Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2015 в 19:41, творческая работа

Краткое описание

ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі ұстанымдарын бекітетін, адамның қоғамда алатын орнын байқататын Негізгі Заң. Оның нормаларын білу, мәнін ұғыну қазіргі кезеңдегі өркениетті елдердің мемлекеттік құқықтық тәжірибесінде қажетті болып табылады. Әсіресе құқықтық мемлекет құруды ұстанған Қазақстан үшін ол аса маңызды, аса қажетті. Себебі, қоғамның конституциялық-құқықтық сауаттылығының жоғары дәрежесі Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың фундаменті, негізі болып табылады. Конституциялық сауаттылығы, конституциялық-құқықтық санасы жоғары қоғамда, мемлекетте ғана конституцияның жоғарылығы орын алады деп айтуға болады

Содержание

Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері;
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы;
Адам және адамзат;
Қорытынды;
Пайдаланған әдебиеттер;

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык срс.docx

— 34.16 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей мемлекеттік медицина университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы.

 

Өткізу формасы: графологиялық кесте

Пән: Құқық

 

 

 

                                                

 

 

                                                Орындаған: Әубәкірова Айым

                                                      Тексерген:Байгундинов Е.Н.

 

 

 

 

 

 

 

                                              Семей 2015 жыл 

                                                  Жоспар:

Кіріспе;

Негізгі бөлім:

Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері;

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы;

Адам және адамзат;

Қорытынды;

Пайдаланған әдебиеттер;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі ұстанымдарын бекітетін, адамның қоғамда алатын орнын байқататын Негізгі Заң. Оның нормаларын білу, мәнін ұғыну қазіргі кезеңдегі өркениетті елдердің мемлекеттік құқықтық тәжірибесінде қажетті болып табылады. Әсіресе құқықтық мемлекет құруды ұстанған Қазақстан үшін ол аса маңызды, аса қажетті. Себебі, қоғамның конституциялық-құқықтық сауаттылығының жоғары дәрежесі Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың фундаменті, негізі болып табылады. Конституциялық сауаттылығы, конституциялық-құқықтық санасы жоғары қоғамда, мемлекетте ғана конституцияның жоғарылығы орын алады деп айтуға болады. Ал, Қазақстан Республикасы өзінің Негізгі Заңы – Конституцияда өзін құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыратынын бекітіп, оған қол жеткізуді мақсат етіп ұстанған тұста конституцияның жоғарылығы мәселесі алдыңғы кезекке шығады. Конституцияның жоғарылығы елімізде мемлекеттік биліктің орнығуы мен жүзеге асуының заңдылығының, адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде өз қолданымын табуының, мемлекеттік және қоғамдық институттардың қызметінің заңдылығының алғышарты, негізі болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші кесте.ҚР даму сатысы:

1926 жыл

Қазақ АССР Конституциясы

1937 жыл

Қазақ ССР Конституциясы

1978 жыл

Қазақ ССР Конституциясы

1993 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстанның бірінші конституциясы  қабылданды.

1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.


 

2-ші кесте. Конституция құрылымы:

I бөлім.

Жалпы ережелер

      II бөлім.

  Адам және азамат

III бөлім

 Президент

IV бөлім.

Парламент

V бөлім.

Үкімет

VI бөлім.

Конституциялық кеңес

VII бөлім.

Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім.

Қорытынды және өтпелі ережелер


 

3-ші кесте.Адам және азамат:

10-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

Ескерту. 10-бапқа түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2003.12.01 N 12 қаулысымен.

11-бап

1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.

12-бап

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

3. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.

4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.

5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.

Ескерту. 12-бапқа түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2003.12.01 N 12, 2007.04.18 N 4 қаулыларымен.

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Ескерту. 13-баптың 2-тармағына түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 1999.03.22 N 7/2, 2002.02.15 N 1 қаулыларымен.

14-бап

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.

2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.

Ескерту. 14-баптың 1 және 2-тармақтарына түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 1999.03.10 N 2/2, 14-баптың 1-тармағына түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 1999.03.22 N 7/2 қаулыларымен.

15-бап

1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

2. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористiк қылмыстар жасағаны үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар.

Ескерту. 15-баптың 2-тармағына түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2003.01.30 N 10 қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

16-бап

1. Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.

Ескерту. 16-бапқа түсiнiктеме берiлдi — ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2003.12.31 N 13 қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

17-бап

1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.

2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.


 

 

 

 

Қорытынды:

ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің  оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.  
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.  
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.  
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.  
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.  
Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

                              Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.  
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз. 
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.


Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы