Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 13:12, реферат

Краткое описание

«Өзін-өзі тану» пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері.pptx

— 173.36 Кб (Скачать документ)

Өзін-өзі тану пәнінің  мақсаты мен міндеттері

 

Орындаған: Абжамиев Д.

                       ПФИЯ208

Тексерген: Жансугурова К.

        

«Өзін-өзі  тану»

 

  
«Өзін-өзі тану» пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. 
Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым. Өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің, өзіне-өзі үйлесімді болуы сөз, іс, ой бірлігі арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік танымы арқылы қалыптасады.  
Өзін-өзі тану білімдік бағдарлама ретінде тәрбиенің құндылықтық және компетенттілік бағытын интеграциялай отырып, балалар мен жастарға жалпыадамзаттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асырады. 
«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу келешекте өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басындағы жағымды қасиеттерін байқата алатын, мінез- құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптастыруына бұл пәннің қосар үлесі мол .  

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:

 

Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:

    • өзінің өмірлік позициясын анықтау;
    • әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
    • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
    • адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
    • өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
    • жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
    • адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
    • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:

 

    • оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
    • жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрнісін қалыптастыруға әсер ету;
    • білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;

«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны.

 

Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.

«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.

«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:

    • адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
    • Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.

«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы

«Өзін -өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әр бір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үрдісімен байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны.

Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.

 

«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзітанудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.


Информация о работе Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері