Қызылорда облысы
Орындаған: Сұлтанбек
Э Эк-105
Тексерген: Шимшиков
Б.Е
Қызылорда облысы
- Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
- Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.
- Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығыс мәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.
Тұрғыны (2011):705 484 адам (4,1
%, 11 орын)
Тығыздығы:2,8 адам/км² (12 орын)
Жер аумағы:226,1 мың км² (8,3 %, 4 орын)
Қызылорда облысы
- Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика және басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь-Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.
- Қызылорда облысы экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Ол салада облыс халқының ширек бөлігінен асатын еңбек етуге қабілетті тұрғындары жұмыс жасайды және облыста 52,5% шамасында жалпы өңірлік өнім құралады.
- Жалпы республикалық өнеркәсіптік өнімдер өндірісі көлеміндегі өңір үлесі орташа 6,7%-7,0% –ды құрады.
- 2009 жылы әлемдік дағдарыстың жағымсыз әсері бірінші кезекте облыс экономикасының шикізат секторында байқалды.
- 2009 жылы өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі 2008 жылмен салыстырғанда 99,0%-ды құрады (2008 жылы -104,0%). 2010 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 774,9 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 99,6 пайыз.
- Қызылорда облысындағы ірі кәсіпорындар қатарында «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ТорғайПетролеум» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС (мұнай өндіру), орта кәсіпорындар қатарында «Қуат» ЖШС, «Полихимпродукт» ЖШС (полиэтилен құбырлар өндірісі», «Мелиоратор» ЖШС, «Қызылордаэкспортастық» ЖШС, (керамикалық кірпіш), «ҚазпромҚызылорда» ЖШС, «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС, «Қазвернал» ЖШС т.б. атауға болады.
- Облыста
409 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және 658 тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар жұмыс істейді
- «Қызылордакүрішмаш» «Қызылордакүрішмаш» – машина жасау кәсіпорны. 1981 ж. ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған зауыт ретінде пайдалануға берілген. 1994 жылдан акционерлік қоғам. Астық жинайтын машиналар шығаруға мамандандырылған. Зауыт шығаратын әртүрлі жатка машиналары елімізде көпшілік сұранысқа ие. Зауыт ЖВ-4,1, ЖРТ-5-01. ЖРТ-5, ЖВУ-6, ЖВТ-6, ЖВП-10 жатқаларын жасауды игерген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 600 жатка.
- Қызылорда облысында электр-энергияны өңдіруді, оны ішкі өңірлік маңызды жүйелері бойынша беруді, сонымен қатар, электржабдықтаумен қоса, мемлекет тарапынан электр-энергетикалық нарығының жоғары монополиялануы байқалады.
- Осыған орай, соңғы уақытта мемлекеттің электржабдықтау нарығына қатысуы күшеюде, яғни қазіргі жұмыс істеп тұрған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін тең емес жағдай тудыруы мүмкін (Қызылорда ЖЭО шинасынан электрэнергия көлемін таратуға, сондай-ақ, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының электр жүйелеріне кіруге рұқсат беруге байланысты).
- Сонымен қатар, қазіргі таңда, Қызылорда облысындағы бар қуаттылық өңірдегі электр-энергияның қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, соған сәйкес, электржабдықтау нарығына жаңа ойыншылардың кіруін ынталандырмайды.
- Өңірде төмен деңгейде табиғи газбен газдандыру проблемасы бар.
- Қызылорда облысында жүк және жолаушыларды тасымалдауда теміржол, автомобиль және әуе көліктері маңызды орын алады.
- 2010 жылы көліктің барлық түрлерімен 139,7 млн жолаушылар тасымалданған, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 113,6 пайызды құрап отыр. Автомобиль көлігімен жолаушылар айналымы 2010 жылы 2716,5 млн. жолаушы/км, 2009 жылмен салыстырғанда 113,6% құрады
Демографиялық
жағдай
- Қызылорда облысының демографиялық жағдайы халық санының қарқынды өсуімен сипатталады. 2000 жылдан
2010 жылға дейін тұрақты халықтың саны орташа 8 мың адамға өсті. 2011 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 700,6 мың адамды құрады.
- Облыстың демографиялық жағдайы табиғи көбею және табиғи азаю процесіне тікелей байланысты.
