Қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Содержание

Қаржы жүйесіне анықтама
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айдана Экон.Қаржы жүйесі.docx

— 45.21 Кб (Скачать документ)

Демек, жалпы қаржы  жүйесі бұл-мемлекет пен кәсіпорындарыдың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасында  макро және микроэкономиканың қаржы  жүйесін реттеліп отыратынқаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бөлуді жүзеге асыраты қаржы мекемелері құрайды .

Қаржы жүйесі анықтамасының  бұл қағидалы үлгісіне сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

-қаржы қатынастарының  жиынтығы;

-ақша қорларының жиынтығы;

-басқарудың қаржы аппараты.

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады: Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылғанжәне орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды. Бұдан бұрын айтылғандай, қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет қоры, амортизациялық қор, айналым қаражаттарының қоры, тұтыну қоры, резерв қоры және көптеген ақша қорларын қамтиды.

Қаржы қатынастарының нысандары  мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні  құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі — қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржыжүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктермен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да,қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш айқасуын білдіреді. Қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы қағидалы бірлігі жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сферасы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы құрамын құрайды.

Жалпы қаржы жүйесінің құрамы бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланады

Сонымен бірге қаржы құрамын  мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандары мен олардың  сыртқы көрінісі әртүрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады.

Жалпы институтционалдық  тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан- ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Өзінің тарихи дамуында қаржы  жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы  қатынастарының пайда болуы кезінде  қаржы жүйесі, жалпыға мәлім әдетте тек бір буынмен- мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржыларқұрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларынорындап отырады.

Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады

1.мемлекеттік бюджет жүйесі;

2.мемлекеттік несие;

3. жергілікті қаржылар;

4.шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржылары;

5. халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы;

Қаржы қатынастарының алғашқы  екі бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржылар мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Жергілікті қаржылардың әлеуметтік рөлі, олардың құрамы бүгіндей жеткілікті органдарға жүктелінген функцияларды сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономиаклық бағыттылығымен анықталады.

Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады.

Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік  қаржы жүйесімен, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар еңбекке ақы төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктердің алумен байланысты: басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, мемлекеттік және мекемелердің, өндірістік емес сфера ұйымдары мен кәсіпорындарынң қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатынақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда болуда. Мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъетілердің қаржылары сферасындағы қатынастарға ұқсас.

Жеке меншік және мемлекеттік  кәсіпорындардың қаржылары сферасының бастапқы табыстары, сондай-ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру керек. Қазақстанның қаржы ресурстарының теңгерімінде қамтып көрсетіледі. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

мемлекеттік және муниципалды қаржылар

шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы

Аталған сфералаардың әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметнің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгілі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылары сферасында мынандай буындарды бөлуге болады: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылыры; коммерциялық емес ұйымдардың қаржылыры; қоғамдық ұйымдардың қаржылыры. Мемлекеттік қаржылар сферасында тиісінше, мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік несиені, арнайы қорлар мен резервтерді алуға болады.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың (ұйымдардың) қаржыларының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындардың қаржылыры, ал меншік нысандарына қарай- мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жеке және басқа кәсіпорындардың қаржылыры болып бөлінеді. Мемлекеттік қаржылардың құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру мемлекеттік басқарудың деңгейіне сәйкес (республикалық, жергілікті) жүзеге асырылады. Сақтық қатынастар сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне бөлінеді.

Қаржы жүйесін  ұйымдастырудың қағидаттары.

Қаржы жүйесін құрудың  негізіне мына қағидаттар қойылған:  Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі.Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына, кәсіпорындары мен ұйымдарына кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы  органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы  дербестігі анағұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау.Бұл қағидат  қаржы қатынастарында аймақтық дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық теңдікті қамтамасыз етуді де талап етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік және әкімшілік – аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыс, аудан мен қаланың қаржы органдарының жергілікті әкімшіліктің  аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.       

 Қаржы жүйесі  бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын-ала айқындалып отырады. Қаржыларды барлық буындарын басқару біріңғай негізгі заңнамалық және нормативтік кесімдерге негізделеді. Қаржы жұйесі бірлігі қаржы  ресурстарыныңи басты көздерінің ортақтастығына (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстылығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде  болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың  барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен теңгерімдердің өзара үйлесу жүйесінде нақты көрінісін табады.       

 Қаржы жүйесінің  жеке құрамды элементтерінің  функционалды арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министірлігі жүзеге асырады.  Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппарат анықтайд және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және тіпті үкіметтің басқаруына беріледі.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістрге ұшырап, қайта  құрылуда. Қаржы жүйесін қайта  құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықты қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие жүйесі-нарықтық механизмдердің неұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларның  бірі.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі — ұлттық табыста, макро және микоэкономиканың кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптен жігінің қал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Мемлекеттік бюджет құрылымы, Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

Қаржы жүйесінің негізгі  буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекетік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Нарықтық қатынастарға көшу бюджет баланстылығына қатты әсер етті. Ол жылма –жыл қарыздар болған кәсіпорындар иығына артумен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылу нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырады.  

 Мемлекеттік  бюджет-мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі мен немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жек баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығы жою үшін табыс  бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын  бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының айырмашылығын жабу үшін, мемлекет қиыстыруымған вариантына көшеді. Демек мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының, белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.

Мемлекеттің ішкі қарызынан  басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Мәне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады. 

 Несие-Банк  жүйесі. Ақша қорының ауыспалы айналымы кезінде кәсіпорын, бірлестік, акционерлік қоғам, холдинг, трест, концерн мен шығын және орта бизнес серіктестерінің өндіріс уақыты мен өнім айналысы арасындағы айымашылыққы байланысты шарушылықтың кейбір бөлімшелерінде уақытша ақша қорының пайда болғандығын байқаймыз. Ал,қалған бөлімшелерде ақша қорына қажеттілік туып отырады. Осы мүмкіндіктер несие-банк жүйесінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тұрғындар мен әртүрлі ұйымдарда уақытша еркін қалған ақша қорлары пайда болады.

Әлеуметтік-бағытталған  аралас нарықтық экономикада қарыз  нарығы қалыптасады. Ол қаржы нарағының  құрамына енген.

Қарыз нарығы-қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу объектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған ақша қорын қайта бөліп, жаңадан ақша рсурстарын құрайды. Банк ұсынатын несиелер-қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді несие бір жылға беріліп, айналым қорларын қалыптастыруға жұмсалады. Ұзақ мерзімді несие он жылға және одан да көп уақытқа беріліп, кәсіпорынның негізгі қорларын улғайтуға жұмсалады.

Информация о работе Қаржы жүйесі