Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 13:01, реферат
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал(жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Айналым капиталдың тиімді басқарудың жолдарын анықтап,жағдайын талдау.Айналым капиталдың жетілдіру жолдары және бағалау көрсеткіштері
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал(жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің
бір бөлігі шикізат, материалдар өндірілген
өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық
субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды,
ал басқа бөлігі отын тек өз құнын көшіреді,
бірақ сол субстанцияны зат негізін жасауға
қатыспайды. Айналым капиталының шикізат
пен материалдар түріндегі құны өндірістің
толық уақытынаавансыланады. Сондықтан
тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы
айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа
кезеңді салаларына қарағанда аз болып
келеді. Тауар сатылған соң айналым капиталының
құны айналым саласынан ақшалай күйде
толық қайтып оралады және қайтадан өндіргіш
капитал элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының
мөлшері өндіріс көлемі мен айналым уақыты
арқылы анықталады. Ауыспалы айналым процесінде
капитал құнының бір бөлігі өндірістік
айналым капиталының материалдық қоры
түрінде болады. Егер капитал айналымы
бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап
қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер
айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға
мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда,
керісінше, айналым капиталы құнының бір
бөлігін босатуға мүмкіндік туады.Негізгі
капиталдың қорлануы мен өндірістің өсуі
өндіріске қажетті қорларды көбейтуді
қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза
пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру
немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым
капиталының кейбір элементтерінің бағасы
өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін
бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша
қаржы жұмсауы керек
Айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Капиталдың басқару жолдарының негізгі бағыттары болып мыналар саналады:
-экономиканы жақсартуға
бағытталған қазаіргі кездегі
өндірістің тиімділігін
-әлеуметтік-экономикалық
тұрақсыздық пен нарықтағы
Айналым капиталын жоспарлау,есептеу
және анализ тәжірибелерінде келесі белгілері
бойынша жіктейді:
1.Өндіріс процесіндегі функцияларды рөліне
байланысты –айналмалы өндірістік қорлар
және айналыс қоры.
2.Жоспарлау,басқару,бақылау тәжірибелеріне
байланысты –нормаланатын және нормаланбайтын
айналым құралдары.
3.Айналым капиталын қалыптастыру көздеріне
байланысты-жеке меншік айналым капиталы
және қарызданған айналым капиталы.
4.Ликвидтілігіне байланысты ,яғни ақшаға
айналу жылдамдығына байланысты – тез
өткізілетін айналым құралдары, баяу өткізілетін
айналым құралдары.
5.Капитал салымдарының тәуекел салымдарына
байланысты- минималды тәуекелділікті
салымдар айналым капиталы,азайтылған
тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,орташа
тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,жоғары
тәуекелділікті салымдар айналым капиталы.
6.Материалдық-заттық мазмұнына байланысты-еңбек
құралдары (шикізат,материалдар,жанармай,
Айналым құралдарының топтары:
1.Айналмалы өндірістік қорлар (өндіріс
сферасындағы немесе өндіріс процесіндегі
қорлар) 1.1. Өндірістік қорлар (запастар)
-шикізат
-Негізгі материалдар
-сатып алынған жартылай фабрикаттар
-жанар май
-қосымша материалдар
-арзан бағалы тез тозатын құралдар
1.2.Өндіріс процесіндегі құралдар
-аяқталмаған өндіріс
өзі өндірген жартылай фабрикаттар
-болашақтағы шығындар.
2. Айналыс қорлары(айналыстағы айналым
құралдары) 2.1.Өткізілмеген өнім:
-кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім
-тиелген бірақ ақысы төленбеген өнім
- қайта сатуға алынған тауарлар
2.2.Ақша қаражаттары
-касса
-есепшот
-валюталық шот
-бағалы қағаздар
-Басқа кәсіпорындармен, мекемелермен
есепайырысулар.
2. Басқару деңгейіне байланысты
нормаланатын және нормаланбайтын болып
бөлінеді.
Нормаланатын құралдарға айналмалы
өндірістік қордың барлық құрамы және
айналыс қорының қоймадағы өткізілмеген
дайын өнім түріндегі құрамы жатады.
