Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 16:32, реферат
Германия — экономикасының негізінде қазіргі заманғы озық техниканы игерген мемлекет екендігі. Әлем бойынша өнеркәсіп өндірісінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды иеленген.
Кейінгі жылдары Германия капиталдары халықаралық миграциясына қатынасуда белсенділік көрсетіп, капиталдың іріленген импорттары мен эксиорттарына айналады.
Қара металлургия мен түсті металлургия жақсы дамыған. Түсті металл, соның ішінде алюминий мен никель алғашқы сатыда.
Машина шығарудан экспорт бойынша әлемде 1-ші орынды иеленген.
Химия өнеркәсібі медикаменттер (дәрі-дәрмектер) шығарады. (1-ші орын экспорт бойынша әлемде).
Жеңі және тамақ өнеркәсібі тауарлардың түрлі ассортиментіне бай.
Майсен қаласында шығарылған фарфор ең жоғарғы сапалы тауар ретінде танылған.
Жоғарғы өнімді ауыл шаруашылығы үшін мемлекет территориясының 50%-дан астамы пайданылады.
Жалпы ауыл шаруашылық өнім құнының 70%-ы мал шаруашылық өнімдерін береді. Сонымен қатар құс шаруашылығы да жақсы дамыған.
Егін даласында өндірілетін (өсірілетін) дақылдары: бидай, сұлы, картоп, қант қызылшасы, жеміс-жидек пен көкөніс.
Экспорт бойынша мына елдермен байланыста: Еуропа қауымдастығы - 55,3%, Франция (11,3%), Ұлыбритания (8,3%), Италия (7,3%), Нидерланды (6,3%), Бельгия-Лкжсембург (5,1%), АҚШ (10,1%), Жапония (2,0%).
Импорт бойынша байланыстағы мемлекеттер: Еуропа қауымдастығы (ЕҚ) - 52,2%, (Франция 10,5%, Нидерланды 7,6%, Италия 7,4%, Үлыбритания 6,9%, Бельгия-Люксембург 5,6%, АҚШ 8,1%, Жапония 4,9%).
Соңғы статистикалық мәліметтер бойьшша бүгінгі таңда Германия жұртшылығының саны шамамен 84 млн. адамға жуық.
Халықтың өсу динамикасы - 0,27%, орташа өмір сүру деңгейі: ерлерде - 74-75 жас, әйелдерде - 80-92 дейін.
Кіріспе
1. Германия - Еуропадағы алдыңғы қатардағы дамыған мемлекет. 2
2. Неміс экономикалық ғажабы 3
2.1. А. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері 3
2.2. Л. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері 4
3.Германияның салық жүйесі 6
4.Гермениядағы қаржы федерализмі 10
Кәсіпшілік салығы - жергілікті салықтардың маңыздысының бірі. Бұл салық белгілі бір кәсіппен, саудамен, жабдықтау сияқты істерімен шұғылданатын неміс кәсіпорындарына салынады. Салықты есептеу базасы болып кәсіпорынның кәсіпшіліктен тапқан пайдасы және капиталы саналады. Салық мөлшерлемелерін жергілікті органдар анықтайды. Кеңінен қолданылатын мөлшерлеме пайдадан 5% немесе негізгі қорлар құнынан 0,2% болады.
Салық салынбайтын ең азы да қарастырылған, ол пайдадан 15 мың еуро, негізгі қор құнын 50 млн еуроны құрайды.
Кәсіпшілік салығының мәселесі бірнеше жылдар бойы Германияда талқыға салынып, өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Әсіресе, сынға алып отырған жағдай кәсіпорынның мүлік бөлігіне салық салынатындығы. Бұл жерде салық ісі түсетін пайдадан тәуелсіз жағдайда қалып, шығынды кәсіпорындар бұл салық түрін қалай да жергілікті бюджетке аударулары тиіс. Ал, қауымдастықтар үшін кемшілігі, көп нәрсе коньюнктураға тікелей байланыстылығында. Кәсіпшідік салықтан жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемі жергілікті кәсіпорындар пайдасының деңгейіне байланысты, сондықтан да үнемі тұрақты бола бермейді. Бұл өз кезегінде қауымдасдықтардың үзақ мерзімді жоспарлауы мен инвестициялауына күрделі мәселелер тудырады.
Келесі салық түрі — жер салығы. Бұл салықты кәсіпорындар төлейді. Бекітілген мөлшерлеме - 1,2%. Бұл заңды тұлғалар үшін. Сондай-ақ, жер түрлері мен тағайындалуына қарай мөлшерлемелер құбылып отыруы мүмкін, мысалы төмен мөлшерлемелер ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының жерлеріне белгіленсе, жоғары мөлшерлемелер жер учаскелерінде бекітілген.
