Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:39, курсовая работа

Краткое описание

Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология.doc

— 36.00 Кб (Скачать документ)

Жерде жүз миллион жылдар бұрын  пайда болған.

 

 

ешқандай  өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген  соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.

 

 

Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан  қант, спирт, сiрне және қызыл мен  күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу  үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк  облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.

 

 

Жеуге жарамды  қына шөл далада 700 С – қа дейiн  қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп  қалады, ауадан ылғал сорып, қайта  тiрiледi.

 

 

Қыналар өте  шыдамды, қатты аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа төзедi

 

Қыналардың көбеюi.

 

 Қыналардың  симбиоздық ағзалар ретiнде өте  ертеде шыққандығына күмән келтiруге  болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн  көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар  табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.

 

 Бұдан  басқа, саңырауқұлақтар мен балдырлар  әрқайсысы өзiнiң көбею әдiстерiн  де сақтаған. Саңырауқұлақтар өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк жолмен көбейедi.

 

 

Қыналардың iшкi құрылысы.

 

 Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi  –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз  байланысып бiр ағзаны беретiн  балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз  деп аталады.

 

 

 Қыналардың  осындай құрылысы оларға басқа  өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын  аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк  етуге мүмкiндiк бередi.

 

 Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық  тұздар мен органикалық заттарды  ауадан бiрге түскен тозаңмен  қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары  көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал  мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың  жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн  сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.

 

 Қыналар өте шыдамды, қатты  аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа  төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка  шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында  жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан  балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.

 

 Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар  маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.

 

Қыналардың көбеюi.

 

 


 

 

Камчаткадан ғалымдар қынаның сирек  түрін тапты 

 

 Бұрын жер бетінің тек  үш жерінде кездесетін Erioderma pedicellatum деген атауға ие қына Камчаткадағы  Кроноцкий мемлекеттік биосфералық  қорығынан табылды.

 

 Бұған дейін Erioderma pedicellatum Норвегия мен Канаданың атлантикалық жағалауынан, сондай-ақ АҚШ-тың тынықмұхиттық жағалауынан табылған болатын. Қынаның сирек түрге жататыны сондай, тіпті Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілді. Оны Камчаткадан тапқан ғалымдарға оның дәл Erioderma pedicellatum екенін анықтауы үшін біршама уақыт қажет болды.

 

 Осылайша, Камчатка мұндай ежелгі  өсімдік түрі кездесетін дүниежүзіндегі  төртінші мекенге айналды.

 

 Айта кетейік, Erioderma pedicellatum –  сұр түсті ірі өсімдік. Қына  жеміс береді. Оның жемістері қызыл түйіршік тәрізді болып келеді. Erioderma pedicellatum тек қана ескі шыршаның бұтақтарында ғана өседі.

 

 


 

 

 

Қыналар туралы мәліметтер:

1. Қыналар «өсімдік пионері»  деп аталады.

2. Қабық тәрізді қыналардың ең  ескісі- арктикалық қына. Оның жасы 10000 жыл.

3.Қабырғалық золотнянка қынасынан  қызыл бояу алынады.

4.Пармелия  қынасының қайнатылған тұнбасын  тамақ ауруына қолданылады.

5.«Шипр»  иісті суы емен қабығында өсетін  қынадан жасалынады.

6.Қына өте  баяу өсетін ағза. Бір жылда  1-8 мм өседі.

 



Информация о работе Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған