Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күтудің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 18:57, реферат

Краткое описание

Ыстық және құрғақ климаттың бетон құрылымының қалыптасуына айтарлықтай әсер етіп, оның физика –механикалық қасиеттеріне өзгерістер ендіретіні туралы зерттеулерден белгілі, олар туралы алдыңғы баяндамаларда аталды.
Осы аталған факторлардың әсер ету ерекшеліктері, мөлшері бетонды қату кезінде күтуге және олардң түріне байланысты.
Қажетті күту режимінің сақталмауынан бетонның қажетті беріктігіне және деформативтік көрсеткіштеріне қол жеткізбеуінен бетон және темірбетон бұйымдарының сапалық көрсеткіші нашарлап, кей жағдайда апатқа әкеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күтудің ерекшел.doc

— 24.50 Кб (Скачать документ)

Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күтудің  ерекшеліктері.

 

 

      Ыстық және құрғақ климаттың бетон құрылымының қалыптасуына айтарлықтай әсер етіп, оның физика –механикалық қасиеттеріне өзгерістер ендіретіні туралы зерттеулерден белгілі, олар туралы алдыңғы баяндамаларда аталды.

      Осы аталған факторлардың әсер ету ерекшеліктері, мөлшері бетонды қату кезінде күтуге және олардң түріне байланысты.

Қажетті күту режимінің сақталмауынан  бетонның қажетті беріктігіне және деформативтік көрсеткіштеріне қол жеткізбеуінен бетон және темірбетон бұйымдарының сапалық көрсеткіші нашарлап, кей жағдайда апатқа әкеледі.

Сол себепті ыстық және құрғақ климаттық  жағдайда бетонға күтім жасау  өте жауапты технологиялық процесс.

 

      Бетонды күтудегі мақсат:

  • қату процессінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимді сақтай отырып, бетонның қажетті беріктігіне қол жеткізу;
  • бетон құрылымында айтарлықтай температуралық және шөгу деформацияларының әсерінен ішкі созылым кернеулердің орын алуын азайту, мүмкіндігінше болдырмау.

      Бетон күтімі көп еңбекті талап ететін күрделі технологиялық процесс. Оны ұйымдастыру айтарлықтай қосымша материалдардың шығынын талап етіп, шикізаттардың түрлеріне қабылданған әдіске байланысты болады.

Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күту процесін шартты түрде екі периодқа бөледі:

      Бастапқы, яғни алғашқы күтім уақыт өткізбей басталып, жаңа қалыптанған бұйым бетіне тікелей күн сәулесінің әсерін және аңызақ желдің әсерін болдырмау үшін бетон бетін су өткізбейтін (полиэтилен) материалмен жабу, тағы басқа материалдармен бүркемелеп ылғалдатып тұру.

      Алғашқы күтімнің мерзімі цементтің түріне белсенділігіне бетон құрамына, қоршаған ортаның температурасына және ылғалдылығына байланысты болып, бетон беріктігі 0,5 МПа болғанға дейін жалғасады.

      Келесі бетонды күту периодының мақсаты –бетонның қату процесінің жалғасуына қажетті ылғалдық жағдай жасап, тиісті беріктікке қол жеткізу.

Осы процесстің сапалы нәтиже беруін қамтамасыз ету жолдары:

  • тұрақты ылғалдылық орнату үшін бетонның бетін жауып, не болмаса құм, опилка сеуіп, су шашып тұру;
  • бұйымның горизонтальды бетінде су қабатының болуын жасау;
  • үздіксіз бетон бетін су шашып ылғалдандырып тұру;

      Келесі  күтім бетонның 70% беріктігіне қол  жеткізгеніне дейін жалғасады.

Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде  айтатын қорытынды –ыстық және құрғақ климаттың әсерін төмендету үшін бетонды тиісті режимде күту қажет.


Информация о работе Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күтудің ерекшеліктері