-
2010 жылы халықтың табиғи өсімі 1000 адамға 21,31 құрады бұл 2007 жылы 17,99 болған.
- Облыстың урбанизациялау үдерісі Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі процесстермен ұқсас, олардың негізі жоспарлы шаруашылық кезінде и аймақтық дамудың индустриалдық қағидалары барысында қалыптасқан. Аумақтық көпжылдық қоныстануы мыңжылдық тарихи оқиғаға дейін созылады, яғни урбанизациялануы өзіндік ерекшеліктерге ие, бұл үдерісті оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезінде ескеруді қажет етеді.
- Қызылорда - облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдени орталығы. Бұл қала өзінің экономиканың функционалды түрлілігімен, жан-жақтылығымен, экономикалық-географиялық қолайлы қолайлы орналасыумен ерекшеленді. Осы қасиеттердің үйлесуі Қызылорданы барлық облыстардың ішіндегі даму мен жаңалықтың қозғаушы күші екендігін білдіреді.
- Облыстың басқа қалалары ірі қалалардағыдай халқын көбейте алмады, урбанизациялық шоғырлану бұл қалаларда өзіндік сипатқа ие болды.
- Аз мамандандырылған қалалар, ережеге сай, бір ғана салаға ие (Қазалы қаласы- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, Арал қаласы- балық өндіру). Аз мамандандырылған дегеніміз, қаланың өзге саласын дамыта алмағандығын, оған күш салынбағандығын көрсетеді.
- Қаланың инфрақұрылымы нашар дамыған, осыған байланысты, сәулеті мен халық тұрмысында, құрылыс объектілерінің жоспарлануында ауылға тән сипат басым. Облыста әрқайсысында 3 мыңнан 30 мыңға дейін халқы бар осындай 2 қала бар.
- Облыстың Қазақстанның өзге өңірлерінен дәстүрлі айырмашылығы - халықтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Облыста халықтың 57,9% тұратын немесе 404,0 мың тұрғыны бар 263 ауылдық елді мекен бар.
Өңір экологиясы
- Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып саналады.
- Облыстың экологиялық жағдайы негізінен Арал теңізінің тартылуы және Байқоңыр кешені, қоршаған ортада тазалық сақталмауы, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесінің шешілмеуімен байланысты болып отыр.
- Облыстың әуе бассейні жағдайына өндіріс, жылу энергетика, мұнай өндіру салаларының, сондай-ақ жылжымалы құралдардың ластанған қоспаларды көптеп тастауына байланысты болып отыр. Мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарынан атмосфераға түскен ластауыш заттардың жалпы түскен ластауыш заттар көлеміндегі үлес салмағы 2009 жылы 25% құрады; электрқуаты, газды және суды өндіретін және тарататын кәсіпорындардан - 4%; басқа салалардан – 0,5%; жылжымалы көздерден 70,5%. 2009 жылы тазалап, заласыздандырып, пайдаға асырғаннан кейін 33,18 мың тонна ластауыш заттар облыс атмосферасына тараған, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,71% көп.
- Атмосфераға түсетін ластауыш заттар көлемі 2008 жылмен салыстырғанда қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында -1,19%, құрылыста -1,5% өскен, мұнай өнеркәсібінде -7% азайған. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарындағы эмиссиялар көлемінің көбеюі құрамында асбест бар цементті материалдарды өндірудегі газ-шаңұстағыш қондырғыларын орнату ісінің артта қалуымен байланысты, жылу-энергетика кәсіпорындарында – жылу және электр энергияларын өндіруді көбейтуге қарағанда экологиялық шаралардың артта қалуымен байланысты.
- 2008 жылмен салыстырғанда атмосфераға түскен ластауыш заттар көлемі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында -1,19%, құрылыста- 1,5% өскен, мұнай өнеркәсібінде -7% азайған.
- Сарапталып отырған мерзім аралығында Қызылорда облысы атмосферасына түскен ластаушы заттар 0,19 есе көбейген. Ең ірі атмосфералық ластағыштар Қызылорда қаласында шоғырланған. Бұл жерде жылжымалы және зиянды заттар шығаратын тұрақты көздер қызмет атқарады, қалада олардың саны өте көп.
- Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан.
- Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.