Түрдің популяциялық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 19:37, реферат

Краткое описание

Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дэмэкология.docx

— 76.89 Кб (Скачать документ)

Реттеуші факторлар әсерін ағзалардың түраралық және түріші қарым-қатынастары  деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың түраралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары  жатады. Бәсекелестік популяция іші  гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және жұмсақ формада болуы  мүмкін. Қатты формасы особьтардың  өліміне алып келеді. Мысалы, орман  қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің  бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағаштардың саны 100-120 жылдан кейін, жапырақты ағаштар  саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.

Жануарлар әлемінде түріші күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс  береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына тән.

Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің  реттелуінің басты механизмі  стресс-реакция болып табылады. Егер популяцияға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц  көптеген түрлері бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері  және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Экология (оқулық) - Алматы, 2008
  2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2002.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Түрдің популяциялық құрылымы