Жүсіпбек Аймауытұлы - Әдебиет сыншысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 10:56, реферат

Краткое описание

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында – Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп.

Прикрепленные файлы: 1 файл

сын.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

Жақсы жағын санасақ, ол сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа, жаугершілікке қарсы күншығысшыл ақын» (171 бет).

Қазақ әдебиеті тарихын  кең көлемде қарастырған, «Мағжан-Сәкен»  атты зерттеудің авторы профессор Т.Кәкішев  Мағжан мұрасына қатысты мақала туралы былай деп жазды: «Бұл шын мәніндегі  сыни-эстетикалық еңбектің екі тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз мағжантануда ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш: сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер. Дұрыс айтқанына да, бұрыс айтқанына да эстетикалық дәлелдер келтіріп, көздеген мақсатына жетудің өнегелі үлгісін осы еңбектен көреміз. Осындай ерекшеліктермен күні бүгінге дейін сын жанрындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді... Ж.Аймауытовтың мақаласы көп шындықтың бетін ашты, көркемдік түсініктің ауылы қай жақта болатындығын, оны қалың көпшілікке қалай түсіндіріп берудің жолын көрсетті» [4.223-224]. Сын мұраты мен сыншы сипаттарына терең  мән берді. Ақын ақиқатына, сыншы мұратына айқын көзқарастарын жүйелі жеткізді. Талант табиғатын танудағы ақиқат жайттар, дара дарын қолтаңбасы, талдау-саралау сипаттары айрықша мән-маңызға ие болады. Демек, «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақала тақырыбы мен мазмұн байлығы тұрғысынан көркемдік құнары мен қуаты аса жоғары, ақындық өнер мен ондағы шеберлік пен шешендік сырлары терең, бағалау мұраты мен талдауы нақты да нанымды болып табылады.

Ж.Аймауытұлы түрлі тақырыптарда, алуан жанрларда ерен еңбек еткен. Ұлт мұратын, өмір өрнектерін, еңбек  сипаттарын сенімді де серпінді, шебер де шешен сөз етеді. Халық мұрасы мен руханиятқа қатысты көзқарас-мұраларында, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстары туралы талғам-толғаныстарында жауапкершілік пен жанашырлық, сыншылдық пен сыршылдық көптеп кездеседі.

Ж.Аймауытұлының талант табиғатын театртанушы, профессор Б.Құндақбаев терең тебіреністерімен еске түсіреді: «Жүсіпбек Аймауытовтан қалған мұра рухани қазынаның ұзын-ырғасын оймен шолып көз жүгіртсек, оның творчествосының сан қилылығына, әдебиеттің барлық жанрларын түгел қамтитынына, көтерген мәселелерінің көптігі мен тереңдігіне, сол қисапсыз көркем дүниенің бәрін бір адам меңгеріп жазып қалдырды деуге таңданбасқа шараң жоқ. Егер ол жазықсыздан жазықсыз жапа шекпегенде ше?.. Иә, осындай дархан дарынның зорлықтың құрбаны болып, ерте қиылғаны өкінішті-ақ!» [5.5].

Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлының  әдеби-сын еңбектері өз уақытының  көкейкесті мәселелерін, ұлттық сөз  өнерінің түйінді тұстарын, Абай әлемі  мен оның айналасын өмір шындықтары тұрғысынан терең де байыпты саралайды. Бұл – бір. Екіншіден, Ж.Аймауытұлының әдебиетшілігі мен сыншылдық сипаттарын саралай түсетін тұстар – Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнердің табиғаты мен тағылымын байыпты саралап, терең талдау жүйесіне айналдыратыны айқын аңғарылады. Үшіншіден, әдеби мұра мен оны зерттеудің жай-күйін елдік мұратпен, руханият құндылықтарымен сабақтастықта жүйелі жеткізеді. Төртіншіден, Мағжан мұрасын  арғы-бергі кезеңдердегі  көрнекті корифейлердің шығармашылықтарымен байланыста сөз етіп, өзіндік өзгешеліктерін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, тіл-стиль сипаттарын даралап та, талдап та көрсетеді. Талант табиғаты мен тағылымын кең көлемде ашады. Ақындық өнердің дара дарындарда ұшырасатын сирек құбылыс екендігін Мағжан мұрасымен, елдік мұрат-мүддемен, дәстүр, сабақтастық тұрғысынан зейінді зерделейді. Ең негізгісі, әрине Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық сөз өнері мен оның танымал тұлғаларының туындылары  терең талдау, байыпты бағалау мен жүйелі сараларға арқау болады. Асылы, ақиқатты айту, шындық сырын ашу – сын мұраты болса, Ж.Аймауытұлының сыншылдық сипаттарынан:

-    қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады.;

-    адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;

-    ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;

-    ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;

-    Мағжанның ақындығы ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағаланады.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын  еңбектерінің басым бағыттары мен  оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп  саяды.  

 

Пайдаланған әдебиеттер:  

 

1.Аймауытов Ж. Бес  томдық шығармалар жинағы. 5-том. - Алматы: Ғылым,1999. -110-290 бет

2. Қирабаев С. Жүсіпбек  Аймауытов. - Алматы: Ана тілі, 1993. -182 бет

3. Тұрысбек Р. Жүсіпбек //Зерттеу//.- Алматы: Санат, 1997.-5 бет

4. Кәкішев Т. Қазақ  әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994.-223-224 беттер

5. Құндақбаев Б. Жүсіпбек Аймауытов  және театр өнері. - Кітапта: Шернияз  //пьесалар жинағы//. - Алматы: Өнер, 1990. -5 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. ААлтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы. Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды. 80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.

Пайдаланылған Әдебиеттер:

Қазақ Ұлттық энциклопедиясы


Информация о работе Жүсіпбек Аймауытұлы - Әдебиет сыншысы