Ал жеке түлғалар үшін мөлшерлеме жердің бағалау құнынан 1%. Жер сатылған жағдайда салық сатылған бағадан 2% көлемінде бірден ұсталып қалады. Бұл салық түрінен мемлекеттік кәсіпорындар мен діни мекемелер босатылған.
Келесі салық түрі — көне салық түрі мүлік салығы. Бұд салықты кезінде 1278 ж. король Рудольф фон Габсбург енгізген. Жеке тұлғаның жиынтық мүлігіне салық мөлшерлемесі - 1%. Кәсіпорындар мен компанияларға - 0,6%. 30 мың еуроға дейінгі мүлікке салық салынбайды, ал 60 жастан асқан қарт адамдар үшін 50 мың еуро салық салынбайтын ең азы.
Мүлікті қайта бағалау әр үш жыл сайын өтіп түрады. Дегенмен, аталмыш салық бүгінде өзге сипатқа ие болған. Ол тек 1997 жылға дейін алынып, 1997 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап заңды түлғалардан алынатын мүлік сатып - мұраға және сыйға салынатын салық болып адмастырылды. Кәсіпорынның мүлік салығыңың алынып тасталуына үлкен себеп болған жағдай: мүлік үш жақты салыққа бөлініп кеткендігі - кәсіпшілік салығы, жер салығы және мүлік салығы.
Ал, мұраға және сыйға салынатын салық мөлшерлемелерін бекіту, мүліктің құны мен туысқандық, жақындық деңгейіне байланысты. Бүгінде бұл салық мөлшерлемелері 3% дан 70% дейін жетеді. Салық салынбайтын ең азды да туыстық деңгейге қарай анықтайды.
Ерекше салық түрі - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Төлеушілері болып әрбір жеке тұлға саналады. Егер салық төлеушінің тұрғылықты жері және де табыс табатын жері Германия мемлекеті болса, сөйте тұра басқа елдерде де табыс көзі бар азамат немесе азаматша болса, бәрі бір «әр елдік табыс» принципі (қағидасы) бойынша ГФР-да салыққа тартылады. Ал, егер жеке тұлғаның Германияда не тұрғылықты жері болмаса, немесе әрдайым болатын жері емес екендігі дәлелді брлса, оның салық төлеудегі міндеттері шектеулі. Егер де осы жағдайларда жеке тұлғаның бір табыс түріне екі мемлекет тарапынан да салық салынып жатса, бұл қос мемлекет арасында қосарлы салық салмаудың алдын алу шаралары бойынша халықаралық - құқықтық келісімдер арқылы шешіледі. Аталмыш салықтың мөлшерлемесі-үдемелі (прогрессивный). Ең төменгі шегі - 19% болса, ең жоғарғы шегі - 53%. Ең жоғарғы мөлшерлеме 53% әдетте жалғыз басты адам үшін табысы 60 мың еуро, ал отбасылық жұп үшін 120 мың еуро (жылына) құрайтын адамдарға қолданылады.
Салық салудан алынып тасталатын стандартты көлемдер төмендегідей:
Салыққа тартылатын табыс түрлері мынандай:
Еңбек ақыға салық салуды анықтау барысында салықтық кластар, салық, салық кестесі және де салық карталары қолданылады. Алты салық класы бекітілген, онда жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер топтастырылған:
I класс - балалары жоқ басы бос жұмысшылар;
II класс - қамқорында баласы бар ажырасқан, немесе жесір қалған бойдақ адамдар;
III класс - ерлі-зайыптылар, егер отбасында жұбайлардың біреуі ғана жұмыс істесе. Егер екеуі де жұмыс істесе, ортақ келісім бойынша екеуінің біреуі V класқа көшіріледі;
VI класс - әйелі де ері де жұмыс жасайды және әрқайсысына жеке дара салық салынады.
V класс - жұмыс жасайтын ерлі-зайыптылар, біреу III – класс бойынша салық төлейді;
VI класс - бірнеше орындардан еңбек ақы алатын жұмысшылар.
Салық кестелері кластарды, отбасындағы балалар санын, және олар кімнің қамқорында екендігін, отбасындағы шаруашылық бірге немесе бөлек жүргізілетіндігінің барлығын ескереді;
Еңбек ақыдан салықұстау салық картасы негізінде жүргізіледі. Карталар қауымдастықтарда тұрғылықты жері бойынша толтырылады. Осы картада қай класқа жататындығын, неше баласы бар екендігі, мүгедектігі, 64 жасқа жеткен немесе жетпегендігі, тіпті қай дінге сенетініне дейін көрсетіледі. Басқа мемлекеттерге қарағанда Германиядағы жеке табыс салығының өзіне тән ерекшелігінің мәні осыда.
Келесі бір салық түрі - шіркеу салығы. Шіркеу салығы жергіліктердің заңдылығы бойынша табыс салығына қосымша түрде алынады. Бүл салық түрін төлеушілер діни бірлестіктердің мүшелері. Жиналған түсімдер шіркеу табыстарын құрайды.
Салықты есептеу базасы болып табыс салығының жылдық сомасы саналады. Салық мөлшерлемесі 8-9%. Осылайша салық ісіне байланысты сұрақтардың барлығы, яғни салықтарды бекіту, жинау тәртібі, тіпті салықтық тәртіп бұзушылыққа қолданылатын шаралар, бекітілетін санкциялар сияқты мәселелердің барлығы 1997 жылғы «Салықтар, алымдар мен жарналар туралы» Заңға сәйкес реттеліп отырылады.
Бүгінде Германияда салық ісін ұйымдастыру барысында әділеттілік, алу, жинау бойынша шығынды аз ету, тендік, қосарлы салуды болдырмау сияқты қағидалар берік сақталады.
Қаржы
федерализмі дегеніміз –
Германияда ата Заң бойынша мемлекеттік биліктің екі деңгейі бекітілген – Федеративті Республика және жергілікті (Федерация мүшелері).Ал, қауымдастықтар мемлекеттік деңгейге кірмейді, тек жергіліктердің бөлшегі болып табылады. Қауымдастықтардың қаржы жағдайын жергіліктер қадағалауға міндетті.
Қазіргі кезде Германияның бюджет жүйесінің қүрамына федерация бюджеті арнайы екі қорымен кірді, сонымен бірге 16 жергілік және 11 мыңнан астам қауымдастық бюджеттері кіреді. Аты аталған буындардың бәрі «біріккен мемлекеттік бюджет» ұғымын құрайды.
Біріккен жиынтық бюджеттегі салықтардың үлесі бірнеше жылдар бойы 80% құрап келеді.
Германияда заң бойынша
Германияның қаржы құрылымы федерация, жергілікті жерлер. Берлин қаласы және қауымдастықтардың шығындарын бөлу сипатынан тұрады. Мемлекеттік буындар арасында шығындарды бөлу тәртібі төмендегідей:
Мысалы, әлеуметтік шығындардың негізгі үлесі - федерация еншісінде, жоғарғы білім беру бойынша шығындар жергіліктілер үлесінде, денсаулық сақтау шығындары - қауымдастықтар үлесіне тйеді. Ал, қорғаныс шығындары толығымен (100%) федерация үлесінде.
Германия ата Заңына сәйкес, аймақтық экономикалық құрылымды жақсартуға байланысты жалпы ұлттық бағдарламаларды қаржыландыру федерация мен жергіліктілер арасында тепе-тең үлеспен жүзеге асырылады.
Бюджетаралық реттеудің басты құралы больга ҚҚС-ғы саналады, осы федерация мен жергілікті жер арасында (56:44) деген қатынаспен бөлінеді. Жергілікті жерлерден түскен қаражаттардың 75% бір тұрғынға шаққандағы бірыңғай критерий бойынша бөлініске түсіреді, ал қалған 25% нашар жергілікті жерлердің салықтық әлуетін теңестіру мақсатына бағыттайды. Жергілікті жер үлесіне тиетін ҚҚС-ның көлемі ұзақ мерзімге бекітіледі және оған өзгерістер енгізу үшін нақты себептер қажет. Мысалы, 1992-1995 жылдары бұл үлес 33% болған, ал екі Германияның бірігуі салдарынан жаңа шығыс жерлерін қаржыландыру қажеттігінен ол көрсеткіш 44 % болды.
Мұндай теңестірудің мақсаты-Германия территориясындағы жұртшылықтың материалдық деңгейін барынша теңестіру болып табылады.
Ұлттық деңгейдегі аса маңызды міндеттердің бірқатарын федералды үкімет пен жергілікті жер бірлесе отырып жоспарлайды және қаржыландырады. Мұндай мақсаттарға жататыны: экономиканың аймақтық құрылымын, аграрлық сектор құрылымын жетілдіру, алынған аймақты күзету, университет корпустарының құрылысы.
Жергілікті билік органдарының аса маңызды күрделі инвестициялық жобаларына федералды үкімет субсидия түрінде көмек беру жолдарымен араласа алады. Олар мына мақсаттарға бағытталады:
Жалпы міндеттердің барлық шешімі федералды үкімет пен жергілікті жерлердің көпшілігінің мақұлдауы, яғни бір келісімге келумен шешіледі.
Ата заңға сәйкес қалалар мен қауымдастықтар өз істерімен өздері айналысуға құқылы. Дегенмен, жергілікті органдар мына істер үшің жауапты: жергілікті жол құрылысына, энергиямен қамтамасыз ету, табиғи газ бен судың берілуі, канализация құрылымы жағдайында, мектеп, театр, музей, аурухана, спорттық ғимараттар құрылысына және олардың жөнделуіне. Жергілікті органдар сонымен