Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 18:34, курсовая работа
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi.
Кiрiспе .........................................................................................……………........3
I. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………...5
1.1 Ақшаның шығу тегi ............................................................…………...5
1.2 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi .....……...8
1.3 Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………..19
II. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi ....................………..22
2.1 Ақшаның металдық теориясы ..........................................………….22
2.2 Ақшаның номиналистiк теориясы ......................................………...24
2.3 Ақшаның сандық теориясы ..............................................…………..28
Қорытынды ....................................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….34
Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”
Қағаз
ақшалардың пайда болуы металл айналысының
объективтi заңдылықтары мен капитализм
тұсындағы тауарлы өндiрiстiң
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде болған.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.
XVII
ғ. алдындағы капиталистiк
Сырттай
қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет
тарапынан жасалынған – толық
құнды ақшаның орнын
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:
Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр жапырақ қағазға дейiн жұқарды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер
“нағыз” ақшалар айналыста
Ақшалар
ешқашанда алтынға
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар несиелiк ақшалар жүредi.
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
2.3 Ақшаның сандық теориясы.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929
ж. ұлы депрессиядан кейiн
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Теңдiкте
көрсетiлгендей экономикадағы
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн, өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Бiздiң республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретiн болсақ, онда ол төмендегiдей:
М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;
М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;
М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзiмдi салымдарын қамтиды;
М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу.
Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:
Осыдан ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:
Ақша
массасы өсуiнiң бақылау
Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнiмдi орналастыру коэфиценттерiнiң өте төмендiгiн бiлдiредi, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.
Қорытынды.
Жоғарыда атап өткендей, ақшаның өмiр сүруiндегi объективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi. Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм .
Сондай – ақ ақшаның тағы да бiр басты қасиетi оның өтiмдiлiгiнде. Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады. Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.
Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Олар:
Сондай – ақ ақшаның жалпы құрылымы , оның теориялары қоғамның дамып, өзгеруiмен қатар бiрге дамып, жан – жақты жетiлуде. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда, сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып, олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.
Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор, ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап, реттеп отырады. Ал ақша айналысының дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн, мысалы инфляцияны атап өтсек болады. Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады, “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады. Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы, ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.
Елiмiзде
ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап
“ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен
бастап қызмет етуде. Бүгiнгi таңда
теңгемiз халықаралық
Қолданылған әдебиеттер.