Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 20:51, научная работа
«Жасыл экономика» ұғымы ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты. Ағылшын тілінде жасыл экономиканың «Green economics», «Ecologicaleconomics» атты екі баламалы атауы бар, сондықтан да кей жағдайда жасыл экономика «экология (табиғатты қорғау) экономикасы» деп те аталады. Жасыл экономика тұжырымдамасы бойынша, экономика – қоршаған ортаның тәуелді бөлігі, экономика қоршаған ортаның белгілі шегінен орын алып, өмір сүреді.
ӘОЖ [33:502] (100+574)
«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ» ЕНГІЗУ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
«Жасыл экономика» ұғымы
ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп,
берік орнықты. Ағылшын тілінде
жасыл экономиканың «Green economics», «Ecologicaleconomics»
атты екі баламалы атауы бар, сондықтан
да кей жағдайда жасыл экономика
«экология (табиғатты қорғау) экономикасы»
деп те аталады. Жасыл экономика
тұжырымдамасы бойынша, экономика
– қоршаған ортаның тәуелді бөлігі,
экономика қоршаған ортаның белгілі
шегінен орын алып, өмір сүреді. «Жасыл
экономика» деп адамдардың өмір сапасын
арттырып, әлеуметтік әділеттілікті
қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға төнетін
қатерді азайтып, оның жұтаңдануын
болдырмайтын экономиканы айтамыз
(ЮНЕП анықтамасы) [1]. ЮНЕП-тің (БҰҰ-ның
Қоршаған орта бағдарламасы) келесі анықтамасына
жүгінер болсақ, «жасыл экономика»
– табыстың өсуі мен еңбекпен қамту
көмірсулар мен ластаушы заттарды тастауды
азайтатын, энергия мен ресурстарды
пайдану тиімділігін
«Жасыл экономика» тұжырымдамасы 3 негізгі қағидаға сүйенеді:
Ағылшын ғалымы М. Кеннет «жасыл экономиканың» пайда болуына алып келген төмендегі идеяларды ерекше атап көрсетеді:
ü себеп, түсінік, жадтың айқындалу идеясы (У. С. Джевонс, Л. Вальрас);
ü сын теориясы (Ю. Хабермас және т.б.);
ü құрылым мен мекеме жайлы идея (Т. Б. Веблен және т.б.);
ü кейбір постмодернистік түсініктер (Соджа, Ж. Деррида);
ü феминистік теориялар (М. Куипер, Г. Нельсон);
ü экологиялық-феминистік идеялар (Д. Салле және т.б.) [3].
Ресейлік зерттеуші А. Игнатьева «жасыл экономиканың» қалыптасуына себеп болған алғышарттарды төрт кезеңге бөліп қарастырады: 1-кезең (1950-1960 жж.) – экономиканың қоршаған орта мен адамға қауіпті әсерін түсіну кезеңі; 2-кезең (1960-1970 жж.) – экономикалық дамудың нәтижесінде табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану, қоршаған ортаны ластау экономиканың өзіне қатерлі екенін ұғыну кезеңі; 3-кезең (1980-1990 жж.) – экономикалық өсімді, өнеркәсіпті дамытуды мақсатты тҥрде экологиялық бейімдеу кезеңі; 4-кезең (2000-2010 жж.) – тұрақты даму тұжырымдамасының орнығу кезеңі [4, с. 30-33].
«Жасыл экономика» тұжырымдамасын қалыптастырушылар қазіргі таңдағы экономикалық жүйені жетілмеген деп санайды. Бірақ, қазіргі жүйе адамдардың өмір сапасының жақсаруына, әсіресе, адамдардың жекелеген топтарының өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етті. Сонымен бірге қазіргі экономикалық жүйенің қызмет ету барысындағы теріс ықпалдарын да көрсетуіміз қажет. Экономикалық жүйенің кемшіліктері қатарына экологиялық мәселелер (климаттың өзгеруі, шөлдену, биоалуантүрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың жұтаңдануы, кедейліктің жаппай таралуы, ауыз судың жеткіліксіздігі, азық-түлік өнімдерінің, энергияның жетіспеушілігі, елдер мен адамдардың теңсіздігі жатады. Мұның барлығы қазіргі жҽне болашақтағы ұрпақтарға қауіп төндіреді.
«Жасыл экономика» қоғамдағы негізгі 4 мәселені бөліп көрсетеді:
§ экологиялық;
§ интеллектуалдық;
§ саяси;
§ этикалық.
Бұл мәселелер категориясына әлеуметтік зардаптар мен қоршаған ортаға әсер етуге алаңдаушылық, әлеуметтік және табиғи капиталдың жоғары құндылығын түсіну, ресурстарды пайдалану тиімділігі, тұрақты тұтыну мен өндіру, «жасыл» жұмыс орындарының көмегімен макроэкономикалық мақсаттарға жауап беру, негізгі салалардағы өсу мен бәсеке деңгейін арттыру жатады.
«Жасыл экономика» тұжырымдамасын дамытуда Азия және Тынық мұхиты аймағының Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ерекше үлес қосты. ЭСКАТО бастамасының негізінде «жасыл өсу» стратегиясы қабылданып, негізгі төрт басым бағытты қамтыды:
Әлемдік тәжірибеде «жасыл экономиканы» әлемдік қауымдастық жаңғыру экономикасы ретінде қабылдап, қолданысқа енгізуде; 2006 жылдан бері «International Journal of Green Economics» журналы жарық көреді, Жасыл өсудің Ғаламдық институты, Ұлыбританияда Жасыл экономика институты құрылған. БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы да (ЮНЕП) «жасыл экономиканың» әлемдік кеңістікте таралуы мен орнығуында үлес қосуда. «Жасыл экономика» мәселелерін дамыту мақсатында Бразилияда өткен «Рио+» дүниежүзілік тұрақты даму Конференциясы (2012) ерекше оқиға қатарына жатады. Көптеген елдер қазіргі таңда өздерінің ұлттық саясаты мен даму стратегиясында «жасыл экономиканың» әр алуан құралдарын қолдануда. Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінде «жасыл экономика» негізінен кедейшілік пен теңсіздік мәселелерін шешу, базалық инфрақұрылымды, өсуші халық санын қызметтермен қамтамасыз ету контекстінде қарастырылады. Корея Республикасы мен Қытайда экономикалық ынталандырудың ұлттық пакеттерінің «жасыл» үлесі әлемдегі алдыңғы қатардан орын алады. Корея Республикасы «жасыл өсудің» тұжырымдамасын ұлттық стратегия ретінде жүзеге асыруды жариялаған алғашқы мемлекет болып табылады. «Жасыл» өсудің бес жылдық (2009-2013) жоспары, «жасыл өсу» бойынша президенттік комиссия құрылды. Сонымен бірге төменгі көмірсулы «жасыл өсудің» рамалық актісі қабылданды. Стратегия минималды энергиялық және басқа да ресурстарды пайдалана отырып, экономикалық қызмет масштабын сақтауға, пайдаланылатын энергия мен ресурстардың қоршаған ортаға ықпалын нөлдік деңгейге жеткізуге, табиғат қорғау қызметі мен экономикалық өсімді қозғаушы күштерге инвестиция салуға бағытталған [5]. Қытайдың 12-ші бес жылдық жоспарының (2011-2015 жж.) «Жасыл даму» атты бөлімінде келесідей стратегиялық бағыттар айқындалған: климаттың өзгеруі, ресурстарды үнемдеу және оларды басқару, экономикадағы шеңберлі айналым, қоршаған ортаны қорғау, экожҥйелерді қорғау және қалпына келтіру, су ресурстарын қорғау, апатты жағдайлардың алдын алу. Бұл бағыттармен байланысты мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: көмірсу қалдықтарын шығаруды жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 17 % дейін азайту, азот және оның оксидтерін 2015 жылға қарай 10 % азайту. Энергиялық тиімділік саласы бойынша Қытай 2020 жылы бастапқы энергияның 20 % қалыпқа келетін ресурстар есебінен алуды жоспарлап отыр. Жапонияның «жасыл» инновациялар саласындағы ұлттық стратегиялық жоспары қоршаған ортаны қорғау бойынша нарық көлемін ұлғайтуға 50 трлн жапон иенін, жаңа жұмыс орындарын ашуға 1, 4 млн жапон иенін бөлуге бағытталған. Ирландияның 2007-2013 жылдарға арналған ұлттық даму жоспарында инвестициялық басымдықтарға шамаланған қаржылық ассигнованиялар қарастырылған, оның ішінде қоршаған орта бойынша транспорт, қалдықтарды басқару, климаттың өзгерісі, қоршаған орта бойынша ғылыми зерттеулер, тұрақты энергия мәселелеріне арналған. Данияның «жасыл өсу» туралы келісімі қоршаған ортаны қорғау мен замануи жҽне бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын, азық-түлік өнеркәсібін, дамытуға бағытталған. 2015 жылға дейінгі «жасыл өсудің» капиталы 13, 5 млрд дат кронасын құрайды, ол мемлекетке экологиялық міндеттерді орындауға, экономикалық өсім мен жұмыспен қамтылу деңгейін көтеруге көмектеседі [5].
Әлемдік тҽжірибені ескере отырып, қазіргі жағдайдағы «қоңыр экономика» тән, экономика мұнай-газ, кен өндіру, ауыр өнеркәсіп секторына тәуелді, мұнай-газ секторы ұлттық ЖІӨ-нің 30 %, ел экспортының 60 % құрайтын, даму тетіктері энергия мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген, тұрақты өсу артқан сайын экологиялық стандарттарға байланысты мәселелер туындаған, өндіруші салаға тҽуелділік өзге өңдеуші секторлардағы инновациялық дамуды кемітетін, әлемдегі он бірінші энергия сыйымды ел Қазақстан үшін «жасыл экономикаға» көшудің маңызы зор. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда», «Бізге тез табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дҧрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» деген болатын [6].
Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамасы 2013 жылы қабылданатын болады және ол 2050 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Еліміздегі «Жасыл даму» бағдарламасы «жасыл экономиға» көшудің бастапқы бағдарламасы іспетті. «Жасыл экономиканы» Қазақстанда енгізу үшін «жасыл экономиканың» әрбір құраушысы негізінде қазіргі мүмкіндіктерді талдау қажет:
1. Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай, газ) – елдегі қалдықтың 40 % энергия өндіру саласы құрайды [7]. Мұнай-газ секторы елдің ЖІӨ 30 %, экспорттың 60 % құрайды [8]. Сондықтан да мемлекет экономикалық өсу барысында әрі қарай да мұнай-газ секторына, энергетика секторы көмірдің мол қорына сүйенетін болады.
2. Су – 2015 жылға дейін суды пайдалануды екі есеге дейін қысқартуды көздеп отырған мемлекет үшін маңызды ресурс. Қолжетімді, қауіпсіз ауыз суды пайдалану мҥмкіндігі жоқ тұрғындардың үлесі 20 % жуық, сумен қамтамасыз ету ел ЖІӨ-нің 2 % жуық [9].
3. Қалдықтар. Қалдықтарды екінші реттік өңдеу көлемі 20 % жуық [10]. Үкімет қалдықтарды жоюдың қазіргі деңгейін 2020 жылы 70 % жеткізуді көздеп отыр, ол үшін елдегі қалдықтарды басқару жүйесін қайта құрылымдап, жаңғырту қажет. Жыл сайын 700 млн. тонна өндіріс қалдықтары, 3, 5 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар, 92 млн. тонна жануарлардың қалдықтары қоршаған ортаға шығарылады, мұның барлығы Қазақстанды қауіпті қалдықтар мен тұрақты органикалық ластаушылардың жиналуы бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасындағы екінші мемлекет етуде [7].
4. Ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы. Бұл секторға ел бойынша шығатын парниктік газдың (оның ішінде орман шаруашылығының парниктік газдарды жұтуы) 10 % тиесілі [7]. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖІӨ-нің 5 % жуығын, ұлттық экспорттың 2 % жуығын құрайды [11]. Саладағы еңбектің аз өнімділігіне қарамастан, астық бойынша өсу қарқыны жоғары, сондықтан да Қазақстан әлемдегі астық экспорттаушы жетекші бес елдің қатарына кіреді.
5. Транспорт. Тасымалдардың көбі дизель немесе бензиннің негізінде жүзеге асырылады.
Сол себепті, саланың парниктік газ шығарудағы жалпы үлесі 8 % тең [7]. Тасымал нарығы ұлттық ЖІӨ-нің 7 % құрайды [11]. Үкімет транспорт саласын елдің сауда әлеуетін арттырудағы маңызды сектор ретінде санайды.
Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу бойынша оның жоғарыда көрсетілген негізгі бес құраушысы бойынша жҥйелі жұмыс жүргізілетін болса, елдің экономикалық әл-ауқаты артары сөзсіз. «Жасыл экономика» Қазақстан үшін тиімді жоба, себебі, еліміздің қалыпқа келетін энергия көздерін өндіруде, ауыл шаруашылығында «жасыл» технологияларды пайдалануда әлеуеті жоғары. Қазақстанда «жасыл экономиканың» енгізілуі:
- энергия тапшылығы мәселесін шешеді;
- желдің жылдамдығы жоғары аймақтарда (Жоңғар қақпасы, т.б.) ЖЭС (жел электр станциясы), таулы су өзендерінде СЭС-терді дамытуға мүмкіндік беріп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
- парниктік газдардың
шығуын Киото хаттамасына
- күн энергетикасының көмегімен жайылымға жарамды жерлерде агроөнеркәсіп кешенін дамытады;
- тұрмысқа пайдаланылатын су ресурстарын қайта өңдеудің нәтижесінде өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігі туады, сол арқылы суды пайдалану 2 есеге дейін азаяды;
- қайта өңдеу нәтижесінде органикалық және өзге де қалдықтар тұрмыста пайдаланылып, сәйкесінше, қоршаған ортаның жағдайы тұрақтандырылады;
- биоотын негізінде
- жылу жүйесі баламалы отын көздері негізінде қызмет етіп, табиғи ресурстарды өлшеусіз пайдалану шектеледі;
- нанотехнология, ақпараттық технология, экономикалық экология салалары бойынша жаңа үлгідегі сапалы мамандар даярлауға жол ашады;
- «жасыл экономика» нҽтижесінде үнемделген қаражат елдің макроэкономикалық деңгейдегі мәселелерін шешуге жұмсалады.
Елімізде «жасыл экономикаға» көшу бойынша жұмыстардың басы ретінде Мойнақ ГЭС-ның салынуын, 2017 жылы елімізде өткізілетін «жасыл экономика» мәселелерін қамтитын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін атауымызға болады. Сонымен бірге Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде тұрақты даму зерттеу орталығы құрылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. «Жасыл экономиканы» енгізудегі жетекшілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына жүктелген.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген өндірістік сала, тҧрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы жҽне басқа да салалар бойынша белгілеген міндеттері «жасыл экономика» тұжырымдамасына толығымен сәйкес келеді. «Жасыл экономика» – Қазақстанның 2050 жылға қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси құндылықтарының жүйелі дамуының, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басты шарты және кепілі.
Информация о работе Жасыл экономиканы» енгізу: әлемдік тәжірибе және қазақстан