Нормаланбайтын құралдарға айналыс
құралдарының қалған элементтері жатады,
яғни, тұтынушыларға жөнелтілген, бірақ
бірақ әлі ақысы төленбеген құралдар және
есеп айырысулар мен ақша қаражаттарының
барлық түрлері жатады. Нормаланатын айналым
құралдары кәсіпорынның қаржылық жоспарында
көрініс табады, ал нормаланбайтын айналым
құралдары жоспарлаудың объектісі болып
табылмайды.
3. Айналым құралдарының жеке меншік
және қарызданатын болып бөлінуі кәсіпорынға
ұсынылатын айналыс құралдарының шығу
көздері мен түрлерін көрсетеді, яғни
айналым құралдарының қолданылу мерзімі
уақытша әлде тұрақты екенін көрсетеді
Жеке меншік айналым капиталы кәсіпрорынның
меншік капиталы ( жарғылық , резервтік
капитал) негізінде қалыптасады, бұл құралдар
тұрақты қолданыс режимінде және жоспарлау
объектісі болып, қаржылық жоспарда көрініс
табады.
Қарызданған айналым құралдары
банктік және банктік емес несиелерден,
облигациялық займдардан, кредиторлық
және т.б. берешектерден қалыптасады. Олар
кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі.
Бұл құралдарға қажеттілікте жоспарлау
объектісі болып қаржылық жоспарда көрініс
табады. Әр түрлі елдерде жеке меншік айналым
құралдары мен қарызданған айналым құралдарының
арасындағы әр түрлі қатынастарды пайдаланады.
Ресей- 50/40, АҚШ- 60/40, Жапония – 30/70.
Нарықтық экономика жағдайында
экономикалық қызметтің барлық экономикадағы
негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да,
бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп,
қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды
үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника
мен технологияларды қолдану мәселелері
кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы,
төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті
айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен
байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік
процесіне тікелей қатысып, өндірілген
өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды
элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері
үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы,
олардың көлемі, активтерді қолданудың
тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау
объектісі болып табылады. Айналым капиталын
тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз
ете білу де маңызды болып табылады, түптеп
келгенде айналым капиталын қаржыландыруды
ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының
маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз
етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым
капиталының болуы. Айналым капиталының
мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін
қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен
анықталады. Айналым капиталын тиімді
пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін
анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының
үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс
қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы,
ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл
өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол
төмен. Кәсіпорында айналым капиталын
ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым
капиталының қажеттілігін анықтау, олардың
құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін
табу және оларды реттеу, айналым капиталын
басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың
елеулі резервтері құрамына шикізат пен
негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар,
тез тозатын құралдар және басқа да еңбек
заттары кіретін айналым капиталын орынды
пайдалану есебінен өндіріс шығындарын
одан әрі төмендете
Айналым капиталдың жетілдіру жолдары және бағалау көрсеткіштері
Айналым
активтері кез келген фирмада
жалпы активтердің көп бөлігін
құрайды. Оны дұрыс басқарудан шаруашылық
жүргізуші субъектінің
Нарықтық қатынастардың дамуы
фирманың қысқа мерзімді
Үздіксіз өндірістік
үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі
өндірістік қорлармен қатар оған еңбек
заттары мен материалдық ресурстар қажет.
Еңбек заттары еңбек еңбек құралдарымен
бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың
құны өндірілетін өнімнің материалдық
негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын
құрайды. Өндірістік айналым капиталдың
заттық элементтерінің айналымдылығымен,
еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік
қорлармен тығыз байланыста болады.
Айналым капиталы (айналым каражаты)
және оны жетілдіру жолдары – кәсіпорын
капиталының өзінің ағымдағы активіне
салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік
белгі бойынша айналым капиталының кұрамына:
еңбек заттары (шикізат, материал, отын
және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр
өнім, кайта сатуға арналған тауар, ақшалай
каражат және есептердегі каражат енгізіледі.
Айналым каражаты өзіне тән ерекшелікпен
жоғары жылдамдықпен айналады. Айналым
каражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін
камтамасыз етеді.