Ғылыми-техникалық прогресс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 21:50, реферат

Краткое описание

Ғылым мен техниканың бірегейі,бір-бірімен сабақтаса,біртіндеп дамуы.Ол 16-18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен,ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып,тоғыса түскен кезден бастау алады.Бұған дейін материалдық өндіріс,негізінен,эмпириялық тәжірибені,кәсіби құпияны қорландырып,машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді.Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми-теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды,бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып,өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп,теңіз жолын меңгеруі,ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше міндеттерді теориялық және тәжәрибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты

Содержание

1. Ғылыми-техникалық прогресс .
2. Ғылыми-техникалық революция. табиғатқа әсері.
3. Табиғатқа әсері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тпэн реферат.docx

— 19.71 Кб (Скачать документ)

 

 

                          

 

 

                          Мазмұны:

1. Ғылыми-техникалық  прогресс .

2. Ғылыми-техникалық революция. табиғатқа әсері.

3. Табиғатқа әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми-техникалық  прогресс.

         Ғылым мен техниканың бірегейі,бір-бірімен сабақтаса,біртіндеп дамуы.Ол 16-18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен,ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып,тоғыса түскен кезден бастау алады.Бұған дейін материалдық өндіріс,негізінен,эмпириялық тәжірибені,кәсіби құпияны қорландырып,машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді.Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми-теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды,бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып,өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп,теңіз жолын меңгеруі,ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше  міндеттерді теориялық және тәжәрибелік тұрғыдан  шешу қажеттігін алға тартты.Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп,практикаға жүгіне бастады.Шығыс жұртының компасты,оқ-дәріні ойлап табуы және кітап шығару тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.Жалпы,бұл- Ғылыми техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады.Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір механикалық процесстерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі.Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы,науа теориясы,су қысымы туралы,қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болған.Яғни,мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің  бастапқы ғылыми және техникалыұ нышандарын дамытып,Г.Галилей,И.Ньютон,Э.Торричелли,кейін,Д.Бернулли,Э.Мариотт,Ж.Л.Д`Аламбер,Р.А.Реамюр,Л.Эйлер,т.б. ғалымдар тарихқа  ''өндіріс қызметшілері '' деген атпен енді.

        18 ғасырдың соңында машина өндірісінің  пайда болуына математиктердің,механиктердің,физиктердің,өнертапқыштар  мен шеберлердің үлкен бір тобының  ғылыми-техниканың жасампаз іс-әректтері негіз қалаған еді.Дж.Уаттың бумен жүретін машинасы  конструкторлық-техникалық ізденіс қана емес, ''ғылымның жемісі'' саналды.Ал,машиналы өндіріс өз  кезеңінде ғылымды технологиялық тұрғыдан қолдану үшін тың,шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты.Осының өзі Ғылыми-техникалық прогресстің жаңа,екінші кезеңіне айналып,ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленеді.Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді  техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар:қолданбалы зерттеулер,тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар,өндірістік жетілдіру үрдісі қалыптасты.Ғылыми-техниканың іс-әрекеті адам еңбегінің ең ауқымды,ажырамас бөлігіне айналды.Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды.Осы заманғы Ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры- тек өнеркәсіпті ғана емес,сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің,т.ь. кқптеген салаларын:білім беру ісін,қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы.Ғылыми-техникалық прогресс- әлеуметтік прогресстің негізі болып табылады.

         Ғылыми-техникалық  революция- ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп,сапалық жағынан түлету.20 ғасырдың 40-жылдарынан басталған Ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып,елеулі нәтижелерге қол жетті:ең бастысы,еңбектің жай-ахуалы,сипаты мен мазмұны,өндіргіш күштердің,еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап,еңбек өнімділігі күрт өсуі,сол аралық қоғам өмірінің өзге салалары,әсіресе,адамдардың мәдениеті,тұрмысы,психологиясы жетіліп,табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.

          Ғылыми-техникалық  революцияның қазіргі кезеңі:ғылымның өндіргіш күшке айналып,қоғамдық  еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен;өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап,өнімге жұмсалатын материал  капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен;жаңа энергия көздерінің табылып,сипаты алдын-ала белгіленген жасанды материалдарды кәделеуімен;өндірісті ғылыми ұйымдастырудың,бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып,ғылым салаларының өзара байланысының күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқының,гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен;әлеуметтік прогрестің мейілінше қарқындап,күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, ''ғаламдық проблемалар'' деп аталатын мәселелерінің пайда болуымен ерекшеленеді.Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар Ғылыми-техникалық революйияның басты ғылыми-техникалық бағыттары:өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді  түрде автоматтандыру;энергияның жаңа түрлерін тауып,пайдалану;жаңа құрылымды материалдарды,биотехнологияны,информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.Ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының:табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың(ғылым);табиғатты түлетудің техникалық құралдары мен тәжірибелер кешенінің(техника),материалдық игіліктерді жасау үрдісінің(өндіріс)және практикалық іс-қимылдармен әр қилы қызмет түрлерінің жасықты өзара байланысу тәсілдерінің(басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.

                                         Табиғатқа әсері.

         Табиғи ортаның ластануымен күресу,ғарыш  серіктері арқылы байланысу,әлеуметтік  мұхит ресурстарын игеру,компьютерлік-техникалық  желілер қауіпсіздігін қамтамасыз  ету,т.с.с. мәселелер бойынша өзара  ынтымақтастық ахуалын орнатып,ғылыми-техникалық  жетістіктер айырбасына жол ашуға  әр түрлі даму деңгейіндегі  мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.

          Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр. .Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі. Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан «Заманымыздың кеселі » аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады. Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі. Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана , ойлау жүйесі, іс – қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды.

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Қолданылған әдебиеттер:

  1.Жаһандану,Экология кітаптары;

  2.Философиялық  энциклопедиялық сөздігі,2-3 томдары,..М.,1989

 

 

 

 

 


Информация о работе Ғылыми-техникалық прогресс