Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июля 2013 в 01:59, лекция

Краткое описание

1.Тұрақты дамудың деңгейлері
2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәріс 9-15 экол.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)

- ресурстар проблемасы;

- азық-түлік немесе ашаршылық  проблемасы;

- энергетикалық проблема;

- демографиялық проблема;

- климаттың өзгеруі;

- экологиялық проблемалар;

- «үшінші әлем» елдерінің артта  қалуын жою;

- қауіпті ауруларды жою;

- Әлемдік мұхит пен космосты  игеру;

- қылмыспен және терроризммен күрес;

- наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде  айқындалған экологиялық проблемалар кешені.

Ғаламдық экологиялық мәселелер  қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.

Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын  кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша  жіктеледі.

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты  болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті  жоғары.

Судың ластануы

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан  шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны  500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану көздері: космостық  шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз  суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.

Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері.

Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі  оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.

Арал теңізінен атмосфераға  жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн  тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге  тарайды.

Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 500 ге жуық химиялық зат пен 40 қа жуық олардың комбинациялары бойынша.

«Жылу эффектісі»

Атмосфераның маңызды компонентінің  бірі озон О3 болып табылады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды.

Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың  жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін»  болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады.

Негізгі «жылу эффектісін»  тудыратын газдардың біріне көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісін» тудыратын газдардың 50-65% құрайды.Басқа «жылу эффектісін» тудыратын газдарға метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар және басқа да газдар (10-25%). Олар атмосферадағы барлық газдардың 30% құрайды.

 «Озон тесігі»

Атмосферадағы озон проблемасының  адам іс-әрекетімен байланысты екі  аспектісі бар:

1. Озонның жоғарғы қабаттағы  бұзылуы («озон экраны»).

2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының  көбеюі.

Озон экранының шекарасындағы  озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған.

Озон концентрациясының азаюы  тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.

«Озон тесігінің» пайда болу себептері  осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған.

Озон қабатын бұзатын негізгі  антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады.

 «Қышқылдық жаңбырлар»

Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың  пайда болуына ықпал ететін негізгі  ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен  қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне  айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.

Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта  жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон  шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар  Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.

Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

Қала және ауылдардың ауа ортасын  жақсартуда архитектуралық және жоспарлық  іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау  құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.

Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын  биофильтр болып табылады.

Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі ғаламдық экологиялық  мәселелер қандай?

2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.

3.Озон қабатының жұқару себептері  қандай?

4.Фреондар қандай зиян әкеледі?

5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары  қандай?

6.«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.

7.Смогтар типтерін атаңыз және  олардың адам денсаулығына әкелетін  зиянын көрсетіңіз.

8.Қандай заттар канцерогендер  деп аталады?

9.Ауа ластануының алдын алу  шараларын атаңыз.

 

Дәріс 13

Тақырып:Тұрақты дамудың  әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Жоспары: 

1.Демография түсінігі.

2.Өткендегі, қазіргі  және болашақтағы демографиялық  жағдайлар.

3. Қала экологиясы.

Негізгі түсініктер: әлеуметтік экологиялық мәселе, демографиялық жағдай, урбанизация, демографиялық жарылыс, генофонд.

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық  демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

Қазіргі кездегі демографиялық  және экологиялық жағдайға тек бай  елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері  олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.

Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты  тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың  жойылуы және басқа экожүйелердің  бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б.арқылы көрінеді.

 Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы  демографиялық жағдайларды зерттеу  адам экологиясының маңызды міндеттерінің  бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының  тез санының өсуі экожүйелерге қосымша  экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық  туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен  құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге  демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін  ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. Қ.Р.-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған.

Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның  экологиялық жағдайымен қатар ауыру  деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан  таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсуларға бір немесе бірнеше көміртегі атомдары бар  хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Әсіресе  хлорлы көмірсулар қауіпті. Мысалы поливинилхлорид, полихлорды бифенилдер, дихлордифенилдихлорэтан, тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен. Ол заттар бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Диоксиндер қазіргі кезде белгілі күшті улы заттар

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды.

Метанол мен метил спиртінің 30-100 мл мөлшері адам өліміне әкеледі.

Формальдегид химия өндірісінің  маңызды өнімдерінің бірі. Ол аллергиялық  реакциялар тудырады. Ол пластиктің, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.болады.

Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.

Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері  тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.

Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін  зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.

Демографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі.

3. Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың  тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің  еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

Информация о работе Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық