Тіршілік эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:37, реферат

Краткое описание

Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Тіршілік нысандарының эволюциясы
2.2. Адам эволюциясы
2.3. Сөйлеу мен ойлау эволюциясы
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіршілік эволюциясы.doc

— 663.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

2.2. Адам эволюциясы

Рамапитек        Австралопитек       Питекантроп

 

Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен – плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық         Кроманьондық               Homo sapіens

 

Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан  табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған).

1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики  Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 – 2.5 млн  жылдар арасында тіршілік еткен  “шебер адамның” қалдықтарын  тапты. Осы қабаттардан олардың  өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2.5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады.

Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан  бөлініп шығатын радиацияның  жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған. Австралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0.5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т.б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған.

ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.

1856 жылы Германиядағы Неандерталь  жазығында 150-40 млн жыл бұрын  өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.

Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы  мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы  адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың  жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің  қалдықтары табылды. Бұлар нағыз  “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде –ашық түсті тері, т.б.) қалыптаса бастаған.

Біздің заманымыздың жаратылыстану  ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі  адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі – рамапитек – шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен – сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген.  Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі – австралопитек – Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары – зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша  150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens – тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.

Бұл жерде, антропогенездің – түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.

Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.

Ғалымдардың екінші бір  тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.

Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық  құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин  қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.

Эволюциялық шкалада  жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.

 Олардың ішіндегі  ең маңыздысы – ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың  түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.

Адамның екінші ерекшелігі – оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.

Үшінші ерекшелік – еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оларда тіпті  біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер  тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар – тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.

Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.

   Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық  функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты,  сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.

 Адамдарда түсінікті сөз сөйлеудің қалыптасуы адамды жануарлардан ажыратудың негізгі де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің пайда болуының нәтижесінде  жануарларда жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам миының үлкен жарты шарлары түбегейлі өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен, ал оң көзі сол жарты шармен байланысты екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол жақ жарты шар рационалдық қызметке де жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу, сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң жақ жарты шар эмоцияларды басқарады. Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік береді..

Мидың үлкен жартышарларының  функционалдық ерекшеленуі тұқым  қуаламайды және адамның жаңа туылған  кезінде байқалмайды. Алайда кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның  тез сөйлеп үйрену қабілетін қамтамасыз ететін тұқым қуалайтын механизмдер болуы мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты шарларының қабығы функционалдық жағынан жіктелмеген.

 

2.3.Сөйлеу мен ойлау эволюциясы

Өздерінің дауыс  ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында  керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ.

                                                Ч.Дарвин         

Алғашқы қауымдық қоғам  эволюциясының көптеген проблемаларының  ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың  қауымдастықтарындағы өзара қатынас  құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.

Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.

Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда  дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.

Бұл айтылған жағдайлардың барлығы ертедегі гоминидтердің  дыбыс коммуникацияларының әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.  

Сөз жүйесінің алғашқы  бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық  функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты,  сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.

Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік  түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет  болды. Лексиканың құрамын анықтау  қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы  ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.

Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.

Информация о работе Тіршілік эволюциясы