Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:41, лекция
Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым.Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚАТЫНАС
Демография туралы ұғым
Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым.Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
Демография туудың, өлімнің,
көші-қонның әлеуметтік, экономикалық,
биологиялық, саяси медициналық жағдайға
сандық және сапалық әсер
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.
Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі — белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің, ал екіншісі — әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде каралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасынцағы, болмаса бала мен естияр адамның арасындағы катынастың биологиялық не гізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай катынастар әлемнің әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктер де солай.
Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ендірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.
Сонымен, демография қоғамдағы
адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық
құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірме