I. Кіріспе
II. Жоғарғы соттың негіздері
а) Қр-ғы Жоғарғы сот кеңесі
б) Сот билігі
в) Аудандық және облыстық соттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1995 жылдың 30 тамызында
Республикалық Референдумда қабылданған
Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы
– адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялады.
Конституциямыздың 3-бабының
4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік
билік біртұтас және ол Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы
және сот тармақтарына бөліну, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және
атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық
мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа
мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу,
мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін,
соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын
жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты
– қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан
қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан,
мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды
тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау
болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей
мемлекет құқықтық деп есептелінбейді.
Қоғамда пайда болатын даулардың құқық
негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып,
қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің
заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару
мен атқару биліктерінен оқшаулануында
және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды
жүзеге асыруында маңызды роль атқарады.
Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес
заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін
бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция
нәтиже береді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының
жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік
жағдайында қызмет етудің басты құралы
– мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының
үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша
оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды.
Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес
мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы,
сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі
дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық,
теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері
және олардың мән-мағынасын зерттеу болып
табылады.
Менің бітіру жұмысымның мақсаты
– Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын
талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер
мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның
сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан
туындайды және сол үшін сот қадағалауы
негізделетін фундаментін нақты білу
қажет, тақырып бойынша әдебиеттер мен
нормативтік актілерге талдау жасау керек.
Құқықтық мемлекет
белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы
және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз
қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы
25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
туралы» конституциялық заңмен және беасқа
да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық
заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде
сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру
болды.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде
басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық
принциптерін неғұрлым толық және дәйекті
іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік»
әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып,
өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Жоғарыда аталған конституциялық заң
сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның
талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен
байланысты. Онда:
1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін
кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін
көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге
бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер
енгізілген.
2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі,
оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан
құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке
жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет
министрлігінің құзыретіне кіргізілген
болатын;
3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы
алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына
қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар
құру көзделді.
Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген
сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын
болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру
мәселелерін шешетін болады.
4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында
республика соттарындағы шаруашылық және
азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;
5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.
Жоғарғы Сот – мемлекеттің сот
жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот
істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы
және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы
істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің
барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде
шағым жасалатын ең жоғары орган болып
табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда)
Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру
және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары
қабылдаған актілердің конституцияға
сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық
бақылау міндеттерін де жүзеге асырады.
Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде)
аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар
арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.
Қазақстан Республикасында
бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады
([[Қазақстан Республикасының Конституциялық
кеңесі]]). Конституциялық соты не кеңесі
жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы
Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері
арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің
өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы
Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми
аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада –
Жоғарғы Сот; Германияда – Жоғары федеральдік
сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; дЭстонияа – Мемлекеттік
сот; Швейцарияда – Федеральдік сот, т.б.
Жоғарғы Сот, әдетте, істердің
кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық,
конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды,
алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып
келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің)
Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады,
ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық
соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан
тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу
тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері
(өкілеттіктері) елдің конституциясымен
айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын
мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің
(оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды.
Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын
АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және
келісімімен тағайындайды.
Парламенттік елдерде Жоғарғы
Сот судьяларын тағайындау кезінде үкімет
шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде
Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлер
ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе
сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы
комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген
елдерде судьялардың Жоғарғы Сот құрамында
болу мерзімі заңда белгіленген жасқа
толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас).
Жоғарғы Сотқа біліктілігіне қойылатын
талаптарды (әдетте төменгі соттармен
салыстырғанда) қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар
мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың
ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша
бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз
беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында
пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп
отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып,
біртұтас мемлекетке айналған кезеңде
жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі
қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Жоғарғы
Соттың қызметін атқарған.
Қазақстанда кеңестік дәуірдің
алғашқы жылдарында Жоғарғы Сот билігін
Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы
(1921 – 23), РКФСР Жоғарғы Сотның Қазақ бөлімі
(1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 –
36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған
Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында
сот ұйымдары мен прокуратура қызметін
ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді.
1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет министрлігінің
“Одақтас республикаларда Әділет министрлігін
құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда
әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23
қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы”
жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер
енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының қаулысы қабылданып, Жоғарғы
Соттың бұрынғы алқаларына қосымша төраға
және 4 судья құрамындаәскери сот алқасы
құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери
соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды.
1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясында 16-тарау
сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы
сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы
соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ,
заң бойынша құрылатын төменгі соттардың
құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық
сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан
Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі
ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12
ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің
“Қазақстан Республикасындағы құқықтық
реформаның мемлекеттік бағдарламасы
туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың
бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы
соттар мен төрелік соттарға жіктеудің
қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясында
(1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді.
Жоғарғы Сот арнайы сот алқаларына бөлініп
құрылды, судьялар құрамы да соған қарай
іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсандаҚазақстан
Республикасы Президентінің “Қазақстан
Республикасындағы соттар және судьялардың
мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші
бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған
дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген
Қазақстан Республикасының Төрелік соты
ЖоғарғыСоттың құрамына қосылды.
Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында
сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен
қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған
алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана
тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн
тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға
берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға
тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың
судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын
иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс
өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа
ешқандай органның, лауазымды немесе өзге
де адамдардың қарауына немесе бақылауға
алуына болмайды.
2. Сот билiгi Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге
асырылады және азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының
орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың,
лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге
нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн
кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан
сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары
мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi,
тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау
құқығынан айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге
де сот iсiн жүргiзу нысандары
арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелiгiн
iске асыру кезiнде тәуелсiз
және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне
нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге
де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға
жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi
қызметiне қандай да бiр араласуға жол
берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа
әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша
есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген
тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi
бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн
мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз
қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк
бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн
жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық
мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға
мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын
орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке
әкеп соғады.
Аудандық
және оларға теңестiрiлген соттарды
(бұдан әрi – аудандық соттар)
Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары
Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi құрады, қайта ұйымдастырады,
қайта атайды және таратады.
Қазақстан Республикасының
Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.
Аудандық соттар
үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы
Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен
келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi.
Әрбiр аудандық
сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы
Соттың, жергілікті
және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық
және материалдық-техникалық қамтамасыз
ету жөніндегі уәкілетті
органның (бұдан
әрі – уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде
Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша
Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.
Облыстық
және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан
әрi – облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары
Сот Кеңесімен келісілген
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi құрады, қайта ұйымдастырады,
қайта атайды және таратады.
Облыстық соттар
судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот
Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтедi.
Әрбір облыстық сот
үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның
ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен
келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы
белгiлейдi.
Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы
“сот билігі” институты туралы ғылыми
зерттеулерді,
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың
мазмұнына жүгінсек,
Сот жүйесін дамытуда жасалған маңызды
жетістіктер: алқа заседательдері
Соттарды реформалау жүргізілген жылдарда
құқықтық база кеңейіп, сот
Сонымен қатар қазақстандық заңгерлер
басқа мемлекеттердің заңгерлерімен халықаралық
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдыстықта
жақсы беделге ие. “Халықаралық соттық
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі,
соның ішінде сот
Қазақстанда демократиялық бағыттағы
дамыған сот жүйесін құруда айтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
– Конституция Республики Казахстан.
2. “Қазақстан Республикасындағы сот
жүйесі мен судьялардың мәртебесі
3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы»
2001