Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:13, курс лекций
Балқаш озенінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатыр, кен өндіру кәсіпшілігінің өркендеуі көлдің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Іле — Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле — Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары — Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле — Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады. «Халықтың басым бөлігі Балқашқа құрғап кету қаупі төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі не істеу керек деп қимылдай бастайтын шығар. Ол заңды да. Өйткені, проблеманың бар екенін халық әзірше білмейді», — деп шағымданады Михаил Сироткин.
Әйтсе де, қарапайым халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай жыл айналысып келеді. Наталья Воробьева — биология ғалымы. Балқаштың шынымен-ақ аянашты халде қалғанын ол мойындап отыр.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Қорта айтарым Балқаш көлінің концерогенді заттармен нақтырақ айтқанда,көлдің маңындағы өнеркәсіп зауыттарының қалдықтары букіл елдің экологиясына зардабын тигізуде. Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін. Мұнайдың суды ластауы ол тек Қазақстанның ғана емес бүкіл дүние жүзінің басты проблемаларының бірі. Оның ластануы адамдарға, теңіздегі бүкіл тірі организмдерге тіпті жан-жануарлар мен құстарға орасан зор зиянын тигізуде. Айта кетсем Қазақстандағы ең негізгі Қашаған мен Теңіз кен орындарынан төгілген мұнай қалдықтары Каспий теңізінің суын ластауда.Осындай проблемалар жайлы бірнеше дүниежүзілік конференциялар болып өтті.Бұл проблеманы болдырмаудың бірден-бір жолы ол теңіз үсті кен орнын игермеу болып табылады.Бірақ мұнайға сұраныс көбейген қазіргі уақытта бұл мүмкін емес нәрсе.Себебі ол үшін жанар-жағармайға деген тәуелділікті азайту керек болады.Ал қазіргі біздің көптеген керектенетін нәрселеріміз осыларға тәуелді.Сондықтан бұл проблемаға жер бетіндегі әрбір адам өзіндік ат салысып бірге күш жұмылдырса, мұнайды неғұрлым тиімді де сенімді жолмен игерсе судың мұнаймен ластануын азда болса да тежей алады.Қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп құбылыстарды тежеу, тоқтату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінің басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының пікір – ұсыныстарын есепке ала тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез арада асырудуң бағыттары мен жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда.
Бұл бағыттағы ең басты шаралардың бірі Балқашты біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Глоссарий:
1) Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар.
2) Фибриалды саркома-қатерлі ісік жаралары.
3) Канцерогендік заттар, канцерогендер (латынша cancer – қатерлі ісік және грекше genes – тудырушы) – организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар.
Әдебиеттер тізімі:
1. Бейсенова Ә.,Самақова А.,Есполов Т.,Шілдебаев Ж. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. «Ғылым»,2004.134-137б
2. Адамбекова Х. Арқаның омырауында алқасындай // Орталық Қазақстан.- 2003.- 14 тамыз.-4 б.
3. Аралым-арым, Балқашым-бағым / Құрастырушы Н.Жүнiсбаев.-Алматы: Қайнар, 1988.-264 бет.
4. Арал-арымыз, Балқаш бағымыз емес пе едi: Мəжiлiстiң экология жөнiндегi үкiметтiк сағатында айтылған ой-көзқарастары// Азия Транзит.- 2000.-N6.-22-27 б.
5. Ахметов Қ. Үлкен үмiт күтемiн// Орталық Қазақстан.- 2001.-1 желтоқсан
6. « Қазақстан » ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
7. « Экологиялық бағдарлама ». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.
8. «Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта
9. «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.
10. «Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002
11. «Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова.
12. «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004
13. «Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.
14. «Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.