әкелді. Осы жағынан шетел кәсіпорынның ағылуы ел экономикасына он әсер етті. Шетелдік тікелей инвестиция дамыған елдердің кәсіпкерлерімен алмасқан тәжірибе арқылы ұйымдастырушылық және техникамен қамтамасыздандыру деңгейіне әсер етті. Еліміздің шетелдік инвестициясының объектісіне айналуы қосымша ақша сомасын алып қана қоймайды, сонымен қатар, тікелей және портфельдік салымдардан түскен пайданың шетелдік займдар формасы қызмет көрсетіп, қайтарады. Шетелдік тікелей инвестиция бір елден инвестиция арқылы басқа елдегі кәсіпорынды басқару бақылауына алу.

      Шетелдік тікелей инвестиция шетелдік жабдықтаушыларға кезеңдік барьерден 2 тәсіл арқылы айналып өтуге болады:

  • оз елінде кәсіпорынды құрып, тұтыну нарығы ретінде тандап алған елге өнімнің экспорттау ;
  • басқа елде кәсіпорын құрып, өз тауарымен ішкі нарыққа ену.

      Бұдан шетелдік инвестиция шетелдік кәсіпкерлер үшін оз тауарлар мен қызметін ұсынатын елдегі отандық жабдықтаушылармен бәсекелес кезіндегі күшті бір сүйеніш.

      Соңғы  он жылда әлемде тікелей инвестицияның  осу тенденциясы байқалады. Тікелей  инвестицияны экспорттайтын елдер  үшін табыс алуға өндірістің  көлемі мен тиімділігін өсіруге, тауарлар мен қызметті экспорттауға мүмкіндік береді. Тікелей инвестицияны қабылдайтын елдер үшін дамудың қосымша, тіпті кейбір кезде негізгі көзі болып, өндірісті кеңейту мен сыртқы экономикалық мәселелерді шеше алады. Сондықтан болар шетел тікелей инвестициясын әлемдік экономикада өсу мен глобализациялау факторы ретінде бағаланады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы