Ақша жинау техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

Әдетте кітаптарда жалақының 10 % инвестициялар үшін ақшаны бөліп жинау керек деп жазады. Және көбі солай істеуге тырысады да. Алайда жиһаз немесе автокөлікке ақша жинау тек үш адамның бірінің қолынан ғана келеді. Ал әңгіме ақшаны инвестициялар үшін жинау туралы болса, қатынас шамамен жиырмадан біреу ғана.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақша жинау техникасы.docx

— 26.07 Кб (Скачать документ)

Ақша жинау техникасы

Әдетте  кітаптарда  жалақының   10 %  инвестициялар үшін  ақшаны  бөліп жинау    керек  деп  жазады. Және  көбі солай істеуге тырысады  да.  Алайда   жиһаз немесе  автокөлікке   ақша  жинау  тек  үш адамның бірінің  қолынан ғана келеді. Ал әңгіме  ақшаны инвестициялар  үшін  жинау туралы  болса,   қатынас  шамамен   жиырмадан  біреу ғана.  Мұның негізгі себебі  мынада, қаржы  жинау туралы мақалалар мен кітаптар негізінен  адамдарды ақшаны  бөліп  жинаудың пайдалылығына сендіруге арналған. Әрине,  бұл кітапты немесе  мақаланы  оқығандардың жартысы ақшаны  бөліп  жинаудың  пайдалы екендігімен келіседі. Осыған байланысты ақшаны  қалай  бөліп жинау керек  деген сауал  туындайды. Осы  жерде  адамдардың негізгі  бөлігі  сүрінеді. Қарапайым ақыл-кеңестер  іс  жүзінде адамдардың көбіне жарамайтыны анықталды. Бұл қалай суда  жүзуді   немесе  автокөлік жүргізуді  үйрену керектігі туралы ақыл-кеңестерге  ұқсас  болып шығады. Мұнда не  қиындық бар: «Суға секір  де  жүзе  бер» немесе «Рульді айналдыр  да газға  бас!» дейді. Жүзу  денсаулыққа пайдалы, ал көлік жүргізу – уақыт үнемдейді.  Кейбіреулер  жүзуді немесе көлік  жүргізуді осындай  тәсілмен-ақ  үйренеді. Ал қалғандары  барынша  жан-жақты  және  біртіндеп басшылық  жасауды талап етеді.  Сондықтан, қане,  ақшаны  бөліп  жинау техникасын  жан-жақты және  біртіндеп талқылайық. Бұл орайда  мен  сіздер туралы   инвестициялар  үшін ақшаны  бөліп жинаудың   өте  пайдалы екендігіне сенеді  және ақша  үнемдеудің  амалдарын , жалпы  алғанда, біледі  деген  пікірдемін. Сонымен, егер іске  көшетін  болсақ,  болашақта сізге  пассивтік   кіріс  әкетін тыныш  өмірді  қамтамасыз ететін   инвестицияларға ақша  жинауды   қалай үйренуге  болады? 

№ 1 ереже  

Егер сіз  инвестициялау  үшін ақшаңызды  нақты  қайда салатыныңызды  білмесеңіз, онда  оларды   жұмсап жіберетінің  анық. Егер сіз ақшаңызды  қайда құятыныңызды  дәл білсеңіз, табысты  қор  жинау  мүмкіндігі бірнеше есе  ұлғаяды.  Жай ғана «еш нәрсе  үшін емес» ақша жинау адамға   әлдеқайда  күрделі.  Түсінік қажет. Айталық , сізде  «Мен қаржыны  акцияға салғым келеді» деген  түсінік  бар.  Мәселен. адам 30 мың руб. жинады  да  брокерге келді  делік. Ол оған: «Біздің  минималды  сомамыз 50 мың руб., әуелі ИНН алыңыз» дейді.Адамның  ақшаны  жұмсап жіберету  кепілдігі  90  %.  Егер адам  минималды соманың  қанша екендігін алдын ала  білсе, оның  үстіне ИНН алуға, келісім-шартты  оқуға  және т.б.   психологиялық   дайын  болса, ол әрине, қажетті ақшаны  бөліп жинап    қойып, өзінің алғашқы  инвестициясын алған  болар еді.  Сондықтан № 1 ереже инвестициялаудың  немесе сатып алудың (акциялар,  өз ісіңіз, жылжымайтын мүлік  және  т.б) әлеуетті нысандары  туралы көбірек  біліңіз, олардың  қайсысына сіздің  шамаңыз келетінін және қайсысы  көңіліңізден шығатынын анықтаңыз, содан кейін ғана ақша жинай  бастаңыз.

№ 2 ереже

Өзіңіздің  шама-шарқыңызды  біліңіз,  көрпеңізге  қарай көсіліңіз.  Мысал арқылы  түсіндіріп көрейік. Егер сіз  бар ақшаңызды   киімге,  кафеге  баруға,  қонаққа  баруға  жұмсасаңыз, сіз  тіпті  жиһаз бен  жөндеу жұмыстарына  да  ақша  жинай алмайсыз. Айталық ,сіз  бірнеше ай  бойы бірден пайдалануға  болатын  ірі зат сатып алуға   ақша  жинай алмай жүрсіз . Ендеше  пайдасын  бірнеше  жылдан кейін  көретін  инвестицияға  ақша   жинай  аласыз  ба? Мен сенбеймін. Сіз  де сенбейсіз  деп  ойлаймын. Ақша  жинау  қуанышын сезініп көріңіз.Бір ірі  нәрсеге  бірнеше ай  бойы   ақша  жинаңыз. Сатып  алған  затыңызға  қуаныңыз.  Өзіңізге  ноутбук сатып алыңыз,  бір жаққа  демалып  қайтыңыз, оқудың ақысын  төлеңіз.  Бәлкім , ақша  жинау  ұнап  қалар? Бұдан кейін сіз  инвестициялар  үшін  де  ақша  жинай аласыз.

№ 3 ереже

Қор жинауға  көбірек ақша  бөліп  отырыңыз. Шетелдік автордың  кітабын қалай  оқымайын, солай өте ақылсыз   әрі  жұмыс істемейтін  кеңестерге  көзім  түседі. Ол табысыңыздың  10 % бөліп қалдырып  отырыңыз деген кеңес.  Және  былай  дейді: «Бұл  шағын сома, сондықтан  бюджетіңіздегі  табыстың азайғанын байқамайсыз». Солайы-солай.  Табыстың 90  %е әрине  қиналмай-ақ  өмір сүресің.  Бірақ, алға  жылжудың байқалмайтындығы айтылмайды. Ал адам  үшін алға  жылжудың   көзге көрініп  тұруы  маңызды. Есептеңіз -10 % деген  қанша және    бір-екі  жылжан соң, қандай  сома жиналатынын  бағамдап  көріңіз. Бұл сома ешкімге шабыт  бере  қоймайды, өйткені  әңгіме  жақсы автокөлік  сатып алу   немесе  инвестиция  жайында ғой. Айталық, табыстың  10 % бөліп  шығарып  қор  жинадық  делік, Бір, екі ай, жарты  жыл  өтеді, нәтижеге қарай жылжу  байқалмайды. Не болады? Жауабы анық: Ол адам ақша  жинауды  қояды.

Табыстан  10 % бөліп  жинау   -  бұл ең   жұмыс істемейтін кеңестер тізіміндегі ең  жұмыс істемейтін кеңес.   

Ендеше не істеу  керек? Әлдеқайда  көбірек  бөліп жинаңыз. Қанша?  Алға  жылжушылық  болу  үшін, 30-50 % ,  ал егер  70 % болса,   тіпті  жақсы. Қарсы  шығатындар көп. «Мен тіпті 10 % бөліп  жинай   алмаймын, ал сіз 50 %  дейсіз» . Мұның  барлық мәні  сонда, 7 ай  бойы 10 %-тен  бөліп  жинағанша,  бір айда  бірден 70 % бөліңіз. Егер  табысыңыз  жетпесе,  қосымша  жұмыс іздеңіз,   кәсіби  біліктілігіңізді  жетілдіріңіз, жұмысыңызды ауыстырыңыз,  жалпы, қол қусырып  отырмаңыз.  Менің  және менің  таныстарымның  барлық ірі дүниелері , мейлі автомобиль,  пәтер немесе  зейнеткерге арналған  жаңа  диван болсын,  жылдамдатылған режімде сатып  алынған. 

Тағы да қайталап айтамын, бір-екі жыл  қиналып, ірі  дүниелер сатып  алу  немесе инвестициялау -  бұл 10 жыл  бойы  10 проценттен  ақша  жинаудан гөрі, психикаға   әлдеқайда жайлы. Мен  бұдан  да қаттырақ айтайын, «аз-аздан» ақша  жинау стратегиясы  мүлде жұмыс істемейді. Ол туралы  ұмытыңыз. 

№ 4 ереже

Сіз ақша  қоры өзінен-өзі  жинала  беретіндей, ал оның  жұмсалуы  - қиын болатындай жағдай  туғызыңыз. Адам  өзінің ерік  күшін  тым асыра  бағалайды, ал өз    маңайындағылардың әсерін  бағаламайды.   Тақырыпқа жанаспайтын шағын бір мысал.  Күніне  1 қорап (20 тал) шылым  шегетін адам  бұл әдетінің  зияндылығын  біле тұра,  темекіні тастай алмады. Сол адам  шипажайға келсе,  оны  4-ші қабатқа  орналастырыпты ( мысал шынайы  өмірден алынған). Шипажайда  темекіні  тек  далада тартуға  рұқсат беріледі екен. Әлгі адам күніне 3 шылым  ғана тартып, ол  үшін аса  қатты  қинала  қоймаған. Бұл  6-7 есе аз деген сөз.       Демек,  сыртқы  шарттарды  өзгертсе  болды, таңғажайып нәтижеге  қол  жеткізуге  болады екен. Өзімізді  біз  басқармаймыз, сыртқы   шарттар  бізді басқарады.  Бірақ  біз  сол  сыртқы  жағдайларды  өзгерте алмаймыз! Осы қағидаттың барлық   күшін ұғынған кезде,  менің  өмірім әлдеқайда  жеңіл әрі тиімді  бола  бастады.  Ендеше, қане,  ақшаны    жинау  оңай, ал  жұмсау  қиын  болуы  үшін, өз жүйемізді  құрып көрелік. Қарапайым ғана  жүйенің өзін  құру бір мақалаға немесе   бір кітапқа  жүк  болады, бірақ ақша  жинау мысалында қысқа сөйлеуге тырысайық.    Айталық, егер сіз табысыңызды ала салысымен, оны  түгелдей әмияныңызға салып  жүретін әдетіңіз болса,  сіз  оны үйге тастап, тек  өзіңізге  қажеттісін ғана  бірге алып  жүргеннен  гөрі, әлдеқайда  көбірек  жұмсайсыз. Бұл орайда сіз  жақсы  немесе  жаман  адамсыз ба, ақша  жинағыңыз келе ме,  жоқ па, ол  жағы маңызды емес.  Бұл - жай  табиғат  заңы. Сәйкесінше, қажеті  болмаса,  өзіңізбен  бірге  барлық ақшаны  бірге алып  жүрмеуді  үйренгеннен кейін, құр  бекерге ақша шашуды азайтатыныңыз  белгігі. Банк карточкасы туралы  да соны айтуға  болады.  Барлық  жалақыңды  өзіңмен  бірге алып  жүру  де сондай. «Қалай ақшаны  карточкаға  аудара  бастадық. , солай ақша   жетпейтін  болды»,- дегенді  өз таныстарымнан  талай естігенмін.  Мен барлық ақшаны  тұрақты  түрде  өзіңізбен  бірге  алып  жүретін және байқамай әрі  ешқандай  қиындықсыз  бөтен ақшаны  несиеге  алуға  болатын  кредиттік  карта  туралы айтып  отырғаным  жоқ. Кредиттік  карта  дегеніміз – бұл қаржы ісіндегі  нағыз  жалмауыздың  өзі. Кредиттік  картаны   жеке қаржы үшін пайдалану  әдеті –   денсаулық  үшін   ішімдік пен  темекінің  зияндығымен   бірдей. Сондықтан кредиттік  картадан  обадан қашқаннан  да жылдамырақ қашу керек  деген  қорытынды жасаймыз. Жалақы   картасын (егер  ол болса) да  лақтырып  тастаған  жақсы, сөйтіп  тек кәдімгі  банк шотын пайдаланған жөн.   Келесі қадам,  ақшаны    үйде  бір   жерде  емес,  бөлек-бөлек  қойып сақтау.  Бір  жерде азық-түлікке арналған ақша, екіншісінде – коммуналдық төлемдер  үшін және т.б.  Егер сізде  тек  бір бума ғана ақша  болса, әр  нәрсеге  бөліп  қойғаннан гөрі,   көп жұмсауыңыз  мүмкін. Осы  тақырыпқа  жазылған тамаша  мақала бар. «Конверттердің   күші  және  бюджет  жүргізудегі  қателіктер»  деп аталады. Ақша жинауды  қалай  оңайлатуға  болатындығын  тағы да   ойластырып көрейік. Егер   жалақының  бір  бөлігін қолға  алмай,  жұмыс  орнынан бірден  өзіңіздің  банктік  шотыңызға  аударса  ше? Ал егер  банктік келісім- шартты біреуге  беріп  қойса  ше? Банкте  қол  жеткізу  қиын  болатын  шот ашып  қойса  қалай  болады? Ал егер ақшаны  ала сала  бірден    жинаққа  жіберуге  дағдыланса  ше?   Ал егер... Сіз  өзіңіз  үшін   бірнеше  ереже  ойлап таба аласыз. Олардың  қағидаты  мынадай болуы керек:  ақшаны  жұмсауды  барынша қиындату, ал қор жинауды  барынша  жеңілдету (әрине, ерік   күшінің  көмегінсіз болмайды). Осы қағидаттардың  қай-қайсысын  үйде,  гипермаркетте және т.б. жүзеге асыруға  болатынын  бос уақытыңызда    ойланып көріңіз. Содан соң  бірнеше  қағидатты  таңдап алып,  оларды іске асырыңыз.

№ 5 ереже. Үнемдеуге  үйреніңіз.

Үнемдей  білу, кезкелген  басқа   дағдылар сияқты,  игеруді және үзбей дағдылану үшін  біршама   күш-жігерді талап етеді. Кейбіреулерді  бұған  бала кезден  баулыған.  Ал енді біреулерге әлі  үйренуге  тура келеді. Сізге  үнемдеу дағдысын үйренуге  шамамен  2 айдай  уақыт  бөлуді, сонымен  қатар,  оны үзбеу  үшін    З ай бойы апта сайын  арнайы уақыт  бөлуді  ұсынамын.  Кейде  үнемдеу  туралы  оқығанда,ірі  дүниелерден үнемдеу керек  дегенді , мәселен, автокөлікті арзанырақ  алып, оны ұзақ  пайдалану және т.б.  кездестіремін. Мен мұнымен келісемін.  Бірақ.   үйрену  үшін ірі  дүниелер  жарамайды. Олар  бірнеше айда  немесе жылына бір-ақ рет  болуы  мүмкін, ал бізге қажеті -  күнделікті  жаттығулар. Үнемдеуді  үйрену  үшін күнделікті шығындар едәуір  қолайлы  болмақ.

Мен қандай  жаттығуларды  қолдандым және сіздерге  ұсынамын.

Үнемдеудің пайдасы  туралы  бір  дәйек-сөзді  тауып алыңыз  және таңдап алыңыз. Күн сайын сол   дәйек-сөзді қайта-қайта  оқып, ол жайында 10-15 минуттай  ойланып-толғаныңыз.Мәселен маған  мына  бір дәйек-сөз ұнады: «Үнемсіздік  -  іскерлік  жарамсыздықтың, аңқаулықтың, ақылсыздықтың  дәлелі. Ақшаны  ұстай  білетінін дәлелдей алмаған адамды байыпты  қабылдауға  болмайды». Алайда  бұл -  менің  дәйек-сөзім. Сіз  өзіңізге көбірек  ұнайтынын таңдап алыңыз.

Өзіңіздің  үнемдеу  жоспарыңызды  құрыңыз және  оны  қайта-қайта  оқыңыз, күнделікті  шығындарыңызға талдау жасай отырып, оны толықтырыңыз. Жоспарыңыздың әрекеттері өте   қарапайым әрі   нақты  болсын. Мысалы «ДВД  дискілерін сирек, ары кетсе   2 аптада  бір рет сатып алу», « кафеге  түскі асқа  баруды тоқтату», және  т.б.  Біраз уақыттан кейін мұндай  тармақтар оншақты немесе  одан  да көбеюі  тиіс. Жоспарыңызда  бәрін  бір күнде  жазуға тырыспаңыз.  Жоспар  тармақтары жасаған талдауыңыздан туындайтын  болсын және  оны  қайталап  оқу -  өз-өзіңізді иландырудың   бір  түрі. Егер сіз шығындарыңызға  күнделікті  талдау  жасап, жоспарыңызды  қайталап оқитын болсаңыз,  үнемдеу  әрекеттері  біртіндеп «өзінен-өзі» жүзеге асқандай  көрінеді 

Өзіңіздің   бір күнгі   шығыныңызды алып,  жылдың  365 күніне  көбейтіңіз, айталық, тағы  10 жылға. Сонда сіз өзіңіздің   күнделікті   әдеттеріңіздің  шынайы  құны  қанша екендігін  біле аласыз. Бұдан 15 жыл бұрын ,атап айтқанда,  осы  жаттығуды жасаған соң, мен   қор жинауды   бастадым.  Менің тұрғын  үйім жоқ болатын, үнемі оның  қымбат екендігін айтып  қыңқылдаушы едім. Алайда менің жұмыстан кейін  хот-дог жеп, бір  лимонад  ішетін  әдетім  бар еді.  Өмір  үшін ешқандай  қажеттілігі  жоқ   әрі  денсаулыққа  өте  зиян сол әдетімнің 10 жылда  қанша  тұратынын   есептегенде,   қатты таңғалдым. 10 жылда  150 мың руб.шықты. Ал менің күн сайынғы әдетімнен  басқа, ай сайынғы  және  жыл сайынғы әдеттерім  бар  болатын. Бір-екі ай есеп жүргізгеннен   кейін,  мен  қыңқылдауды  қойып,  ақша  жинай  бастадым. 2,5 жылда  өзіме аса  қымбат емес бөлме сатып алдым. Бұл бір  жолғы  жаттығу емес, тиімділікке  қол  жеткізу  үшін  оны  күнделікті  жасау керек.

Сонымен, күнделікті   3  жаттығу.

№ 6 ереже. Үнемдеумен тұйықталып  қалмаңыз.

Есте сақтаңыз, үнемдеу  - ақша  ұстаудың ең маңызды  дағдысы, бірақ ол ,сонымен  қатар, бірнеше  негізгі дағдылардың  бірі ғана. Есіңізге салайын, ақшаны  басқарудың ең жалпы  түрінің  үш дағдысы  бар.  Бірінші  дағды –көбірек ақша табуды  үйренуден  тұрады. Екінші  дағды - ақшаны    жинақтаудан, яғни әрдайым   шығыстың  кірістен азырақ болуынан, үшінші  дағды - алған ақшаны сақтап қалудан, және  мүмкіндігінше   көбейтуден  тұрады, оны  әдетте  инвестициялау  деп атайды.    

Үнемдеу  дағдысының  орасан  артықшылығы, оны кәсібі,  жас  мөлшері  және   мүмкіндігіне  қарамастан, кезкелген  адам   игере алады.Менің алдымда көп мысалдар  жатыр.  Зейнетақыға   күн   көретін әжелер, жалақысы  олардың зейнетақысынан 3-10 есе артық  балаларына  көмектесіп  тұрады.  Егер  дағдылардың біреуін ғана меңгерсе, соның  өзі  тамаша.Үнемдеуді  дамытуға  бірнеше ай  тіпті   бір  жыл арнауға  болады. Алайда  аз-аздан   болса  да,   үш дағдыны  қатар  меңгерген  абзал.

№ 7 ереже.     Үнемдеу  және  қор жинау түсініктерін ажыратыңыздар.

Бұл мақалада мен  ақша  жинау  техникасы  туралы  жазып  отырмын  және «үнемдеу»  сөзін сирек  қолдануға тырысамын. Іс  жүзінде  бұл екеуі  бір  нәрсе,  бірақ соңғы кездері «үнемдеу» сөзі мүлде  басқа  мағынаға  ие болуда. Бір-екі мысал  келтірейін.

Анекдот:

Әйелі  үйіне келіп, күйеуіне:

- Қымбаттым, біздің  бюджетімізге  3 мың рубль үнемдедім.

- Қалайша?

- Мен  бүгін  қызыл  жанып  тұрғанда бірнеше рет  жүріп өттім. Ал маған бірде бір рет айыппұл салған  жоқ.  Ал үнемделген ақшаға  өзіме   юбка сатып алдым..

Тағы  бір мысал. Мен  отбасылардың  шет  жақтағы  гипермаркеттерге барып,  жақын жердегі  дүкендерге қарағанда   10-15 % арзан   азық-түлік  сатып алып,  сол арқылы «үнемдейтінін» жиі көремін.Айталық, отбасы азық-түлік, шаруашылық  тауарлары және  т.б. үшін 10 мың. руб. жұмсайтын болса,  «үнемдеу» 1-1,5 мың.руб. шығады. Сәйкесінше,  отбасы арзанырақ  дүкенде  сауда  жасаған  әр ай сайын банктік  шотқа  қосымша 1-1,5 мың.руб.  түсіп отырады. Бірақ  80 % жағдайда  бұлай  болуы мүмкін еместігін  түсінетін  шығарсыздар. Ендеше,  үнемдеу  қайда? Ақша  басқа  қажеттілік  бұйымдарына бөлінді. Гипермаркетке  байлынысты мысалда   ақша әдетте   қымбатырақ  тұратын  басқа  азық-түліктерге  жұмсалады,  белгілі  бір  бөлігі кафеге, көлікке және т.б.  кетеді.  Мұндай  «үнемдеудің» көптеген  жағдайларында,  жақын маңдағы дүкеннен сауда жасауға  қарағанда, тіпті  кеткен уақытты айтпағанда, ақшаның  өзі де  көбірек   жұмсалып кетеді.  Сондықтан«мен  үнемдедім» деген кезде,  әрдайым өзіңізден: көрсетіңізші, үнемделген ақша  қайда? - деп сұраңыз.Экономика  тәсілдерін білу   және оның  пайдалылығын  түсіну. Осы екеуі  қосылса,   үнемдеу дағдысын бірнеше ай ішінде  оңай  үйренесіз.

Информация о работе Ақша жинау техникасы