Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 13:43, реферат

Краткое описание

Ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама – қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырылған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Биосфера ұғымының пайда болу тарихы
2. В. И. Вернадский
3. Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар:

 

 

I. Кіріспе

  

II. Негізгі бөлім

    1. Биосфера  ұғымының пайда болу тарихы

    2. В.  И. Вернадский

    3. Вернадскийдің  ноосфера туралы концепциялары

 

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың  құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді.  Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама – қарсы әсер де бар.  Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырылған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады.

 

 

Негізгі бөлім.

Табиғат құбылыстарын бақылай отыру нәтижесінде тірі организмдер қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі және оны түрлі мөлшерде өзгертетіндігі анықталды. XVII ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы мәліметтерді голландиялық ғалымдар Б. Варениус (1629-1695),  Х. Гюйгенс, және де танымал француз журналисті  Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде кездестіреміз. Кейін, француз журналисті Ж.Кювье (1769-1832) тірі организмдер тек қана қоршаған ортамен байланысу арқылы ғана өмір сүре алады деп жариялайды. Басқа зерттеушілер – француз химиктері Ж. Б.Дюма (1800-1884), Ж. Бусенго (1802-1887), неміс химигі   Ю. Либих (1803-1873) жасыл өсімдіктердің әлемдік газ алмасу процесіндегі және топырақ ерітінділерінің өсімдіктер қоректенуіндегі маңызын атап көрсетті.    Көптеген ғалымдар организмдердің өздерінің қоршаған ортасымен байланысын зерттеп алды, соның нәтижесінде биосфера туралы жалпы мағлұматтар жинақталына бастады. Ж. Б. Ламарк өзінің «Гидрогеология» атты еңбегінде бүкіл 1 тарауды тірі организмдердің жер бетіне тигізетін әсеріне арнады. Ол былай жазды: «...табиғатта аса ірі күш бар, ол аса қуатты және әрқашан активті болады. Тірі организмдердің түрлі жер бетінде орналасқан заттарға әсері оның сыртқы қабатын құрайды».  Бұл сөздерді негізге ала отырып,  тірі организмдердің және олардың шірінділерінің үлкен, әрі маңызды геологиялық рөлі бар деп айта аламыз. Ұлы географ және натуралист А. Гамбольд (1769 - 1858) өзінің «Космос» атты еңбегінде сол кездегі Жер және Ғарыш туралы білімдерді жинақтады. Осыны негізге ала отырып, ол бүкіл табиғи процесстермен құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы идеяны дамыта түседі. Жердің биосферасының анықталған табиғи жүйе ретінде өмір сүруі, біріншіден, бүкіл тірі организмдерінің қатысуымен өтетін энергия және заттың айналымымен сипатталады. Бұл айналым идеясы неміс натуралисті Я. Молешот еңбегінде көрсетіледі. Ал,  XIX ғасырдың 80-жылдарда неміс физиологы В.Пфеффер (1845- 1920)  ұсынылған тірі организмдерді қоректену әдістеріне байланысты 3 топқа (автотрофті, гетеротрофті, миксотрофті) бөлу идеясы ғылымда үлкен жаңалық болды. Ол биосферадағы зат алмасуының негізгі заңдарын түсіндірді. Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті Ж. Б. Ламарк (1744-1829) атымен байланыстырады. Ол «биология» терминін қолдануды ұсынған ғалым еді. Ал «биосфера» анықтамасы алғаш рет Австрия геологы Э. Зюсспен 1875 ж., Альпы тауларындағы жұмыстарында ұсынылды. Бірақ, Зюссте биосфераның рөлі туралы мәліметтер жоқ. Биосфера туралы біршама кең ауқымды мағлұматты біз Вернадскийден (1863- 1945) кездестіреміз.      

 

В. И. Вернадский – ұлы ғұлама, геохимияны, биохимияны, радиогеология ғылымдарының негізін  құрағандардың бірі.    В.И.Вернадский факторларды аса жоғары бағалаған, гипотезалардың материалды өмірдің  шындығын көрсеткенін талап еткен. Оның концепциялары әрқашан маманданған жұмыстың тәжірибесіне толы болды.  

Биосфера туралы фактілер биологиялық ғылымдар (ботаника, география, топырақтану) дамуымен жинақталынды. Кейін, аңдар, өсімдіктер және минералдардың  қоршаған ортамен байланысы туралы тереңірек мағлұмат В. В. Докучаевтің еңбегіңен көруге болады. Сонымен, биосфера деген не? Оның өмір сүру заңдылықтары және қасиеттері қандай? Вернадскийдің биосфера туралы мағлұматтары өте өзекті. Кейде, оның жұмыстарында қарама-қайшылықтар кездеседі, бірақ оның барлығы бірігіп келгенде белгілі бір жүйе – биосфера туралы ілімді құрайды. Биосфера ілімі туралы алғаш рет Сорбонн университеті тыңдады. Вернадский оларға 1924-1932 жж. геохимиядан лекция оқыған еді.      

Вернадский  алғашқы боп өмірді тұтас дүние, геологиялық өзіндік нәрсе деп есептей бастады. Біз биосфераның белгілі бір бөлігі екенімізді айтқан. Ол биосфераны айрықша геологиялық дене, оның құрылымы және функциялары Жер және Ғарыш қасиеттеріне байланысты болады деп есептеген. Ал тірі ағзалар, популяцилар, түрлер және бүкіл тірі зат – биосфера құрылымының формалары.  

Вернадскийдің шын ұлылығы қазіргі уақытта  ғана бізге көріне бастады. Оның болашақты  көздейтін терең философиялық идеялары адамзат тағдырына түгелімен  байланысты.  Ол 1885 жылы Мәскеу университетінің  минералдар бөлмесінің сақтаушысы атанды. Бұл жерде жұмыс жасай отырып, ғалым көп жерлерге барып, химиялық және кристалды лабораторияларда жұмыс істейді және геологиялық экспедициялар жүргізеді. 1897 жылы өзінің докторлық диссертациясын қорғайды да Мәскеу университеті профессоры болады. 1906 ж. оны сол университеттің Мемлекеттік кеңесіне сайлайды. 1921 ж. Вернадский Мәскеуде ғылыми институт ашып, оның директоры атанады.

«Біз жаңа ғана тәуелсіз ғылыми ой,  Homo sapiens қиялының аса үлкен қуатын сезініп келеміз. Адамның табиғатты билеуі әлі алда» - деп Вернадский өз еңбектерінде жазған.    

 

 

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары

 

Өмірдің және биосфераның  пайда болуы қазіргі уақыттағы  жаратылыстанудың мәселесі болып отыр. Тірі организмдердің биосфера аумағында дамуы, оның ноосфераға өтуіне жол ашады. (грекше «ноос» - ақыл)   Ноосфера ұғымы табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас жасау сферасын түсіндіреді.

 

Ноосфера – биосфераның жаңа эмоционалды күйі, бұл кезде адамның ақылды іс-әрекеті – оның дамуының бірден-бір факторы. Ноосфераға адам және табиғат байланысы сай: ойлау, әлеуметтік-экономикалық заңдардың және  табиғат заңдарының байланысы.  

Кейде, Вернадский ұсынған ноосфера туралы ілім жаңалық емес, жай ғана адамның географиялық ортамен байланысын зерттейді деген пікірлер айтылады. Бірақ, мұндай сәйкестендіру дұрыс емес. Себебі, географилық орта - өнеркәсіпке, мәдениетке, тұрмысқа әсерін тигізетін жер қабаты, ал ноосфера - өнеркәсіптің, мәдениеттің, тұрмыстың сол қабатқа әсері.  Озон қабатының жойылуы – органикалық ерітінділер әсерін іске асырылуда, бірақ ол әлі географиялық ортаның элементі бола қойған жоқ, себебі ол әлі де өнеркәсіп, мәдениет, тұрмысқа әсерін тигізбейді. Бұл – геогрфиялық орта емес, ноосфераның факті. 

Вернадский  бойынша, ноосфера басқаша көзқарасты қажет етеді: біріккен ақылды ой арқылы әлемдік табиғи процестерді қадағалап  отыру. Бұл биосфераның жаңа күйіне біз, өзіміз сезінбей-ақ отырып  жаңа ғана жетіп келе жатырмыз. Оның аты ноосфера. 

 

Қазіргі таңда  аса үлкен өзектілікті Вернадскийдің  биосферадан ноосфераға өту туралы ілімі алып келеді. Бұл экологиялық проблемаларды шешудің бірден-бір жолы. ХХ ғасырда болатын ғылыми-техникалық революцияның биосфераға тигізетін әсерін Вернадский алдын-ала болжап қойған. Биосфераның заңдылықтарын түгелімен анықтау нәтижесінде ғана  табиғат байлықтарын өнімді түрде қолдануға жол ашады. Тірі организмнің биосферадағы іс-әрекетін жалғастыра отырып адам баласы жаңа Жер планетасында болып көрмеген химиялық реакциялар құрастыруда.

Биосферадан ноосфераға өту: болжамдар және шындық.

Вернадский  Жер планетасының геологиялық тарихын  зерттей отырып, биосферадан ноосфераға өткізетін жаңа геологиялық күш  – адамзаттың ғылыми ойы деп айтады. Бірақ, Вернадский еңбектерінде аяқталған және қарама-қайшылықсыз биосфераның өзгерісі – ноосфераның материалды негізі туралы мәлімет жоқ.    Оның еңбектерінде ноосфераның құрылу шарттары да жазылған. Бұл шарттарды атайық:

  1. Адаммен бүкіл Жер планетасын қоныстандыру
  2. Байланыс құралдарының күрт өзгеруі және мемлекетаралық байланысты қамтамасыздандыру;
  3. Жердің бүкіл мемлекеттері арасында саяси байланыс орнату;
  4. Биосферада өтетін процесстерде адамның геологиялық рөлінің артуы;
  5. Биосфера шекараларын кеңейту және ғарышқа шығу;
  6. Жаңа энергия көздерін ашу;
  7. Діндердің және халықтардың теңдігі; Халықтың ішкі және сыртқы саясаттағы рөлінің артуы;
  8. Ғылыми ойдың діннің, саясаттың, саяси жүйенің ықпалынан тәуелсіздігі; 
  9. Халықтық білім беру жүйесінің ойластырылған жүйесі. Еңбекшілердің жағдайын жақсарту;
  10. Жердің алғашқы табиғатын ақылды оймен адамның материалды, эстетикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын етіп өзгерту;
  11. Соғыстарды болдырмау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Біз енді биосфераның  бұрыңғы жай күйлерінен жаңа пайда болған ноосфераны бөліп айта аламыз. Оның құрылу процесі созылыңқы, біз оның қашан аяқталатынын болжай алмаймыз. Бұл туралы пікірлер түрлі болуы мүмкін. Мысалы: Ф.Т.Яншин былай жазады: «Вернадскийдің ноосфераға өту туралы ілімі ғажайып емес, Жер планетамызда тіршілік сақтап қалудың және болашақта табиғатпен қарым – қатынас жасаудың нақты стратегиясы» Ал Р. К. Баландиннің пікірі мүлдем басқаша: «Биосфера жоғарғы деңгейге өтіп жатқан жоқ, ол тек қарапайымдылану үстінде, оның деңгейінің төмендеуі соншама, оны техникалық жүйе арқылы адам басқара бастайды.» Вернадскийдің өзі адам іс-әрекетінің табиғатқа тигізген  жағымсыз жақтарын көре отырса да адамның ақылына сенді.     Ноосфераны сенім символы ретінде, адамның ақыл-ойының табиғатқа ғылыми жетістіктері арқылы пайдалы әсерін тигізетін нәрсе деп  қабылдау керек. Оған сенуіміз керек. Оның келуіне арнайы шаралар ұйымдастыруымыз қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Гришунин С., Рогова Э. “Беседы за “круглым столом””.
  2. “ВернадскийВ.И.: О коренном материально-энергетическом отличии живых и косных тел биосферы.”//”Владимир Вернадский: Жизнеописание. Избранные труды. Воспоминания современников. Суждения потомков.” Сост. Г.П.Аксенов. - М.: Современник, 1993.
  3. В.И.Вернадский "Размышления натуралиста. - Научная мысль как планетное явление". М.,Наука,1977. “Изучение явлений жизни и новая физика”,1931; Биогеохимические очерки. М.-Л., изд-во АН СССР, 1940
  4. Сб. "Биосфера" ст. "Несколько слов о ноосфере" М.,Мысль,1967. "В.И.Вернадский. Материалы к биографии" М.,изд-во "Молодая гвардия",1988.
  5. Л.Гумелевский “ЖЗЛ: Вернадский”, М.1988, изд-во “Молодая гвардия”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары