Жер құқығын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 19:17, реферат

Краткое описание

Жер пайдалану құқығы дегеніміз-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізінде шектеусіз мерзімге(тұрақты жер пайдалану) белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену немесе пайдалану құқығы.Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады,жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жер пайдалану құқығы мемлекеттік органдар актілерінің;
азаматтық-құқықтық мәмілелерінін негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер құқығын пайдалану.docx

— 17.04 Кб (Скачать документ)

Жер пайдалану құқығы

   Жер пайдалану құқығы дегеніміз-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізінде шектеусіз мерзімге(тұрақты жер пайдалану) белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену немесе пайдалану құқығы.Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады,жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.

   Жер пайдалану құқығы мемлекеттік органдар актілерінің;

азаматтық-құқықтық мәмілелерінін  негізінде;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

Жер пайдалану құқығының түрлері

1, Жер пайдалану құқығы тұрақты  немесе уақытша иеліктен шығарылытын  немесе шығарылмайтын,өтеулі немесе  өтеусіз алынатын болуы мүмкін.Тұрақты  жер пайдалану құқығы Жер учаскелері  тұрақты жер пайдалану құқығымен  мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға;

1)кондоминиум обьектілеріндегі  үйлерді(құрылыстарды,ғимараттарды),үй-жайларды  шаруашылық жургізу құқығымен  немесе оралымды басқару құқығымен  иеленетін заңды тұлғаларға;

2)ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асырытын заңды тұлғаларға;

3)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  жерінде жер пайдалануды жүзеге  асырытын заңды тұлғаларға;

4)Қ.Р-заң актілерінде көзделген  өзге де жағдайларда беріледі.

Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.

Уақытша жер пайдалану құқығы

Жер учаскесі азаматтар мен заңды  тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)немесе уақытша өтеусіз жер  пайдалану құқығымен берілуі  мүмкін,уақытша өтеусіз жер пайдалану  құқығы 5жылға дейінгі мерзімге табысталады.Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5жылдан 49 жылға дейін)болуы мүмкін.Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзімдері жер  уяаскесіне берілетін құқықты,оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға  бөлуді ескере отырып белгіленеді.Атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын біржақты бұзуына жол берілмейді.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы

Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен:

Шалғайдағы мал шаруашылығы(маусымдық жайылымдар)үшін;

Тұрғын халықтың мал жоюы мен шөп шабуы үшін;

Мемлекеттік жер пайдаланушыларға;

Бакша өсіру үшін;

Қызметтік жер телімітүрінде;

Ортақ пайдаланылатынжолдарды салу,мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәденимақсаттағыобьектілер құрылысы кезеңінде;

Тозған және бүлінген жерерді қалпына келтіру кезенінде;

Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленгентәртіппен үйлерді (үй-жайларды)және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға  берген кезде;ғибадат обьектілері  үшін,Кодекстежәне Қазақстан Республикасының  заң актілеріндекөзделген өзге жағдайларда  берілуі мүмкін.Уақытша өтеусіз  жер пайдалану мерзімі жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілген жағдайларды қоспағанда,бесжылдан аспауға тиіс.Үйлер(үй-жайлар)мен ғимараттарға берілген жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі үйлерді(үй-жайларды)және ғимараттарды,соның ішінде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусіз пайдалану мерзімінен айқындалады.Уақытша өтеусізжер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға,соның ішішде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді.

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)құқығы

Жер учаскесіне уақытша өтеулі(қысөа  мерзімді және ұзақ мерзімді)жер пайдалану(жалдау)құқығы азаматтарға,мемлекеттік емес заңды тұлғаларға,сондай-ақ халықаралық қйымдарға табысталуы мүмкін.Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе,өз міндеттерінтиісіншеорындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушы(жалға алушы)шартмерзімі аяқталғаннан кейін, басқа тең жағдайларда,жаңа мерзімге шарт жасауға басқа тұлғалар алдында басым құқығы  болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниеті туралы жалға берушіні шартта көрсетілген мерзімде,нгнр шартта мұндай мерзім көрсетілмесе,шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.Мемлекеттен уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын  сатып алған мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқылы,жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) ,ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып,жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз,жер учаскесін жалға беру шартының мерзімі шнгінде өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға да құқылы.Аталған жағдайларда,жалдау құқықтарын кепілге беруді қоспағанда,жер учаскесінің жаңа жалға алушысы жалға берушінің алдында жер учаскесін жалдау шарты бойынша жауапты болады.Жалға берілетін жер учаскесін үйлердің,құрылыстар мен ғимараттардың меншік иелері сатып алатын жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сату кезіндеосы жер часкесін жалға алушының ортақ меншік құқығындағы үлесін бөгде тұлғаға сату үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарынада белгіленген тәртіппен оны сатып алуға басым құқығы болады.Уақытшаөтеулі жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) қожалығының және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлгаларына-49жылға дейінгі мерзімге,ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқтұлғаларға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

2.Жер пайдалану құқығының субьектілері.

Жер пайдаланушылар:

1.Мемлекеттік және мемлекеттік  емес;

2.Ұлттық және шетелдік:

3.Жеке және заңды тұлғалар:

4.Тұрақты және уақытша:

5.Бастапқы және кейінгі болып  бөлінеді.

 

Жер пайдалану құқығының туындауы.

Жер пайдалану  құқығы:

1.Жер пайдалану құқығын табыстау:

2.Жер пайдалану құқығын беру:

3.Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы (мұраға қалдыру,заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы)арқылы туындайды.

Жер пайдалану құқығын табыстау ,беру және оның ауысуы жер учаскесінің  нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

3. Жер меншік иелері мен жер  пайдаланушылардың құқықтары мен  міндеттері

1.Жер учаскесін оның нысанасынан  туындайтын мақсатта пайдалана  отырып жерде дербес шаруашылық  жургізу;

2.Ауыл шаруашылығы және өзге  де дақылдар мен екпелер себу  мен отырғызуға,өндірілген ауылшаруашылығы  өнімі мен жер учаскесін пайдалану  нәтижесінде алынған өзге де  өнімге және оны өткізуден  түскен табысқа меншік,шаруашылық  жүргізу,оралымды басқару;

3.Өз шаруашылығының қажеттері  үшін жер учаскесінде бар құмды,сазды,қиыршық  тасты және басқа да кең  таралған пайдалы қазбаларды,шымтезекті,екпелерді,жер  үсті және жер асты суларын,кейіннен  мәмілелер жасасу ниетін көздемей,белгіленген  тәртіппен,сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиеттерін пайдалану.

4.Жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер  үшін алып қойылған(сатып алынған)жағдайда  келтірілген шығынды толық көлемінде  өтетіп алу;

5.Жерді аймақтарға бөлуді ескере  отырып,меншік,шаруашылық жургізу,оралымды  басқару құқығымен жер учаскесінің  нысаналы мақсатына сәйкестікте  тұрғын үйлер,өндірістік,тұрмыстық  және өзге де үйлер(құрылыстар,ғимараттар)салу;

6.Белгіленбеген құрылыс,экологиялық,санитарлық-гигиеналық  және өзге де арнаулы талаптарға  сәйкес суландыру,құрғату және  өзге де мелиорациялық жұмыстар  жүргізу,тоғандар мен өзге де  су айдындарын жасау құқығы бар.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен  жер пайдаланушылардың жер учаскелерін  пайдалану жөніндегі міндеттері:

1.Жерді оның нысаналы мақсатына  сәйкес,ал уақытша жер пайдалану  кезінде-жер учаскесін беру актісіне  немесе жалдау шартына(өтеусіз  уақытша жер пайдалану шартына)сәйкес  пайдалануға;

2.Санитарлық және экологиялық  талаптарға сәйкес,өндіріс технологияларын  қолдануға,өздері жүзеге асырытын  шаруашылық және өзге де қызмет  нәтижесінде халықтың денсаулығы  мен қоршаған ортаға зиян келтіруге,санитарлық-эпидемиологиялық,радиациялық  және экологиялық жағдайдың нашарлвуына  жол бермеуге;

3.Жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды  жүзеге асыруға;

4.Жер салығын,жер учаскелерін  пайдалану төлемақысын және Қ.Р-заңдары  мен шартта көзделген басқа  да төлемдерді уақытылы төлеуге;

5.Жануарлар дүниесін,орман,су және  басқа да табиғи ресурстары  пайдалану тәртібін сақтауға,жер  учаскесіне орналасқан,Қ.Р-заңдары  сәйкес,мемлекет қорғауындағы тарих,сәулет  ескерткіштерін,археологиялық мұра  мен басқа да обьектілерді  қорғауды қамтамасыз етуге;

6.Жер учаскесінде шаруашылық  және өзге де қызметті жүзеге  асыру кезінде құрылыс,экологиялық,санитарлық-гигиеналық  және өзге де арнаулы талаптарды(нормаларды,ережелерді,нормативтерді)сақтауға;

7.Мемлекеттік органдарға Қ.Р-жер  заңдарында белгіленген жердің  жай- куйі мен пайдаланылуы  туралы мәліметтерді уақытылы  табыс етіп отыруға;

8.Басқа меншік иелері мен  жер пайдаланушылардың құқықтырын  бұзбауға;

9.Топырықтың ластануына,қоқыстануына,тозуына  және оның құнарлылығының нашарлыуына,сондай-ақ  топырықтың құнарлы қабатын сыдырып  алу құнарлы қабатың біржола  жогалуын болғызбау үшін қажет  болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе  беру мақсатымен оны сыдырып  алуға жол бермеуге;

10.Сервитуттар беруді қамтамасыз  етуге міндетті.


Информация о работе Жер құқығын пайдалану