Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 21:05, реферат
Ғылымның жетістігі адамзат баласын ұшан-теңіз жетістіктерге жеткізді. Бақыт пен берекеге бөледі. Алайда, қай ғасырда да соғыс құралдарын ойлап шығару, жаңа түрін жетілдіру бәсекесі тоқтаған жоқ. Садақтан басталған соғыс қаруы атом бомбасына келіп жетті. Алпауыт елдердің жедел қарулануының нәтижесінде ХХ ғасырдың ғалымдары ядролық қаруды ойлап тауып, әр түрлі сынақтардан өткізді. XX ғ. ядролық қару-жарақтың қалыптасуына II дүниежүзілік соғыс себепші болды. Сонымен қатар жаңа, жасанды энергияның пайда болуы – адам ой-санасы мен ғалымдардың табиғат құпиясын жаулаған батылдығы. Ядролық энергияны игеру Англияда, Германияда, ал кең масштабта АҚШ-та басталды
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
Ядролық жарылыстар
Қазақстандағы ядролық жарылыстар
Невада- Семей қозғалысы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде
жаһандық ядро тарихында жаңа
дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын
қарудан өз еркімен, саналы түрде
және біржақты негізде бас
тартқан ел, Қазақстанды үлгі
тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД
Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан
айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядролық
сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық
күніне арналған шаралар төңірегінде
«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық
форум өткен болатын. Бұл халықаралық
форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ,
АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық
және аймақтық ұйымдардың басшылары мен
өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия,
Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы,
Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия,
Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да
елдер парламенттерінің депутаттары,
мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің
көптеген мемлекет басшылары мен кемеңгер
саясаткерлері бас қосқан келелі жиында
алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты
зардап шеккендігін, ендігі жерде сол зардапты
ешкімнің шекпеуін қалайтындығын айта
отырып, Қазақстан жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің
жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан
жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде
уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке
шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен
БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы
іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялануын
заңдылық деп қабылдаймыз», – деді президент.
Осындай батыл қадамның нәтижесінде ғасырлар
тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық ядролық
қарсы тұрушылық қаупі айтарлықтай төмендеді.
Оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы
керектігін ортаға салып, ұсыныстар жасады.
Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында
ядролық отынның халықаралық банкін орналастыруға дайын.
— 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
— 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
— 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.
— 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.
— 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.
— 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны бекітті.
— 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді.
— 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. Қазақстан өкілдері Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының сессиялары мен жыл сайынғы отырыстарына тұрақты түрде қатысады.Барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
— 1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-ші сессиясы уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және 2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті. ЯСЖТШ қол қою арқылы Қазақстан Ғаламдық мониторинг Желісін құру тұрғысынан ЯСЖТШҰ Даярлық комиссиясымен белсенді ынтымақтаса отырып, шарт шеңберіндегі верификациялық тәртіпті нығайтуға қомақты үлес қосады. ЯСЖТШ ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты іс-әрекеттерді іске асыру туралы келісімге қол қойылды.
— 2002 жылдың 13 мамырында Қазақстан лаңкестікпен күресуді, жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұруды, ядролық материалар мен қос мақсатты өнімдердің пайдаланылуын және қозғалысын бақылауды күшейтуді мақсат еткен Ядролық материалдар жеткізушілер тобының мүшесі атанды.
— 2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық Жабдықтаушылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту.
— 2005 жылы шілдеде Австрия СІМ-не – Баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес бойынша Халықаралық кодексінің депозитариіне ҚР СІМ-нің Қазақстанның Кодекске қосылуы туралы хабарлайтын нотасы жіберілді. Бұл еліміздің Зымырандық технологияларды бақылау тәртібіне енуіндегі маңызды іс болып табылады.
— 2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті.
— 2005 жылдың шілде айында Қазақстан «Краков бастамасы» деген атаумен белгілі Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы қауіпсіздік туралы бастамаға қосылды.
— Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті.
— 2008 жылдың 1-30 қыркүйек кезеңінде бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен бірлескен Интегралды дала эксперименті (ИДЭ08) өткізілді. Аталған іс-шаралар кез-келген ортадағы ядролық жарылыстарды немесе оларды өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу бойынша инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау мақсатында өткізілді.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті
Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық
қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз
— әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке
қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы
болып Семей ядролық полигонын жауып және
атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші
ядролық державалардан — АҚШ-тан, Ресейден,
Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан
қауіпсіздігімізге берік халықаралық
кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық
қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық
және жер шарының басқа да аймақтарында,
әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар
құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Біз
әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм
қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне
қолдау жасаймыз. Қазір біз ядролық қатерді
таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер
қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау
режімінің арқауы болды және солай бола
бермек. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым
салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі
таратпау режімін нығайтудың маңызды
қозғаушысы болуға тиіс.
Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға
қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы
ұсынысымды қолдады. Ядролық қарудан
бастарту мәселесі – ХХІ ғасырдың ең ауқымды,
әрі күрделі мәселелерінің бірі болып
табылады. Егер әлемдік халықаралық қоғамдастық
ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының
кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта
алмайтын болса, оның салдарлары үлкен
ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
3.Жұмаханов
А. Қазіргі ядролық жағдай// Азаттық
– 2010 – 12 ақпан// http://www.azattyq.
4.Назарбаев
Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана: Елорда,
2001.
5. Жанайдаров
О. Менің елім – Қазақстан. Алматы: Балауса,
2003.
6. Арай. Журнал.
1988. №10.